1. Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.
2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.
3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.
МИ орналасуы бойынша:
Алдыңғысептальды (алдыңғыаралық);
Алдыңғы ұшы;
Алдыңғыбүйірлік;
Алдыңғы базальды (жоғары алды);
Алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық жəне бүйірлік);
Артқы дифрагмальды (төменгі);
Артқыбүйірлік;
Артқыбазальды;
Артқы жайылмалы;
Оң қарыншалық МИ.
Аурудың сатысының ағымына қарай:
МИ дамығаннан 2 сағ дейін;
Қасқағым кезең
МИ дамығаннан 10 күнге дейін;
Жіті кезең
10 күннен бастап 4-8 аптаның соңына дейін
Жітілеу кезең
4-8 аптадан кейін.
Инфаркттан кейінгі кезең
Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады:
Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі);
Кардиогенді шок;
Қарыншалық жəне қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы;
Өткізгіштіктің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы);
Жедел СҚ аневризмасы;
Миокардтың ішкі жəне сыртқы жыртылуы, жүрек тампонадасы;
Асептикалық перикардит (эпистенокардиялық);
Тромбоэмболиялар.
Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің сипаттамасы стенокардияға ұқсас болып келіп, тек ол ауыру сезімнің қарқындылығы күштірек «қанжар сұққан тəріздес», жұлынып, жыртылғандай, күйдіргендей болады.
Ауыру сезім толқынды түрде дамиды, бірыңғай төмендейді бірақ толығымен жойылмайды.
Ангинозды ауыру сезімнің орналасуы – көбіне кеуде артында, сол жақ кеуде қуысының тереңдеген бөлігінде немесе құрсақ үстінде.
Ангинозды ауыру сезімінің иррадиациясы сол жақ жауырынға, иыққа, қол қырына, саусаққа беріледі.