Қабынуға қарсы стероидты заттар (ҚҚСЗ) - Глюкокортикоидтар: 1) табиғи гормондар – гидрокортизон (кортизол, кортизон) 2) синтетикалық дәрілер – преднизолон, метилпреднизолон (медрол, метипред), метилпреднизалона ацепонат (адвантан) 3) құрамында фторы бар глюкокортикоидтар: дексаметазон (дексазон), триамциналон (полькортолон, кеналог, фторокорт), будесонид, бетаметазон (дипроспан, целестодерм), бекламетазон (насобек), флунизолид (ингакорт), клобетазол (дермовейт), мометазон (назонекс, элоком).
Антибиотиктер.
β-лактамды антибиотиктер.
а) Пенициллиндер: - табиғи пенициллиндер: парентералды енгізуге арналған (қышқылға тұрақты) қысқа уақыт әсер ететін - бензилпенициллин натрий тұзы және ұзақ уақыт әсер ететін бензатин бензилпенициллин (бициллин – 3, бициллин – 5), - жартылай синтетикалық пенициллиндер: пенициллиназаға тұрақты және стафилококқа қарсы (оксазолилпенициллиндер): оксациллин; кең спектрлі және пенициллиназаға тұрақты емес (аминопенициллиндер):ампициллин, амоксициллин; көкіріңді таяқшаға қарсы және пенициллиназаға тұрақты емес (карбокси- және уреидопенициллиндер): карбенициллин, тикарциллин, пиперациллин, азлоциллин; - пенициллиназаға тұрақты құрастырылған препараттар: 2 пенициллиннан тұратын: ампиокс (ампициллин+оксациллин); бета– лактамаза ингибиторларымен қосылған пенициллиндер:
ампициллин/сульбактам («Уназин»), амоксициллин/клавулан қышқылы («Аугментин», «Амоксиклав»), тикарциллин/ клавулан қышқылы («Тиментин»), пиперациллин/тазобактам («Тазоцин»).
б) Цефалоспориндер. 1 ұрпақ - цефазолин (кефзол);
2 ұрпақ - цефуроксим(зинацеф, зиннат), цефомандол; 3 ұрпақ – цефотаксим (клафоран), цефтазидим (фортум), цефтриаксон (цеф III);
ұрпақ - цефепим (максипим), цефпиром,
5 ұрпақ - цефтаролин (метициллинге тұрақты алтын түсті стафилококқа (MRSA) және E. Faecalis белсенді)