Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі



бет29/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациясы
Жүрек қызметі жүйкелік, гуморальдық және рефлекстік түрде реттеледі. Жүрек қызметінің реттелуінің түрлері мен механизмдері өзара бірлесіп, үйлесіп өтеді


1- жұмыс. Данини-Ашнер рефлексі
Вегетативтік жүйке орталығының күш-қуатының (тонусының) өзгеруі әртүрлі жағдайға, сонымен қатар рефлекторлық әсерге де байланысты болады. Сондықтан өзіне келетін жүйке импульстерінің түріне байланысты жүрек өз қызметін тез, анық реттейді . Кезеген жүйке орталығының тонусына рефлекторлық әсерін Данини-Ашнер тәжірибесі дәлелдейді. Бұл жұмысты екі адам бірігіп жасайды.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адамның білезігінің тұсындағы артерия тамырын ұстап 1 минуттағы қалыпты пульс жиілігін санап алады. Содан кейін зерттеуші зерттелуші адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 5-8 сек. ауыртпай басыңқырап тұрады да, тез босатып қайтадан тамырдың соғуын санайды. Алынған санды қалыпты жағдайдағымен салыстырады. Көзді басқаннан кейін пульстің жиілігі (10-20-ге) азаяды. Осы рефлекстің рефлекстік доғасы: көзді қозғалтатын жүйкенің сезгіш талшықтары, ортаңғы және сопақша ми, кезеген жүйке, жүрек арқылы өтеді. Кезеген жүйкенің әсерінен жүрек жұмысы тежеледі.
2 -жұмыс.
Гольц рефлексі
Кезеген жүйке орталығына рефлектстік әсерді Гольц тәжірибесі арқылы байқауға болады. Бақаның құрсақ қуысындағы жүйкелердің аймағын пинцетпен механикалық түрде тітіркендіретін болсақ, бұл жүректің соғу жиілігін азайтады, немесе толық тоқтатуы да мүмкін. Осы рефлекстің рефлектстік доғасы күн тәрізді өрімнің рецепторларынан, құрсақ жүйкесінің сезгіш талшықтарынан, жұлынның жоғары көтерілетін жолдарынан, сопақша мидан, кезеген жүйкенің қозғалтқыш талшықтарынан, жүректен тұрады.
Жұмысты орындау: Дәл көздерінің артынан бақаның миын кесіп, шалқасынан тақтайшаға бекітеді. Алайда жұлын мен сопақша мидың зақымдалмауы керек. Жүрек үстіндегі кеуденің біраз бөлігін кесіп алып, жүректі табады. Кеуде қуысынан ағып жатқан қанды мақта тампонымен сүртіп алады. Бір минуттағы жүректің соғуын санайды. Пинцетпен құрсақ бөлімін 2-3 рет соғып қайтадан санайды. Сонда жүрек соғуының азайғандығын байқаймыз. Ал қатты түрту жасағанда жүрек диастола кезінде тоқтап қалғаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет