3-жұмыс. Есту өткірлігін сөйлеу арқылы зерттеу
Адамның сөйлеу, сөзді есту қабілеті оның әлеуметтік байланысының көрсеткіші. Есту өткірлігін сөзбен, камертон және аудиометрмен зерттеуге болады. Зерттеудің қай түрін болса да, жұмыстың алдында, шаршамай тұрғанда өткізу керек. Өйткені зерттелуші адамның жүйкелік- психикалық шаршауы есту қабілетіне әсер етеді.
Естуді зерттеу тыныштық жағдайда өткізіледі (шу 30 дБ аспау керек). Дәрігер мен зерттелуші адамның арақашықтығы 6 м болғаны дұрыс. Зерттеу әр кұлаққа жеке жасалады.
Жұмысты орындау. Адамның сыбырлап сөйлеген сөзін және әдеттегі сөйлеу дыбыстарын есту қабілеті зерттеледі.
Зерттелушінің бір кұлағын дәрігер жаққа бұрып, екінші кұлағының тесігін медбике тығыздап мақтамен жабады. Әр құлақтың есту қабілеті бөлек зерттеледі.
Адамның есту қабілеті алдымен сыбырлап сөйлеген сөзді, содан соң жәй сөйлеген сөзді естуі арқылы анықталады. Зерттелуші адамды дәрігерден 6 м қашықтыққа орналастырады. Адамның зерттелетін кұлағы дәрігер жаққа қаратылуы керек. Дәрігердің дем шығарғаннан соң айтқан сөзін зерттелуші адам қайталайды. Зерттелуші адам сөзді дәрігердің ерінінің қимылынан түсініп қалмауы үшін ол дәрігерге қарамауы керек. Сөздерді дәрігер асықпай демін ішке тартқан соң дем шығарғанда мынандай төмен дыбысты сөздерді айтады: көмір, мойын, мұрын, ол, ром, сәл, т.б. Егер зерттелуші адам 6 м-ден естімесе зерттелуші адам мен дәрігер арасын 1м қыскартады. Естілген сөздерді зерттелуші адам қаттырақ қайталайды. Егер зерттелуші адам 5 м-ден де естімесе оны тағы 1м жақындатады да, қайтадан естуін анықтайды. Бұл зерттеу адам барлық сөздерді естігенше дейін қайталанады. Есту өткірлігі метрмен көрсетіледі. Есту өткірлігі - қандай ара қашықтықтан зерттелуші адам сыбырлап айтқан сөзді толық еститінін көрсетеді.
Жоғары дыбысты адам 20 м қашықтықтан ести алады. Құлағының есту қабілеті көп төмендеген адамда есту өткірлігі әдеттегідей сөйлеумен анықталады (сөздер тізімін қараңыз).
Адамның есту өткірлігін анықтау үшін қолданылатын сөздердің тізімі (сөз дыбыстары біріне-бірі ұқсас болса олардың естілуі қиындайды, әсіресе құлақтың есту қабілеті төмендесе):
жар
қар
қор
зор
кел
келін
жетім
алыс
таныс
мақта
қымбат
қызу
өндіріс
өсімдік
өтініш
есеп
кесе
шығын
тығын
өткен
жұмыс
күміс
тілек
білек
көл
кел
кесек
төсек
еңбек
бала
тақта
кезек
қимыл
жаңбыр
күн
түн
дара
қара
табыс
кіріс
кеткен
іздену
тозу
қозу
жазу
қазу
ұлт
кілт
балық
салық
қалық
ұтым
күтім
қалау
нарық
қалық
есеп
шарт
қарт
сан
таң
дәрі
сылау
сипау
жарық
қарық
Достарыңызбен бөлісу: |