Талдағыштар физиологиясынан сұрақтары
1. Талдағыштар туралы ілімді жасаған
И. Мюллер
И.М. Сеченов
И.П. Павлов
П.К. Анохин
Э.А. Асротян
2. Көз рефракциясының аномалиясы мен сәулелер жиналатын жердің
арасындағы байланысты көрсетіңіз.
а. Миопия
б. гиперметропия
в. астигматизм
|
1. Көздің торлы қабатының артында
2. Көздің торлы қабатының алдында
3. Көлденең және тік меридиандардың әр жерінде
|
Жауабы: 1. а-3, б-2, в-1
2. а-2, б-1, в-3
3. а-1, б-3, в-2
3. Көз торлы қабатының жасушалары мен ішіндегі пигменттері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
а. Пигментті эпителий
б. таяқша
в. сауытша
|
1. Родопсин
2. Меланин
3. Йодопсин
|
Жауабы: 1. а-2, б-1, в-3
2. а-1, б-2, в-3
3. а-3, б-3, в-1
4. Талдағыштар мен рецепторлар түрлерінің арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
1. Дистанттық
2. контактілік
|
а. дәм
б. иіс
в. есту
г. жанасу
д. көру
|
Жауабы: 1. А-1, Б-1, В-1, Г-1, Д-2
2. А-2, Б-1,В-1,Г-2,Д-1
3. А-1, Б-2, В-2, Г-1, Д-2
5. Көру аймағы дегеніміз
көзді қадағанда көрінетін кеңістік
жеке заттарды максималды ажырата білу қабілеті
кеңістіктің тереңдігін қабылдау
объектіге дейінгі қашықтықты бағалау
көздің қозғалысы кезінде көрінетін кеңістік
6. Қарашық пен тітіркендіргіш реакциясы арасындағы сәйкестікті табыңыз
А. Кеңеюі
Б. Тарылуы
жарық
қараңғы
ауырсыну
наркоздың артық мөлшері
симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы
парасимпатикалық жүйке талшықтарының қозуы
Жауабы: 1.А-1,3,4,6, Б-2,5
2. А-2,3,4,5, Б-1,6
7. Таяқшалар қызметінің бұзылуының көріністері мынадай болады
ымыртта көрудің бұзылуы
қатты жарық кезіндегі соқырлық
ахромазия
әлсіз жарық кезіндегі көрудің жақсаруы
қатты жарықта көрудің жақсаруы
8. Ауырсыну сезімі пайда болатын деңгей
сопақша ми ядролары
бозғылт шар
таламус 4. шұбар дене 5. қызыл ядро
9. И.П. Павлов бойынша талдағышардың негізгі бөлімдері:
рецепторлық, өткізгіш, сенсорлық
бульбарлық, таламустық, қыртыстық
рецепторлық, өткізгіш, қыртыстық
арнайы, адекватты емес, ассоциативтік
арнайы, өткізгіш, ассоциативтік
10. Тілдің бөліктеріндегі дәм сезімталдығының орналасуы
ұшы-ащы, шеті-тәтті, түбі-қышқыл және тұзды
ұшы-тұзды, шеттері-қышқыл және тұзды, түбі-ащы
ұшы-тұзды, беті-қышқыл, түбі тәтті
ұшы-тұзды, беті-қышқыл, шеттері-ащы, ұшы тәтті
ұшы-тұзды, шеттері-ащы, түбі-қышқыл және тәтті
11. Қазіргі кезде ең кең тараған түрлі жиіліктегі дыбысты қабылдау теориясы
Резерфордтың (телефондық)
Брейдің микрофондық потенциалы
Гельмгольц (резонанстық)
Бекеши (жарысқан толқын)
Хартридж теориясы
12. Рефракция дегеніміз
кірпікшелі бұлшық еттің жиырылуы
екі көздің көру осьтерінің түйісуі
бейненің торлы қабатта қозғалуы
көз бұршағы дөңестігінің өзгеруі
мөлдір қабат бұлшық еттерінің жиырылуы
13. Жарықтың әсерінен көздің торлы қабатының рецепторларында фотохимиялық реакциялар мынадай ретпен жүреді
витамин А – опсин – люмиродопсин және метародопсин – ретиналь
витамин А – ретиналь – люмиродопсин және метародопсин – опсин
ретиналь - люмиродопсин және метародопсин – опсин – витамин А
опсин – витамин А - люмиродопсин және метародопсин – ретиналь
люмиродопсин және метародопсин – ретиналь – опсин – витамин А
14. Қазіргі кезде ең кең тараған түсті қабылдау теориясы
Лавуазье-Лаплас
Ломоносов-Гельмгольц (үш компоненттік)
Хартридж (полихроматтық)
Гранит (торлы қабатта донорлар мен модуляторлардың болуы)
Геринг (ақ-қара, қызыл-жасыл, сары-көк түстерді қабылдайтын сауытшалар мен таяқшалардың болуы)
15. Тактилдік сезімталдығы ең төмен
қол басының сыртқы бетінің, балтырдың және арқаның терісі
тілдің ұшы
саусақтардың ұшы
мұрынның ұшы
қол басының алақан жақ беті (алақанның терісі)
16. Эстезиометр қолданылады
ажырату табалдырығын анықтау арқылы сипап сезу өткірлігін зерттеу үшін
температуралық сезімталдықты зерттеу үшін
терінің терморецепторларының бейімделуін көрсету үшін
контраст құбылысын көрсету үшін
дәм сезімталдығының табалдырығын анықтау үшін
17. Форстер периметрі қолданылады
көру аймағын анықтау үшін
соқыр дақты көрсету үшін
түсті қабылдаудың бұзылуын анықтау үшін
бинокулярлық көруді көрсету үшін
көз нистагмын бақылау үшін
18. Түсті көруді анықтау үшін қолданады
Рабкин кестесі
Сивцев-Головин кестесі
диплоскоп қолданылады
Форстер периметрі
Мариотт тәжірибесі
19. Талдағыштардың қыртыстық бөлімінің арнайы қызметі
сигналдарды детекциялау
ақпаратты кодтау
сигналдардың өзгеруі
сигналдардың табу, моделдеу
бейнелерді тану
20. Көру өзткірлігі деген
көз көрінетін кеңістік
өзара минималды қашықтықта орналасқан заттың жеке нүктелерін максималды анық ажырата білу қабілеті
кеңістіктің тереңдігін қабылдау
объектіге дейінгі қашықтықты бағалау
бір нүктеге қадалып қарағанда көрінетін кеңістік
Достарыңызбен бөлісу: |