І. Тақырып: Негізгі алмасуды жанама калориметрия әдісімен анықтау. Тағам рационы.
II. Тақырыптың маңыздылығы: Зат алмасуы мен энергия алмасуы организм тіршілігінің маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Қоректік заттар тотыққан кезде энергия бөлініп, макроэргиялық байланыстар түрінде қор ретінде жиналып және организмдегі әртүрлі жұмыстардың орындалуына жұмсалады. Энергетикалық алмасудың сипаттамасын беру үшін жұмыстық (әртүрлі жұмыс түріне байланысты алмасу) және негізгі алмасу деген түсінікті қолданады. Организмнің энергия жұмсауы тура және жанама калориметрия әдістерімен анықталады. Бұл көрсеткіштерді және оларды анықтау әдістерін білу дәрігерлер үшін қажет.
ІII. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет: Адамның энергетикалық алмасу көрсеткіштері негізгі және жұмыстық алмасу, негізгі және жұмыстық алмасудың қалыпты мөлшерлері.