Жеңіл атлетика – бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады



бет1/3
Дата10.02.2023
өлшемі49,5 Kb.
#66701
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-51146


Кіріспе
Жеңіл атлетика – бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады. Спорттық жүру, жүгіру, секіру, көпсайыс. Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы, ілімі, техникасы, тактикасы, үйрету әдістемесі және жаттығулары бар іргелі пән. Жеңіл атлетика олимпиадалық спорт түрі және спорттың төресі болып есептеледі. Бұл спорт түрімен біздің елімізде мыңдаған адамдар шұғылданады.


Жеңіл атлетика өзінің құрылымы жағынан дене тәрбиесінде бірінші орын алады. Бұл спрот түрінің сауықтыру жақтары мол, өйткені жеңіл атлетика таза ауада, табиғат аясында өткізіледі. Жеңіл атлетика жаттығулары адам ағзасының тыныс алу жолдарына, жүйкесіне, барлық бұлшықеттерге, қозғалыс апараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттығулары арқылы адамды жан – жақты үйлесімді дамытуға болады. Жеңіл атлетиканы дене тәрбиесінде қолданудың эстетикалық маңызы зор.


Мектеп оқушыларының анотомиялық, физиологиялық дамуы.
Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушылардың дамуы үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Төменгі мектеп жасында

  2. Орта мектеп жасында

  3. Үлкен мектеп жасында

Төменгі мектеп жасында балалардың өсуі интенсивті бір қалыпта болады. Бұл кезде сонымен қатар өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы – 1 см., салмағы – 1,2,3 кг. өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсуі бірдей болады, қаңқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін көрсетеді. Мысалы: 7 – 8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұлкезде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.
Орта мектеп жасында жасөспірімдерде морфофункционалдық, жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай бойдың, салмақтың тез өсуі байқалады.
Үлкен мектеп жасында бірдей даму кезеңі болып табылады. Бірақ қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет