ST сегментінің жоғарылауынсыз ЖКС жіктелуі: 1.Тыныштық стенокардиясы – тыныштықта пайда болатын коронарлық ауырсыну
>20 минут;
2. Алғаш рет пайда болған стенокардия – дене жүктемесімен соңғы ай ішінде алғаш рет
пайда болған, қарқындылығы бойынша 3 классқа жауап беретін коронарлық ауру.
(3 класс – қалыпты физикалық белсенділіктің едәуір шектелуі. Стенокардия қалыпты
жерде 100-200 м жүргенде немесе баспалдақпен қалыпты қарқынмен және қалыпты
жағдайда бір қабатқа көтерілгенде пайда болады.)
3.Үдемелі стенокардия – бұған дейін науқас сезінген коронарлық ауырсыну жиірек және
аз дене жүктемесімен пайда болады, ұзаққа созылады. Прогрессия соңғы 30 күнде болады.
4. Вазоспастикалық стенокардия (Принцметал) ауырсыну таңға жуық, тыныштық
жағдайында пайда болады.
Жедел коронарлы синдромнын формалары:
типтік формасы;
атиптік формасы;
Типтік формасынын клиникалық белгілері: Ауырсыну. Көбіне ауырсынудың сипаты аса катан салмак баткандай, кеудені жырткандай немесе ашытып куйдірілгендей болы сезіледі. Ауырсыну сол қолға, иыкка, сол жауырынга, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды.Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатка. Ұстама кезінде наукасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.
Атиптік формасы, клиникалык белгілері:
Абдоминальды;
Атиптік;
Астматикалық;
Аритмиялық;
Цереброваскулярлы;
Симптомсыз;
Диспепсиялық;
Коллапстық;
Абдоминальдік түрі- бұл түрінде ауырсыну эпигастрий, кіндік, мықын және кабырғаасты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуды іш қуысы ағзаларының патологиясымен байланыстырады. Клиникалық көрінісі асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруына, панкреатитке, жіті холециститке, аппендицитке ұқсайды.Диагноз қате қойылғанда науқас хирургиялық емге алынуы ыктимал. Сырқаттын белгілерін сұрыптаганда ауырсынудңн іш қуысында басым орналасқанымен, оның көкет күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысында таралуын ескерген жөн.
Астмалық түрі - ауырсынусыз,бірден жүрек астмасынан басталады. Миокард инфарктінің мұндай бастамасы жүректе бірнеше постинфаркттык тыртықты немесе диффузды кардиосклерозы бар қарт адамдарға жене папиллярлык бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп ортопноэ күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсак көпіршікті, кейін орта жоне ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, алыстан естілетін сырылды тыныс пайда болалы.Өкпе артериясында 1 тонның акценті естіледі. Шулы сырылды тынысты кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктісінің астмалық тұрі өте ауыр болғандыктан, көбіне өлімге алып келеді.
Церебральдық түрі. Миокард инфаркті неврологиялык белгілерден басталады. Онын белгілері ми қанайналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды. Миокард инфарктінің бұл түрі ауыр церебральдік атеросклерозы бар науқастарда байқалады.
Аритмиялық түрі - пароксизмдік ырғақ бұзылысынан (жыбыр аритмиясынан, атриовентрикулалык блокададан) басталады. Мундай жагдай еткізгіштік жуйесініннекрозга немесе ишемияга ушырауынан болады.
Симптомсыз түрі. Миокард инфаркті жасырын дамиды. Көрінісінде себепсіз әлсіздік, бастын аздап ауыруы мен айналуы, шамалы ентікпе, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфебрильдік қызба байқалуы мүмкін. Наукас өз жағдайын жағымсыз ауа райымен, салқындаумен байланыстырып, бул белгілерге мән берместен жүре береді. Симптомсыз миокард инфаркті кездейсоқ тексерілгенде немесе ЭКГ-да қалған тыртықтану өзгерістерімен анықталады. Миокард инфарктісінің симптомсыз түрі кенет өлім себебінің бірі больш табылады.
Диспепснялық түрі.Абдоминальдік турінен айрықша, инфарктінің бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі - тағамдык интоксикацияға ұксас,диспепсиялык бұзылыстар жүрек айнуы, құсу. Бұл нұска мезентериялық артериялардың атеросклерозы және асқорыту жолдарының қосымша аурулары бар қарт науқастарда кездеседі.
Коллапстық түрі. Мнокард инфаркті жіті тамыр шамасыздығынан басталады, артериялык және көктамырлық кысымдар күрт төмендейді, наукастың әлі құрып тер басады, терісі бозарады, есі кіресілі - шығасылы болады, ағыл - тегіл терлейді, көктамырлары айқын болмайды. Әрі қарай диурез азаяды және микроциркуляцияық бұзылыстар аса көлемді некроздың дамуында кездеседі.