Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау



бет14/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

3-жұмыс. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау

Эритроциттердің желімдену (агглютинация) реакциясы негізінде, агглютининдер мен агглютиногендердің бар-жоқтығына байланысты әрбір адамның қаны төрт топтың біріне жататындығы анықталады.,–агглютининдер яғни желімдеуші заттар плазмада болады. А,В- агглютиногендер, яғни желімденетін заттар, эритроциттердің құрамында болады. Агглютинация реакциясы, яғни эритроцитердің түйір-түйір болып желімденуі, осы аттас агглютининдер мен агглютиногендер бір-бірімен кездескен жағдайда ғана пайда болады. Мысалы:  және А немесе  және В.


АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы

Қан топтары

Эритроциттердегі агглютиногендер

Плазмадағы агглютининдер

О (І)

О (А, В жоқ)

, 

А (ІІ)

А



В (ІІІ)

В



АВо (ІY)

А, В

О (,  жоқ)



Жұмысты орындау: Арнайы тәрелкеде бойлай орналасқан екі қатар ұялардың әрбіреуіне белгілеріне қарай бір-бір тамшыдан екі сериялы 3 топтың үлгі сарысуы тамызылады. Саусақтан алынған қан көлемі жағынан сарысудан 10 есе кем. Әрбір сарысу тамшысына зат шынысының арнайы бұрышымен қан тамызады да оларды мұқият араластырады. Агглютинация басталысымен мөп-мөлдір сарысуда бір-біріне жабысқан эритроцит түйірлері көріне бастайды. Агглютинация болды деп алданбау үшін қан сарысуына үшінші минутта бір тамшы физиологиялық ерітінді тамызады да бесінші минутта қан тобын анықтайды.
Тәрелкеде агглютинация 4 түрлі болуы мүмкін:

  1. Егер бір де бір сарысуда эритроциттер желімделмесе (агглютинация болмаса) тәжірибеге алынған қан құрамында агглютиногендер болмағаны, мұндай қан 0 (І) тобына жатады.

  2. Егер 0 (І) және В(ІІІ) сарысуды агглютинация байқалса, қанда А агглютиногені болғаны, мұндай қан А(ІІ) тобына жатады.

  3. Егер 0 (І) және А(ІІ) сарысуларында агглютинация байқалса, қанда В агглютиногені болғаны, бұл қан В (ІІІ) тобына жатады.

  4. Егер тәжірибеге алынған барлық сарысуда агглютинация байқалса, қанда А және В агглютиногендері болғаны, мұндай қан АВо(ІY) тобына жатады. Мұндай жағдайда АВо(ІY) тобына жататын сарысумен қайтадан реакция жүргізіледі. Агглютинация реакциясы тумаса, бұл қанның АВо(ІY) тобына жататындығын дәлелдейді.

Стандартты қан сарысуындағы реакция нәтижелері:

Зерттелетін қан тобы жатады:

О (I)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет