Жәдидшілдік – ХІХ-ХХ ғғ. межесіндегі исламды модернизациялау жолындағы



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата25.04.2022
өлшемі294,84 Kb.
#32126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Картабаева Е.Т. 1

Қорытынды.  Сонымен,  мақалада  қарастырылған  мәселелерге  қорытынды 

жасайтын  болсақ,  ХІХ-ХХ  ғасырлар  межесінде  Ресей  империясының  мұсылман 

халықтары  арасында,  соның  ішінде  Қазақстанда  орын  алған  жәдидшілдік  қозғалыс, 

сипаты бойынша исламды модернизациялау  бағытындағы қозғалыс болды деп бағалауға 

болады. Қозғалыс көсемдері өздерінің ең басты мақсаты  - ислам дінін артта қалуға алып 

келген  кері  құбылыстардан  тазарту,  атап  айтқанда,  кертартпалықтан,  тоғышарлықтан, 

надандықтан, фанатизмнен, дүмше-молдалықтан арылту және сол арқылы бүкіл қоғамды 

артта қалушылықтан құтқару, өркениет жолына қайта салу деп түсінгеніне көз жеткіземіз. 

Өйткені,  ислам  діні,  қарастырылып  отырған  кезеңде  Ресей  империясының  қоластында 

отырған  түркі  халықтарының,  соның  ішінде  қазақ  халқының  да  идеологиялық  негізі, 

ұлттық санасының, рухани мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің негізінде жатқан өзегі болған 

болатын.  Мұны  біз  сол  кездегі  ұлт  көшбасшыларының,  соның  ішінде  жәдидшілдік 

қозғалыс  көсемдерінің  көзқарастарынан,  қызметінен  айқын  түрде  көреміз.  Жәдидшілдік 

қозғалысының  көшбасшылары  бұл  қозғалыспен  тек  дәстүрлі  мұсылман  мектебін 

модернизациялауды  ғана  байланыстырған  жоқ,  сонымен  бірге  өз  халқының  жалпы 

адамзаттық  өркениет  жетістіктеріне  тартылуын  да  байланыстырды.  Осы  тұста  тарихтың 

балама  дамуы  теориясын  қолданатын  болсақ,  большевизм  келіп  килікпегенде, 

жәдидшілдік  идеяларының  іске  асуы  ешқандай  тап  күресінсіз-ақ,  өркениетті  жолмен 

қоғамды дағдарыстан алып шығуы мүмкін еді деген қорытынды жасауға болады. 

    


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет