Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Талдағыштар физиологиясы тақырыбынан мәселелік тапсырмалар



бет90/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Талдағыштар физиологиясы тақырыбынан мәселелік тапсырмалар

1. Егер адам бір қолының саусақтарын ыстық суға (40°С), екінші қолының саусақтарын суық суға (10°С) малып, біраздан соң екі қолдың саусақтарын бір ыдыстағы 20°С жылы суға малыса, алғашқыда ыстық суға малынған саусақтар 20°С-тық суды суық ретінде сезінеді де, ал 10°С-тық суық суға малынған саусақтар 20°С суды ыстық ретінде қабылдайды. Мұны қалай түсіндіруге болады?


2. Зерттелуші адамды Барани креслосына отырғызып, секундіне бір рет жылдамдықпен шыр көбелек айналдырса, оның жағдайы қалай өзгермек, қандай жағдайлық көріністер болмақ және олардың туындау себептері қандай?


3. Екі құлағы да ауырған адамның (отит) екеуінің де ортаңғы құлағы зақымданған болса мұндай адам дыбыстарды қабылдай ала ма?


4. Егер адам оптикалық күші 5Д көзілдірікті әрдайым көзінен тастамайтын болса, тек кейде ғана (бірдеңе оқыған кезде) көзілдірігін кимесе, мұның көз рефракциясы қалыпты ма? Ол қандай заттарды көзілдіріксіз анық көре алады? Көзінен өтетін сәулелердің жолын көрсетіңіз. Мұндай көз қалай аталады?


5. Адам үнемі +1,25Д көзілдірігін тастамай киіп жүреді. Бұл адамның көз рефракциясы дұрыс па? Көзілдіріксіз бұл адам қандай заттарды анық көре алады? Оның көзінен сәулелердің өтуін қағазға сызып көрсетіңіз. Мұндай көзді не деп атайды?


6. Шуылы бар өндіріс цехында көп жылдар бойы жұмыс істеген 30 жасар жұмыскердің дыбысты есту диапазоны 10000 гц-тен 18000 гц-ке дейін сақталған. Бұл жұмыскердің есту талдағышының қай бөлімі бұзылған? Осы жастағы дені сау адамдар қандай диапазондағы дыбыстар жиілігін қабылдайды?


7. Егер тореадордың қолында плашы қызыл емес жасыл түсті болса бұқа оны қуалар ма еді? Жануардың іс-әрекетін түсіндіріңіз.


8. Құрамы бірдей ерітіндіде дәмі екі түрлі зат бар. Олар екі құтыға құйылады. Студентке құтыдағы ерітінділердің дәмін анықтатады. Ол бірінші құтыдан ерітіндіні жұтқанда ащы дәмді сезеді. Екінші құтыдағы ерітіндіден тілінің ұшымен ғана дәмін көреді, онда тәтті дәм сезіледі. Құрамы бірдей ерітінділер неліктен екі түрлі дәмді сезіндіреді? Қандай дәм рецепторларын білесіздер және олар қай жерде орналасқан?


9. Науқастың екі жақтағы тіл жүйкесі бұзылған. Мұндай жағдайда қандай кемістіктер пайда болады және неліктен?


10. Бөлмеге кірген адам ландыштың (інжудің) иісін қатты сезеді, біраздан соң ол бұл иісті сезбейтін болады. Адам неліктен мұндай бөлмеде көп уақыт отырса, алғашқыда сезген иісті сезбейтін болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет