ΙX. Гормоналды заттар. Химиялық құрылымына байланысты гормондар бөлінеді:
1) ақуыздар мен пептидтер – гипоталамус, ұйқы безі, гипофиз, қалқанша жанындағы без гормондары және кальцитонин;
2) стероидты құрылымды – жыныс және бүйрек үсті безінің қыртысты қабат гормондары;
3) ақуыздардың ыдырау қарапайым өнімдері (аминоқышқылдар) – қалқанша безінің құрамында йод бар және эпифиз гормондары.
1. Инсулинге тәуелді диабетке қолданатын дәрілер (қант диабеті 1 типі):
а) қысқа әсер ететін инсулин (эффекті 15-20 минутта, макс. 30-120 мин., ұзақтығы 4-8 сағат) – инсулин лизпро (хумалог), инсулин аспарт (НовоРапид), инсулин глулизин (апидра), инсулин человеческий (актрапид); б) орташа әсер ететін инсулин (1-2 сағатта, макс. 6-12 сағатта; ұзақтығы 12-18-22 сағат) – адам инсулины рекомбинантты (протафан); в) орташа немесе ұзақ әсер ететін инсулин қысқа әсер ететін инсулинмен қосылған – микстард, г) ұзақ әсер ететін инсулин эффекті баяу дамитын (басталуы 3-6 сағатта, макс. 12-18 сағатта, ұзақтығы 24-30 сағатқа дейін) - инсулин гларгин (лантус), инсулин детемир (левемир), инсулин деглудек (тресиба).
Инсулинге тәуелді емес диабетке қолданатын дәрілер (қант диабеті 2 типі).