Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері



бет24/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері


7-жұмыс. Бақа жүрегінің жиырылуын жазып алу
Бақаның жүрегі мынадай бөлімдерден тұрады: веноздық синус, екі жүрекше және бір қарынша. Бақа жүрегінің қызметі циклының кезеңдері:
1) веноздық синустың жиырылуы (систоласынан);
2) жүрекшелердің систоласынан және диастоласынан;
3) қарыншаның систоласы мен диастоласы.
Сүтқоректілерде веноздық синус жоқ, олардың жүрек жұмысының циклы:
1) жүрекшелердің систоласы – 0,1 с;
2) жүрекшелердің диастоласы – 0,7 с;
3) қарыншалардың систоласы – 0,33 с;
4) қарыншалардың диастоласы – 0,47 с.
Графикалық тіркеу әдіс арқылы жүректің қызметін толық анықтауға болады. Жүрек жиырылуының қисық сызығын кардиограмма дейді. Кардиограмма жүректің жиырылу жиілігі мен ырғағын, күшін, жүрек бөлімдерінің жиырылу кезегін және ұзақтығын көрсетеді.
Жұмысты орындау: Жұлыны зақымдалған бақа операция тақтайшасына шалқасынан бекітіледі. Көкірек қуысын кең ашып, төс сүйегі мен бұғананы алып тастайды. Жүректі перикардтан босатып алады да, үзбесін кеседі. Жүректің үшын пинцетпен көтеріңкіресе, веноздық синус көрінеді. Ең алдымен веноздық синус жиырылғандықтан, оны оңай табуға болады. Жүректің циклын бақылағаннан соң жазып алады. Ол үшін операциялық тақтайша штативке бекітіледі. Энгельман рычагына жіппен байланған ілгекке жүректің ұшын іліп алады. Жүректің жиырылуынан рычаг қозғалады. Оның қозғалуы кимографтың таспасына жазылады. Жақсы жазылу үшін рычагтың қаламы кимографтың барабанына көлденең, ал жіп жүрекке қарай тік орналасу керек. Кимограф рычагты сол жағына орналастырылады. Жазу солдан оңға қарай бағытталады. Кимограммадағы аласа сызық жүрекше систоласы, одан кейінгі биік сызық- қарынша систоласы. Кимограммадағы сызықтың жоғары көтерілуі жүректің систоласына, ал төмен түсуі – диастоласына сәйкес келеді.

I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
II. Тақырыптың маңыздылығы: Жүректің физиологиялық қасиеті туралы білім жүрек қызметінің патологиялық өзгерістерін (экстрасистола, аритмия, өткізгіштігінің бұзылуы) және биологиялық активті заттар (гормондар, медиаторлар), дәрі-дәрмектердің жүрекке әсер ету механизмдерін түсіну үшін барлық факультеттер студенттеріне қажет. Олардың келешекте арнайы медициналық пәндерді оқуының және кәсіптік-білімдерінің теориялық негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет