Жәбірленуші деп тану туралы қаулы


Күдікті деп тану туралы Қаулы



бет3/5
Дата13.06.2023
өлшемі32,22 Kb.
#101055
1   2   3   4   5
Күдікті деп тану туралы Қаулы
Ақтау қ. 2022ж. 26қыркүйек.

Ақтау қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Орынбасар Б..,аз А.Оразалы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне 2022ж. 26қыркүйек №224710032000710 тіркелген арызын қарап,




АНЫҚТАДЫМ:
2022ж. 13 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында ТОО «Ақжол» компания директоры өзінің бухгалтер қызметіндегі азамат Н.Д.Маратов пен оның орынбасары Ж.М.Темірханованың үстінен шағым түсірді. Ол өз шағымында ТОО «Ақжол» компаниясы бухгалтері және орынбасары өздеріне сеніп тапсырылған, тендрден түскен 5000000 млн тг-нің 1000000 млн тг-сін жымқырды деп айыптады
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және ҚР КПК-нің 64-бабының 1-бөлігін 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. Азамат Маратов Нұрлан Дәуренұлыносы іс бойынша күдікті болып танылсын;
2. Осы қаулының көшірмесі Ақтау қаласының прокуроры аға көмекшісіне жіберілсін;
3.Қабылданған шешім мүдделі тұлғаларға жіберілсін.

Тергеуші полиция


аға лейтенаты ЫқыласНұрсұлтан
..

Осы қаулы маған 2022ж. 26қыркүйек 18с 15мин жарияланды және сонымен бірге ҚР КПК-нің 64-бабының 9-бөлімінде бекітілген жәбірленушінің құқықтары түсіндірілді.


Күдікті құқылы:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
13-1) өзіне қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
16-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

Күдікті Маратов Н.Д.


Қаулыны жариялап, құқықтарын түсіндірдім.


Тергеуші полиция
Аға лейтенанты Ықылас Нұрсұлтан

Қаулының көшірмесін 2022 ж. 7 қазанда алдым.


Күдікті Маратов Н.Д





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет