Жедел гломерулонефрит



бет8/13
Дата16.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#101789
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Инфекция ошақтары болған кезде антибактериалды ем (пенициллин мен оның туындылары) қолданылады. Нефротикалық синдром кезінде стероидты гормондар қолданылады. Гипертониялық синдром кезінде гипотензиялық дәрілер, ал жедел гломерулонефрит кезінде метиндол (индометацин) тағайындалады. Десенсибилизациялық терапия, С витамині қолданылады.

  • Инфекция ошақтары болған кезде антибактериалды ем (пенициллин мен оның туындылары) қолданылады. Нефротикалық синдром кезінде стероидты гормондар қолданылады. Гипертониялық синдром кезінде гипотензиялық дәрілер, ал жедел гломерулонефрит кезінде метиндол (индометацин) тағайындалады. Десенсибилизациялық терапия, С витамині қолданылады.

Алдын алу.

  • Созылмалы қабыну ошақтарын жою, уланумен, суықтаумен күресу, организмді шынықтыру керек.

Созылмалы гломерулонефрит

  • шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік тіннің иммундық қабынуымен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
  • Бұл гломерунефриттің ең жиі кездесетін түрі, 10-20% жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді.

Этиологиясы.

  • Созылмалы гломерулонефриттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл бөлінген: біріншіден – организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің вирустарына; екіншіден – дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне.

Патогенезі.

  • Созылмалы гломерулонефриттің басты даму механизмі – бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы.

Клиникалық тұрғыдан

  • созылмалы гломерулонефриттің латентті,
  • нефротикалық,
  • гипертониялық,
  • аралас,
  • гематуриялық түрлерін айырады.

Клиникалық тұрғыдан

  • Латентті гломерулонефрит – нефртитің бұл түрінің екі сатысын айырады (бүркемелі және клиникалық белгілерінің көрінуі).
  • Көбіне (80%) жедел нефриттік синдромнан басталады, қалған жағдайда бастамасы байқаусыз. Бүркемелі сатысында зәр синдромы (протеинурия + микрогематурия) байқалады, гипертония мен ісіну болмайды.
  • Клиникалық белгілердің айқын көріну сатысында ісіну, гипертония синдромдары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет