|
“Жедел коронарлы синдром ”
|
бет | 1/5 | Дата | 29.04.2023 | өлшемі | 0,58 Mb. | | #88332 |
| Байланысты: ОКС “Жедел коронарлы синдром ” - Жедел коронарлы синдром- жүректің ишемиялық ауруының клиникалық көрінісінің критикалық фазасы. Жедел коронарлы синдром – жедел миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік туғызатын кез-келген клиникалық, электрокардиографиялық, лабораторлық белгілермен көрінетін жедел миокард ишемиясы.
ЖКС диагностикалық критерилері: - Аурудың біртіндеп басталуы;
- Ауырсыну төс артында, қысып, басып ауырсыну
- Ауырсыну сол жақ қолға және сол жақ жауырынға беріледі;
- Ауырсыну нитроглицеринмен басылмайды;
- Ауырсыну интенсивтілігі уақыт өте арта түседі;
- Науқас қозған, мазасыз, өлім сезімі.
- ЭКГ: Синусты тахикардия. ЖСЖ 90 рет минутына. ST сегментінін изолиниядан төмен түсуі І, АVL, V5-V6. Осы тіркемелерде Т тісшесінің жоғалуы көрінеді.
Қауіпті факторлары: - Егде және қарт жастағы адамдар;
- Артериальді гипертензия;
- Қантты диабет;
- Липидті алмасудың бұзылысы;
- Зиянды әдеттері;
- Абдоминальді семіздік;
- Отбасы анамнезінде ерте жүрек – тамыр аурулары бар болса.
Этиология - Коронарлы артериялардың атеросклероздық зақымдалуы;
- Атеросклероздық табақшаларда қан ұюы,интиманың сыдырылуы;
- Коронарлы тамырлардың ұзақ уақытты спазмы;
- Организмнің оттегіге деген сұраныстың тез жоғарлауы.
Патогенез - Коронарлы тамырлардың окклюзиясы
- Миокардты оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етуі
- Жүрек бұлшықетінің некрозы
Жедел коронарлы синдромның жіктелуі
Жедел коронарлы синдром
ST сегментінің көтерілуімен
Тұрақсыз стенокардия
ST сегментінің көтерілуінсіз
тұрақсыз стенокардия
- Толық емес тромбпен бітелген
ЭКГ- ST көтерілмеген
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|