Зәрдің өзгерісі, гипертония, ісіну және нефротикалық синдром болса, гломерулонефриттің диагностикасы қиын емес, бірақ оның түрін (жедел, жеделдеу немесе созылмалы) айыру үшін биопсия жасалады.
Емі.
Емнің негізгі мақсаттары:
гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;
бүйрек зақымдауын қайтаруға тырысу.
Емдік дәм. Диетаның құрамын нефриттің клиникалық ерекшелігіне сәйкес келтіреді. Витаминдерге бай, калориялық құнарлығы жеткілікті тағамдарды қолданады.
Патогенездік ем.
глюкокортикоидтармен емдеу;
цитостатиктермен емдеу;
шумақішілік микроциркуляцияны жақсарту;
стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер;
плазмаферез
Жылдам үдейтін (жеделше) ГН
Шумақтардың “жарты ай” пішінді болуымен және бүйрек шамасыздығының жедел үдеуімен сипатталады.