Мектептегі жеңіл атлетика



Дата06.10.2023
өлшемі15,61 Kb.
#113013
Байланысты:
2 Дәріс Мектептегі жеңіл атлетика


Мектептегі жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика жаттығуларының жүру, жүгіру және секіру техникасының әдіс- тәсілдері


Жеңіл атлетика - спорт түрі бойынша спорттық жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын топтастырады. Жеңіл атлетика сабағы күшті, жылдамдықты, төзімділікті дамытады, кең көлемді тәжірибе алуға көмектеседі, жігерілік сапасын тәрбиелейді. Жеңіл атлетика сабағының үлкен сауықтыру әсері бар және жалпы дене дайындығын арыттыру үшін колданады.
Жеңіл атлетикалық әртүрлі жаттығулар жүрістің түрлерінде жүктемені алмастыру, жүгіру секіру, лақтыруға мүмкіндік береді. Бұлардың көпшілігі қарапайым техникамен орындалады және оқытылуы қарапайым болғандықтан, олар қарапайым алаңдарда орындалады.
Жеңіл атлетика түрлері барлық дене шынықтыру тәрбиесінің бағдарламаларында және Президенттик сынамалар өлшеміне енгізілген. Жеңіл атлетиканың даму тарихы бұрынғы көнеден келе жатыр.
І олимпиялық ойындар бағдарламасына жеңіл атлетиканын түрлері енгізілген еді. Жеңіл атлетика түрлерінің жаттығулары өз бетінше дене шынықтыру жаттығулары болып табылады. Ең кажетті жеңіл атлетикалык спорттық элементтер 19 ғасырдың екіншісі жартысында басталады.
Жеңіл атлетика өзінің структурасы бойынша циклдық, ациклдық және аралас болып бөлінеді және мынадай сапаны тәрбиелейді; жылдамдық, күш, жылдамдық- күші, жылдамдық төзімділік, арнайы төзімділік. Сондай-ақ жеңіл атлетиканың түрлерін классикалық және қарапайым деп бөледі.
Жеңіл атлетиканың түрлерін талдайық: Жеңіл атлетика келесі бөлімдерге бөлінеді; жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көп сайыс.
Жүру - циклдық түрі арнайы төзімділікті тәрбиелейді. Ерлер және әйелдер айналысады.
Әйелдер: Стадионда – 3, 5, 10км, Манежде - 3,5км
Тас жолдарда – 10, 20км. Ерлер: Стадионында – 3, 5, 10, 20км
Манежде – 3,5км
Тас жолдарда – 35, 50км Классикалық түрлері: ерлер үшін – 20, 50км
әйелдер үшін – 20км
Жүгіру – мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен жүгіру, барьермен
жүгіру, кедергімен жүгіру, эстафеталық жүгіру, кросс.
Тегіс жермен жүгіру – циклдық түрі, жылдамдық төзімділікті, арнайы
төзімділікті тәрбиелейді. Және мынадай түрлерге бөлінеді:
Спринт немесе қысқа аралыққа жүгіру. Стадионда немесе манежде айналысады.
Қашықтық аралықтары; 30, 60, 100, 200м. Әйелдер, ерлер үшін бірдей.
Ұзақ спринт – стадионда немесе манежде өтеді. Қашықтық аралығы; 300, 400,
600м. Әйелдер, ерлер үшін бірдей.
Төзімділікке жүгіру:
Орташа аралыққа жүгіру: 800, 1000, 1500м. Стадионда манежде өтеді. Ерлер, әйелдер үшін бірдей.
Ұзақ аралыққа жүгіру: 3000, 5000, 10000м. Ерлер, әйелдер үшін бірдей стадионда өтеді.
Тым ұзақ аралыққа жүгіру: 15; 21, 0975; 42, 195; 100км. Тас жолдарда өтеді (старт және мәре стадионда).
Ультра ұзақ аралыққа жүгіру: тәуліктік жүгіру, 1000миль (1609км) және 1300миль тыңбай жүгіру.

Барьерлі жүгіру: стуктурасы бойынша араласқа жатады. Жылдамдық- төзімділікті, ептілікті, икемділікті жетілдіреді. Әйелдер, ерлер үшін стадионда, манежде өтеді; 60м (Ә,Е)


100м (Ә) 110м (Е) 300м (Е) 400м (Е)
Кедергімен жүргізу: Структурасы бойынша араласқа жатады, арнайы төзімділікті, ептілікті, икемділікті жетілдіреді.
Қашықтық аралықтары; 2000м, әйелдер 2000м, 3000м (К) ерлер
Эстафеталық жүгіру: Структурасы бойынша аралас циклдық түрлерге өте жақын. Эстафеталық жүгіру командалыққа жатады.
Классикалық түрлері: 4 х 100 (Е.Ә) 4х400(Е.Ә)
Аралас түрлері болады қашықтық аралықтары әр түрлі болады.
Кросс стуктурасы бойынша араласқа жатады, арнайы төзімділікті, ептілікті
жетілдіреді. Орман, саябақтарда өтеді. Қашықтық аралықтары; 1,2,3,5,8,12км (Е)
1,2,3,4,6 км (Ә)
Лекция 2
Жүру мен жүгіру техникасының негіздері.
Жеңіл атлетика жаттығуларының техникасына түсініктеме. Техника – мазмұн мен түр диалектикалық байланысының бейнесі. Кинематика, динамика және ритмика қозғалыс құрылымы техникасының негізгі керекті бөлшектері ретінде техниканың негізгі бөлшектері, қосымша бөлшектері, жекелік ерекшеліктері.
Жүру және жүгіру техникасының негіздері.
1. Жүру және жүгіруге жалпы мінездеме. 2. Жүру және жүгіру фазалары.
3. Жүру және жүгіру кезеңдері. 4.Жүрудің жүгіруден айырмашылығы.
Жүру мен жүргізу адам затының табиғи қозғалу тәсілі, олардың стукрурасында ұқсастық көп. Спортшы өзінің жүргені мен жүгіргенінде қимыл- козғалысын қайталайды, яғни оның қимылы жеке циклдардан құралады. Сондықтан спортшының техникасын талдау үшін старттан мәреге дейінгі қимыл қозғалысын қараудың қажеті жоқ, тек бір циклын талдаса жетеді.
Циклға дененің екі бірдей калыпты жағдайының қозғалас фазасы кіреді. Жүгіруде және жүруде циклға қос қадам жатады. Себебі дененің әр бөлігі барлық қозғалыс фазасынан өтеді.
Жүрудің ерекшелігі - әрқашан жермен бір (жалғыз тірек кезеңі) немесе екі (қос тірек кезеңі) аяқпен байланысты болды.
Жүгіруде цикл стуктурасы аздап басқаша, екі аяқпен тірелу кезеңінің орнын ұшу фазасы ауыстырады.
Адамның кеңістікте орын ауыстыруы бұлшық еттің жиырылуынан. Сонымен қатар қандай болсын бұлшық еттің ішкі күші кеңістіктегі дененің тартылуының жалпы

ортасының (Д.Т.Ж.О) қалпын өзгерте алмайды. Өзгеруі мүмкін тек сырткы күштің қатысуымен екі дене кеңістікте бір-бірін итергенде немесе тартылғанда.


Жүру және жүгірудің тірелу кезінде аяқтардың қимылы екі фазаға бөлінеді- алдыңғы және артқы итерілу, арасында шектеледі тік тірелу сәтімен. Алдынғы итерілу фазасы аяқты Д.Т.Ж.О проекциясының алдынан жерге қою сәтінен басталып тік тірелу сәтімен аяқталады. Бұл жағдайда жерге күш төмен алға бағытталған, ал тірелу реакциясы жоғары-артқа. Артқы тірелу фазасы қозғалыс циклындағы неғұрлым маңыздысы. Бұл фаза тік тірелу сәтінен басталып тірелу кезеңінің аяғына дейін, яғни аяқты жерден көтергенге дейін созылады [40].
Жерге түскен күш төмен – артқа бағытталған, ал тірелу реакциясы жоғары-алға. Аяқпен итерілгеннен кейін барлық калған дененің бөлімдері бағытқа карай жылдамдық алады. Сермейтін аяқта жерден көтеріледі.
Соныменен бұл қимылдар бір-бірімен байланысты және денені алға жылжытады. Жүргенде жүгіргенде аяқтардың сермелу кезеңінде фазалар бөлінеді: артқы (сермелу аяғы дененің артында) және алдынғы қадам (сермелу аяғы дененің алдында) тік тірелу сәтімен бөлінеді. Жүргенде және жүгіргенде цикл тірелу кезеңінен тұрады (алдыңғы тірелу фазасы, тік тірелу сәті, артқы тірелу фазасы) және сермеу кезеңінен (арткы қадам фазасы , тік тірелу сәті алдынғы қадам фазасы) жүгіруде тірелу кезеңі, сермеу кезеңінен аз.
Жүгірудегі жылдамдықтың негізі компоненті- қадамның ұзындығы және жилігі – жүгірудегіден әлдекайда үлкен жылдамдық алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет