Жеңіл атлетика – бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады


Кіші мектеп оқушыларына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері



бет2/3
Дата10.02.2023
өлшемі49,5 Kb.
#66701
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-51146

Кіші мектеп оқушыларына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері.
Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді, жан – жақты дамуына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері зор. Жүгіру, секіру, лақтыру, жүру әрбір сабақтың қатардағы жаттығу болып есептеледі. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында көп қолданылатын спорттың түрі жеңіл атлетика болып табылады. Көбіне жеңіл атлетика жаттығуларын табиғи жаттығулар немесе таза ауада орындалатын жаттығулар деп атайды. Жеңіл атлетика жаттығулары негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді,дененің функционалдық қасиеттерін дамытады. жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі керек. Осыдан кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді. Қандай да болмасын жаттығуды үйрену үшін алдын ала жаттығуды жасап көру керек. Жеңіл атлетика жаттығуларын орындау кезінде сыртқы қозғалыс пен ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықтан жеңіл атлетика жаттығулары оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады.
Жеңіл атлетика сабағын өткізу алаңынын және саймандарды дайындау.
Мектептің срорт залы, спорт алаңы жеңіл атлетика талаптарына сай жабдықталған болуы керек.
Жеңіл атлетика сабағы өткізілетін жер біріншіден, тегіс, таза болуы керек, екіншіден, алаңда бөгде, артық заттар болмауы қажет. Жеңіл атлетика негізінен таза ауада, теректі жерлердің алаңқайларындағы алаңдарда өткізілсе өте жақсы болады.
Жеңіл атлетика сабағында қолданылатын құралдарға келсек, олар лақтыру саймандары, секіретін орындар және жүгіру алаіңдары. Қандай сайманда бомасын жаттығу орындағанда қауіпсіздік ережелерін және сақтандыру техникасын қатаң сақтаған жөн. Келеңсіз жағдай болмау үшін мұғалім оқу жылының басында, әр тоқсан басында қауіпсіздік ережелерімен таныстарып отыруы шарт.
Жеңіл атлетика жаттығулары.
Жүгіру.
Ертедегі Греция жарыстарының бірінен осыдан 2500 жалдай бұрын жазылған: «Егер күшті болғың келсе – жүгір, егер әдемі болғың келсе – жүгір, егер ақылды болғың келсе – жүгір» деген жазу табылған.
Дұрыс әрі ұзақ жүгіру үшін кеудені сәл еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, аяқтың аттау қозғалысына қарай екі қолды кезекпен сармеп жүгіру керек. Жүгіру кезінде саусақтарды бүгіп, басты сәл еңкейте ұстаған дұрыс.
Шапшаң жүгіру үшін аяқты тез – тез қозғап, кең адымдап жүгіру керек.
Шапшаң жүгіру ең алдымен адымды кең ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша кең ашып жүгірген адам жүгіріп өтуге тиісті қашықтықты белгіленген уақытта толық жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша тез жүгіргенмен, уақыт жағынан ұтылады. Яғни, белгілі бір қашықтықты көрсетілген уақыт ішінде жүгіріп өте алмайды.
Жүгірудің қашықтықтары мынадай:
Қысқа қашықтық – 30-400 метр
Орта қашықтық – 500-2000 метр
Ұзақ қашықтық – 3000-10000 метр
Дұрыс жүгіруді меңгеру үшін мына жаттығуларды меңгеру керек:

  • Ені 30 см., ұзындығы 20 м болатындай екі сызықтың арасындағы жолдан ықпай жүгіруге дағдалану;

  • Жылдамдықты біртіндеп арттыра отырып жүгіруге дағдылану.

  • Тізені барынша жоғары көтере орташа екпінмен жүгіріп келе жатып, жылдам жүгіруге ауыстыруды үйрену.

Ұзындыққа секіру.
Ұзындыққа секіру мынандай жаттығулар жиынтығынан тұрады. Олар: екпіндей жүгіру, секіру сызығынан серпіле көтерілу, қалықтаудан жерге түсу.
Серпіле көтерілу жүгіру қарқынынан бәсеңдетпей, екпіндеп келген қалыпта орындалады. Серпілген кезде жоғары сілтеген екі қолдың қанат қаққан сияқты қозғалысы секіруге көмегін тигізеді. Секірер алдындағы ең соңғы адым оның алдындағы адымнан қысқылау болуы керек. Серпіле көтерілген кезде тізе жазылып, қол сермелген аяқпен бірге жоғары және алға қарай созылады. Серпілуге дейінгі қадам саны тақ болатындай болса, жүгіруді серпілтетін аяқтан, ал жұп болса, алға сермейтін аяқтан бастаған жөн. Бұл ереженің биіктікке секіру кезінде зор пайдасы тиеді. Ескеретін нәрсе – екпіндей жүгірген әр оқушының адымының ұзындығы әртүрлі болады. Дұрыс секіруді меңгеру үшін алға сермейтін аяқтың тізесін кеуде тұсына жеткізе көтеріп, сонан соң алға соза секіруге жаттығу қажет, екі аяқпен түсу керек.
Лақтыру.
Жеңіл атлетиканың бір түрі – лақтыру. Лақтыратын құралдар: найза, диск, балға, граната, ядро, доп, тас, т.б.
Доп лақтыру. Доп лақтыру үшін алдымен мынадай қалыпқа келу керек: оң шынтақ сәл бүгілген қолға кішкене доп ұстап сол аяқты оң аяқтан жарты адымдай ілгері қойып тұру. Лақтыру үшін оң қолды бастың деңгейінде көтере ұстап, сәл шалқайвп барып, кеудені қайта кеңейте бергенде допты жібере салу керек.
Допты қозғалмайтын және қозғалмалы ныснаға тигізіп үйренгеннен кейін, оны әртүрлі қашықтыққа лақтыруды үйренеді. Қашықтыққа бірнеше адым жасап келіп лақтыруға болады. Адым мен қол қимылы үйлесе қозғалса, лақтыру сәтті, сапалы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет