Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі80,2 Kb.
#16040
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
82 Орыс тили (Я2)



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі

№ 352 бұйрығына 82- қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 300-қосымша 



Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған

бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін

«Орыс тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы

үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес)

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдары болып табылады.

5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарланған коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

6. Қазіргі кезеңде білім алушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

8. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі


қарым-қатынас моделіне айналдырады.

9. Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандарды, кәсіпорындарды, ақпарат көздерін) пайдалануға бағытталған


оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде аталған пәннің қосатын үлесін айқындайды.

11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез-келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға бағытталған.

12. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына білім алушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет