Жәңгір ханның шығу тегі


Орда кентіндегі алғашқы орыс-қазақ мектебі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі1,31 Mb.
#143703
1   2   3   4   5   6
Орда кентіндегі алғашқы орыс-қазақ мектебі



Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекетінің арқасында 
Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында 
тұңғыш рет ұлттық білім мен тәрбиенің негізі 
қалыптасып, одан әрі өркендеген. Ресейдің 
қазақстандағы ағарту ісіне мән беруіне елін дамыту 
үшін оқу тәрбие керек екенін түсінген Жәңгір 
хан мен балаларының болашағы үшін оқу мен
• білімнің қажет екендігін сезген қазақ ата-
аналары түрткі болды. Сондықтан Ресейдің оқу 
орындарында оқуға деген тілектерін жүзеге 
асыру үшін Жәңгір хан басшылығымен жасалған
• Бөкей Ордасы қазақтарының өтініштерін Ресей
• империясы еріксізден қанағаттандыруына тура келді.
• Қазақ балаларына орысша және орыстық рухта тәрбие 
беру, христиандық дінге шоқындыру Ресейдің басты 
саясаты болған. Мұндай мәліметтерді мұрағаттық
• материалдар дәлелдейді.


• 1839 жылы Жәңгір хан жоғарғы оқу орындарына қазақ 
балаларын қабылдау жөнінде Жоғарғы мәртебелі рұқсат 
сұрады. Сәйкес әзірліктен кейін қазақ балаларына 
гимназияға байланыс жолдары корпусына, Неплюев кадет 
корпусына, азаматтық инженерлер училищесіне және 
Қазан университетіне түсіп оқуға рұқсат етілді. 

1841 жылы 6 желтоқсанда Хан ордасында Жәңгір өз 
қаражатына қазақ балалары үшін орыс тілінде оқытатын 
Жәңгір училищесін ашты. Онда ислам діні оқуынан басқа 
негізгі пәндер ретінде орыс тілі, арифметика, география 
және Ресей тарихының қысқаша курсы, кейіннен, орыс 
балаларын осы мектепте қабылдаумен байланысты құдай 
заңы жүргізілді. 

Содан кейін арнайы курс ретінде шешекке қарсы егу 
ережелері, кітап түптеу, үш жыл іс-сапарға келген орыс 
офицерінің басшылығымен 6 бала оқыған жер өлшеу 
бөлімі ашылды. 


Жәңгір хан осы училище үшін әдейі үй салдырып, оған оқытушыларды 
өзі таңдап алып, тағайындады және өле-өлгенше училище мен 
оқытушыларға кететін шығындарды өзі төлеп отырды. Ханның таңдауы 
бойынша училищенің меңгерушісі және оқытушысы болып, осы Ордада 
мал дәрігері болып жұмыс істейтін Константин Петрович Ольдекоп 
тағайындалды. Оған орыс тілін, арифметика және географияны оқыту 
және – оқушылардың тәртібін, тәрбиесін қадағалау жүктелді.
1830 жыл Жәңгір салдырған училище


Бүгінгі күнге дейін Жәңгір училищесі – Орда орта 
мектебінен танымал атақты түлектер қанаттанып, өмірге 
жолдама алды. Олардың ішінен оқымыстылар, батырлар, 
композиторлар, еңбек ерлері, генералдар мен мемлекет 
қайраткерлері, спортшылар мен оқытушы, дәрігерлер
әртүрлі мамандықтың иелері шықты. Олар танымал 
ғалымдар: М.Қ.Бабажанов, М.Ш.Бекмұхамбетов,
Қ.Н.Бөкейханов, Ғ.З.Быяшев және т.б. 


Негізгі еліктеп әуестенген кәсібі – ғылым,ал қамшының сабындай 
қысқа өмірінің мәні мен мағанасы – білім болған хан Жәңгір 
ағартушылық саласында қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан 
Уәлихановтан 34 жылға, бірінші қазақ ұстазы Ыбырай 
Алтынсариннан 40 жылға және ұлы қазақ ойшылы Абай 
Құнанбаевтан 44 жылға озық тұрғаны тарихи ақиқат
.


Жәңгір хан тағына отырғанына екі жыл толмай яғни 1826 жылдан 
бастап Нарын құмының шетінен хандықтың орталығын – Хан Ордасы 
қаласын салдыра бастады. Оның жанында Хан дәрігерінің үйі, әртүрлі 
қызмет жайлары, үлкен бағы, оның ортасында ханның өз сызбасы 
негізінде 1835 жылы мешіт салынған. 1838 жылдан бастап Саратовтан 
130 шақырымдай жерде Тарғын өзені бойында Хан жазғы Ордасын 
салдырған.



Хан Ордасында басқа да үйлер салғыза отырып, би, 
сұлтандардың, байлардың, саудагерлердің де үй салуына 
ұсыныс жасап, көмек көрсетіп отырған. 1846 жылғы 
дерекке қарағанда Ордада 89 үй салынған.

Хан Ордасында болған сол кездегі орыс, шетелдік 
ғалымдар мен Бөкей Ордасын зерттеушілер хан 
сарайындағы дүниелерді айта келіп таңданбайтындары 
жоқ. Хан сарайында ханның кеңсесі, қонақ қабылдайтын 
бөлме, үлкен асхана, кішкене музей- қару – жарақ 
палатасы болған. Хан үйі бөлмелеріндегі жиһаздардың 
үлкен талғампаздықпен жиналғанын айта келіп, 
Сабанщиков пен Евреиновтар европа мен азиаттық 
талғамның үндестігін табады.


Хан Жәңгірдің кітапханасы өте бай болған, сол кезде хан баспадан 
«Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник»,
« журнал Министерства народного просвещения», «Посредник»,
«Русский инвалид», «Сенатские ведомости» атты мерзімді 
басылымдарды алдырып тұрған. Сонымен бірге 1843 жылы 
Шинкельдің «Архитектура столетия», Максимовичтің «Атлас и 
собрание карт земного шара», Проскураков пен Семеновтың 
«Подробный учебный атлас Российской империй», Михайловский –
Данилевскийдің «Описание отечеств войны» кітабының екінші 
басылымы, Баршевтің «Основания уголовного права», Гогольдің 
«Мертвые души» сияқты жеке шығармаларын жаздырып алдырған.


Ол кездегі халық арасындағы көп тараған аурудың бірі – шешек 
болса, оны жою жолында Жәңгір қызмет атқарған. 1825 жылы хан 
Орынборға Сырлыбай Жәнібековты шешекке қарсы алдын-алу егуді 
үйренуге жібереді. Ол оқуын бітіріп келгеннен кейін 1826 жылдан 
бастап Бөкей хандығында шешек ауруына қарсы алдын алу шаралары 
істелінді. Ал, 1825 жылғы сәуір айында Орынбор генерал-
губернаторына жолдаған қатынас қағазда халықтың көшпелі 
тұрмысын айта келіп, ауруларға көмектесетін дәрігерлер мал басын 
аман сақтау және мал тұқымын асылдандыру үшін білікті мамандар 
бөлуін сұрайды. Осы бағытта 1838 жылы Хан Ордасында 
медициналық дәріхана ашылды. 1832 жылы Хан жәрмеңкесі ашылып, 
жазғытұрым және күзде 15 күннен онда әртүрлі сауда-саттық 
жүргізілген. Деректерге қарағанда, жәрмеңкеге ішкі Ресейден 
көптеген саудагерлер келіп, ал, ақша айналымы миллион сомға дейін 
барған.


Жәңгір 1845 жылы 11 тамызда қайраты толып, жер-
көкті ойша шолған дер шағында қапияда қаза болды. 
Жантәсілім етер алдында алладан медет тілеп отырған 
төресі мен қарасын жиып сөз қалдырыпты дейді:

-Басыма қонған құдайы күлшедей бақты көре алмай, 
қатанды тұрып ортасынан жарылып үріккен қойдай боп 
ең. Сен билеген әкімнің артында жақсы аты қалмас, - деп 
қарашасына қарап.
• - Көзің ашылсын, көкірегі оянсын деп мектеп ашып ем, 
ілімнен гөрі арыз-шағымға қаламың жүрдек болмаса 
неғылсын, депті арқаға жүзі бұрып.
• - Тақырға гүл өсір деп су құйып ем, оным үстімді былғар 
шалшыққа айналды, - депті шығысқа назар тіктеп.


• -Әй, қос тентек, бірің ағам, бірің інім, бірің батыр, бірің ер 
кімге қарсы қол жинағаныңды білмей өттің-ау. Ақыры 
балықтағы өкпеге аспандағы мені саттың. Кінә қай-
қайсымызда да жетерлік. Кеш, - депті әлдебір өкініш һәм 
нала бауырын тырнап. – «Қара албасты басқырсың» деу 
маған емес, үйдегі қатындарыңа айтар қарғыстарың еді 
ғой...
• - Қазаққа бітке маңдайы жарқыраған жақсының бәрі 
көгенделіп ілкі нәубет, алғашқы соққыға ілінбесе 
қайтесің?! Не бастың, не аяқтың есебі жоқ можан-топай 
түбі сен озасың, сен... – депті бетін құбылаға бұрып.
• - Бұл қазақтан еститінің жақсы болсаң да бір атаңа нәлет, 
жаман болсаң да нәлет, - депті дейді алыстан талғып 
жеткен бір дауыс, - Қайыр хош!..


Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан 
өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды. 
Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, 
атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын 
күрделі тұлға. 
Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, 
жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен 
тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір 
ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау 
тудырмаса керек.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Жәңгір секілді 
қайраткер Ішкі ордада табан тіреп отарлаушыларға қарсы 
әрекет істемесе, ол жерлерге орнықпаса онда қазіргі Батыс 
Қазақстан, Атырау облыстары Астрахань, Сарытау, 
Құлынды даласы секілді Ресей жерінің бір пұшпағы 
болып кетуі күмәнсіз еді. Ең дұрысы Жәңгірдің саяси 
бейнесін өз замандастары мен сол кездегі оның қол 
астында болған халқы бейнелеп берген. Тек бір ғана 
қазіргі немесе кешегі идеологияға байланысты халық 
шындығы мен хан шындығын бұрмалап келеміз. Жәңгір-
халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер. Халқымен 
тағдырлас, халқымен мұңдас. Тарихи деректердегі 
ақиқаттар осыны көрсетеді.


Жәңгір ханның мазары


Орал қаласындағы Жәңгір хан ескерткіші




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет