I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
II. Тақырыптың маңыздылығы: Жүрек жұмысының қалыпты қызмет істеуі оның көп деңгейлі реттелу механизмдеріне байланысты. Реттелудің бір ғана буындарының (звеносының) бұзылуы патологияға келтіреді. Реттелу принциптерін білу болашақ дәрігерлердің жүрек ауруларын дұрыс емдеу мен түсінуге мүмкіндік береді.Студенттерде жүрек жұмысының жүйкелік-гуморальдық реттеуінің бірлігі туралы көзқарас туындайды.
Студенттер сонымен бірге кезеген жүйке тонусының онтогенездегі қалыптасуына назар аударулары керек.
Салауатты өмір сүруде жүрек қызметі реттелуінің бұзылуын алдын алуының маңызын ескеруі керек.
III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет: Жүрек қызметінің реттеу механизмдері (ішкі және сыртқы);
Жүрек қызметіне кезеген және симпатикалық жүйкелердің әсері;
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері;
Кезеген жүйке орталығының тонусы оны сақтап тұратын факторлары;
Данини-Ашнер және Гольц рефлекстерінің доғалары;
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (тікелей және орталықтан әсері) .
Студент орындауы қажет: Данини-Ашнер және Гольц тәжірибелерін орындау;
Бақаның вагосимпатикалық жүйкесін тауып және оның электрлік тітіркендірудегі жүрек қызметінің өзгерістерін байқау;
Штраубе әдісімен бақа жүрегін оқшаулап электролиттердің, гормондардың және медиаторлардың әсерін анықтау.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар: Жүрек қызметінің реттелу механизмдері (жасуша ішілік, интракардиалдық, экстракардиалдық).
Кезеген (парасимпатикалық) және симпатикалық жүйкелердің жүрек қызметіне әсері.
И.П.Павлов бойынша жүректің орталықтан тепкіш жүйкелері.
Кезеген жүйке орталығының тонусы және оған әсер ететін факторлар.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі (Данини-Ашнер және Гольц рефлекстері).
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі (Штраубе тәжірибесі). Гуморальдық факторлардың тікелей және орталық әсері.
Жүрек қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуінің тұтастығы (О.Леви тәжірибесі).