4 - тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
54. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау талаптарына гуманизация идеясын жатады.
55. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың орыс тілі пәні бойынша оқу материалын меңгеру нәтижесін бағалау нормалары деңгейлік мақсаттарға, тексеруді ұйымдастыруды бірыңғай тәсілдерді және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негізделген.
56. Деңгейлік мақсат, сынып оқушыларының оқу процесінде нақты бағдарламада көрсетілген, күтілетін нәтижелер негізінде мұғалім жасаған орыс тілін оқытуды жобалау барысы критериалды бағалау сипаттамасы мен білім алушылардың оқу жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
57. Бағалау құралы деңгейлік оқу мақсаттарымен анықталған дағдылар қалыптастыратын тапсырмалар мен жаттығулар.
58. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалау бойынша жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасын меңгеруін бағалауды мұғалім сабақта оқыту процесі барысында жүзеге асырады . Арнайы педагогика принциптеріне тиісті – « бірығай диагностикалау және түзете-дамыту жұмыстары», соның негізінде ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың барлық педагогикалық процесі құрылады, педагогтер бақылау бағалау іс-әрекеттерін жүйелі жүргізіп отырады.
59. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды бағалау нәтижесі ағымдағы (күнтізбелік), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде іске асырылады.
60. Ағымдағы бақылау білім алушылардың сабақтағы іс-әрекетіне бақылау, практикалық және өзіндік жұмысқа талдау жасау, ұжымдық жұмыс түрлері көмегімен жүргізіледі. Оның нәтижесі күнтізбелік кестеде белгіленеді. Күнтізбелік бақылауды педагог оқу әдістері мен мазмұнын түзету үшін оқу процесін сапалы қамтамасыз ету үшін қолданады. Бұндай бақылау білім алушылар қарым-қатынасындағы ынталандырушы және тәрбиелік мәні бар сипатта болады.
61. Кезеңдік бақылау бақдарламалық тақырыптарды, бөлімдері оқыған соң өткізіледі. Оның нәтижесі білім алушылардың курс тақырыптары бойынша жесітік картасында белгіленеді. Педагог оқу нәтижесі оқу материалының нақты тақырып аясында және білім алушылардың әртүрлі типологиялық топтардан болатынын түсінеді және оған дайын болады. 1-типологиялық топтың
(В.В. Воронкова бойынша) білім алушылары оқу материалын меңгеруін білімді қолдану деңгейінде көрсетеді. 2-типологиялық топ – негізгі тақырып мазмұнын түсіну деңгейінде көрсетеді. 3-типологиялық топтың білім алушылары материалды тану деңгейінде көрсетеді, және өз білімін өзекті ету барысында мұғалімнің көмегіне жүгінеді. 4-типологиялық топтың білім алушыларын жеке бағдарлама аясында жетістіктерін бағалау жүзеге асырылады.
62. Қорытыныды бақылау тоқсанның, жылдың соңында өткізіледі. Педагогтер міндетті түрде сыныптағы әрбір білім алушылардың жыл бойғы бақыланған жетістігі мен даму динамикасына талдау жасайды, жетістік картасына белгілейді.
63. Бағалау көмегімен педагог алған ақпарат дағды мен біліктерді меңгеруде қиындыққа сәйкес дер уақытында әсер етуге мүмкіндік береді. Педагог білім алушыларға дербес көмек берудің тәсілдері мен мазмұнын негіздеп анықтауға мүмкіндік алады.
64. Сипатталған баға білімді меңгеруі мен даму деңгейін және білім алушылармен жұмыс жасаудың келесі қадамдарын анықтайды. Сипатталған баға ғана білім алушыларға тиісті өзіндік баға беру мүмкіндігін қалыптастырады. Білім алушыларды бірі бірімен салыстыруға болмайды. Білім алушылардың жетістіктерін алдыңғы жетістіктерімен ғана салыстыруға болады. . Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың білім сапасы мен үлгерімін шығару қисынсыз болып табылады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды екінші жылға қалдырмайды.
65. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға критериалды сипатталған баға қолдану педагогтің бағалау іс-әрекетіндегі шынайылығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |