Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет85/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

Жұмыстың нәтижесін көрсету үшін тілдің схемасын салып, тітіркендіргіштерді мына белгілермен белгілеу қажет:
Ерітінділерді флакондарға құйып, сыртына ерітінді атын жазбай мына әріптермен белгілеген жөн:
А - 3% қант;
В - 10% NaCl ерітіндісі
С - 2% лимон қышқылы;
Д - эритромицин ерітіндісі.

о - қышқыл


+ - тәтті
∆ - тұзды

- ащы


5 сурет. Тілдегі дәм сезу рецепторларының орналасуы


ЕСТУ ТАЛДАҒЫШЫ

Есту талдағышының рецепторлық бөлімі ішкі кұлақтың ұлу тәрізді иірім сүйегінде орналасқан корти мүшесінен тұрады. Бұл жерден есту жүйкесі басталады, жүйке импульстері төрт төмпешіктің артқы төмпешіктеріне, содан соң көру төмпешігінің медиальды бүгілмелі денелеріне (өткізгіш бөлімі), одан әрі ми қыртысына барады. Есту талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан. Дыбыс толқындарын корти мүшесіне өткізу, ауаның және сүйектің дыбысты өткізу қасиетіне байланысты іске асады. Ауа арқылы өткізу сыртқы және ортаңғы кұлақ қуысымен жүзеге асады. Сыртқы құлақ арқылы келген дыбыс толқындары дабыл жарғағын қозғалтады. Ол дыбыс сүйекшелерінің жүйесі арқылы, сопақша тесіктен ішкі кұлақтың эндо- және перилимфа сұйықтары арқылы корти мүшесіне жетеді. Дыбыс толқындарының сүйек арқылы өтуі бас сүйегі арқылы жүзеге асырылады. Мұндайда дыбыс бас сүйектері арқылы өтеді. Қалыпты жағдайда дыбыстың сүйек арқылы өтуі дыбыстың ауа арқылы өтуінен анағұрлым төмен болады.




2-жұмыс. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізілуін зерттеу


Жұмысты орындау. Үні шығып тұрған камертонды самай сүйегінің өсіндісіне қояды. Естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін азайып барып жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса дыбыс қайтадан естіледі. Дыбыс өткізу жүйесі бұзылғанда ауа арқылы дыбыс өткізу сүйек арқылы өткізуден төмен болады. Үні шығып тұрған камертонды бастың ортасына (төбесіне) қойса екі кұлақ дыбысты бірдей қабылдайды. Бір құлақтың тесігін мақтамен жауып үні шығып тұрған камертонды қайтадан бастың ортасына (төбесіне) қояды. Жабылған кұлақ дыбысты күштірек кабылдайды. Мұны кұлақтың сыртқы тесігі арқылы дыбыс толқынының аздап жоғалуымен түсіндіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет