Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-сурет. I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері



бет12/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102
3-сурет.

I. Тақырып: Қанның ұюы (гемокоагуляция). Қанның топтары. Қан құюдың физиологиялық негіздері


II. Тақырыптың маңыздылығы: Қан ұюының уақыты мен механизмі, қан топтары және қанның резустілігі туралы білім қан жүйесінің ақауларын дұрыс түсіну, сонымен бірге емдеу шараларын жүргізу үшін барлық дәрігер үшін өте қажет.


ІІІ. Сабақтың мақсаты:


Студент білуі қажет:

  1. Қанның ұюы, оның физиологиялық маңызы. Қанның ұю уақыты.

  2. Қан ұю механизмі (тамырдағы-тромбоциттік және коагуляциялық гемостаз).

  3. Қан ұюын шапшаңдататын, баяулататын және қанды ұйытпайтын әдістер.

  4. АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы.

  5. Қанның резус-сәйкестілігі, оны анықтаудың клиникадағы маңызы.

  6. Қан құюдың физиологиялық негіздері.



Студент орындауы қажет:
1. Альтгаузен және Сухарев әдісімен қан ұю уақытын
анықтау.
2. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау.
3. Қанның резус сәйкестілігін анықтау.


ІV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. Қанның ұюы, оның физиологиялық маңызы.

  2. Қанның ұю уақыты.

  3. Тромбоциттердің морфология, қызметі және қан ұюындағы ролі.

  4. Плазмалық қан ұйытатын факторлар.Қан тамырқабырғасының қан ұюындағы мвңызы..

  5. Гемостаз дегеніміз не? Тамырдағы тромбоциттік гемостаз.

  6. Қан ұюы қан ұюындағы механизмі. Коагуляциялық гемостаз, оның кезеңдері.

  7. Ретракция туралы түсінік. Фибринолиз, оның кезеңдері.

  8. Қанды ұйытпайтын механизмдер. Бастапқы және қосымша антикоагулянттар.

  9. Қан ұюын шапшаңдататын және баяулататын әдістер. Тісті жұлғаннан кейін қан тоқтатуына қолданылатын физиологиялық шаралар (тіс емдеу факультеті үшін).

  10. Антикоагулянттар. Антикоагулянттардың фармакологиялық әсерлерінің принциптері. Тура және жанама антикоагулянттар (дәрі-дәрмек факультеті үшін).

  11. Агглютиногендер, агглютининдер, гетерогемоагглютинация және изогемоагглютинация реакция туралы түсінік.

  12. АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы.

  13. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау.

  14. Қанның резус сәйкестілігі, оны анықтаудың клиникадағы маңызы.

  15. Қанның резус сәйкестілігін анықтау әдісі.

  16. Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдағы зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет