Өзінің жеке қауіпсіздігі үшін маңайындағы қоршаған жағдайды бағалады. Жүрек-өкпелік реанимациясын жасауға көрсеткіштерді бағалады: 1) есінің болмауы («Мені естіп тұрсыз ба, көзіңізді ашыңыз?»);
2
|
Ұйқы артериясында пульсация анықтау
|
2) ұйқы артериясындағы пульсі (ұйқы артериясын сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың ұшымен қалқанша шеміршегі бұрышынан кеуде-бұғана-емізікше бұлшықеттерінің ішкі қырына қарай пальпациялау);
|
3
|
Тынысын анықтау
|
3)тынысын анықтау (көремін,естимін,сеземін қағидасы бойынша ).
|
4
|
Көмекке шақырды
|
Көмекке шақырды. Жедел реанимациялық жәрдем бригадасын шақырды.
|
5
|
Науқасты жүрекке тікелей емес массаж жасауға дайындады.
|
Науқасты жүрекке тікелей емес массаж жасауға дайындады. Науқасты қатты жазықтыққа жатқызды. Кеудесін киімдерінен босатты. Аяғын 30 градусқа көтерді.
|
6
|
Жүрекке тікелей емес массаж жасады
|
Жүрекке тікелей емес массаж жасауды бастады. Бір қолдың алақан негізін (тенара және гипотенара) төстің семсер тәрізді өсіндісінен 2 саусақ жоғары қойды, екінші қолын оның үстіне крест тәрізді немесе замок тәрізді қойды, қолдарын шынтақ буынында тік жазды, дене салмағын пайдаланып, омыртқаға тура перпендикулярлы бағытта күш түсірді, кеуде клеткасына оның эластикалығын анықтау мақсатында түсірілген бірінші күшті тегіс жасады. Кеуде торына куштің түсуі 5 см кем емес тереңдікте, минутына 100 ден кем емес жиілікте, дауыстап 30 рет санап жасады. Алақанын науқастың кеудесінен алмады.
|
7
|
Ауыз қуысын қарап, тазартты.
|
Ауыз қуысын қарады, қажет жағдайда (шырыш, қан, құсық массасын) салфеткамен тазартты.
|
8
|
Үштік Сафара қабылдауын жүргізді. Өкпеге жасанды желдендіру жүргізді. Ауыздан ауызға (мұрынға) әдісі н/е Амбу қапшығымен
|
Салфеткамен науқастың ауыз/мұрынын жапты. Сафардың үштік әдісін қолданды: 1)науқастың басын артқа шалқайтып, мұрынын саусақпен қысты, 2) науқастың аузын ашты, 3) төменгі жақты алға және жоғары көтерді. Терең дем алып, зардап шегушінің аузын өз аузымен толық жауып, дем берді (1 сек) сонымен бірге кеуде торының экскурсиясын (көтерілгенін) көзбен бақылап тұрды, аздап кідіріп, әлсіз дем шыққан соң, 2 ші рет қайталады. н/е Амбу қапшығымен. Жасанды дем берудің дұрыстығын кеуде торының кезеңдік кеңеюімен және әлсіз дем шығарумен бағалады.
|
9
|
Жүрек-өкпе реанимациясын бір кезең жүргізді
|
ӨЖЖ мен жүрекке тікелей емес массажды бір мезгілде жасау кезінде 30/2 қатынасты ұстады. Бір кезеңнен кейін (бес цикл) жүрек-өкпе реанимация әсерлігін бағалады (стоп анализ). Қанайналым қалпына келуін анықтады (ұйқы артериясындағы пульсация). ЖӨР әсерлі болған жағдайда оң жақ қырымен жатқызды (қалпына келтіру позициясы). Әсері жоқ ЖӨР жалғастырды.
|
10
|
Науқастың маршрутын анықтады
|
Науқастың маршрутын анықтаа реанимациялық бөлімшеге тасымалдады.
|