Жеке жазылу шылар үшін индексі 65202


 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата16.02.2017
өлшемі3,86 Mb.
#4189
1   2   3   4   5   6

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және 

(немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және 

(немесе)  олардың  қызметкерлерінің  шешімдеріне,  әрекетіне  (әрекетсіздігіне)  шағымдану 

тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (не-

месе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: жазба-

ша түрде Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша 

көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымды  қабылдаған  адамның  аты-жөні,  берілген  шағымға  жауап  алу  мерзімі  және  орны 

көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен 

күні)  шағымның  қабылдануын  растау  болып  табылады.  Шағым  тіркелгеннен  кейін  көрсетілетін 

қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін 

жолданады. 

ХҚКО  қызметкерінің  әрекетіне  (әрекетсіздігіне)  берілген  шағым  ХҚКО-ның  www.con.gov.kz 

интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Орталықтың басшысына 

жолданады. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  көрсетілетін  қызметті  берушінің,  ХҚКО-ның 

мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес 

жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 

Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нәтижелерімен  келіспеген  жағдайда,  көрсетілетін  қызметті 

алушы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау  және  бақылау  жөніндегі  уәкілетті  органға 

шағыммен жүгіне алады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның ме-

кенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес 

жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 

жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12.  Көрсетілген  қызмет  нәтижелерімен  келіспеген  жағдайда,  көрсетілетін  қызметті  алушы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 



4.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің,  оның  ішінде  электронды  нысанда  және  халыққа 

қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере оты-

рып қойылатын өзге де талаптар

13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алу-

шылардан  мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттарды  қабылдауды  ХҚКО  қызметкері 

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша барып жүргізеді. 

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда Пор-

тал арқылы көрсетіледі. 

15.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  тәртібі  және  жағдайы  туралы 

ақпаратты  қашықтықтан  қол  жеткізу  режимінде  Порталдың  «жеке  кабинеті»,  мемлекеттік  қызмет 

көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі 

жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

16.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселесі  жөніндегі  анықтама  қызметтерінің  байланыс  теле-

фондары  Министрліктің  www.edu.gov.kz  интернет-ресурсында,  «Мемлекеттік  қызмет»  бөлімінде 

көрсетілген. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 

8-800-080-7777, 1414. 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

СТАНДАРТ ГОСУДАРСТВЕННОЙ УСЛУГИ


1 қараша 2014 жыл

6

Igiman01@mail.ru



Электрондық 

сауда туралы 

“Электрондық  сауда  тура-

лы  есеп”  (коды  6951104,  индексі 

Э-сауда 


кезеңділігі 

жылдық) 


жалпымемлекеттік  статистикалық 

байқаудың  статистикалық  ныса-

нын  толтыру    жөніндегі  нұсқаулық 

“Мемлекеттік  статистика  туралы” 

Қазақстан  Республикасы  Заңының 

12-бабы 7-ші тармақшасына сәйкес 

әзірленген және “Электрондық сау-

да туралы есеп” жалпымемлекеттік 

статистикалық  байқаудың  статис-

тикалық 


нысанын 

толтыруды 

нақтылайды. 

Келесі 


анықтамалар 

осы 


статистикалық    нысанды  толты-

ру  мақсатында  қолданылады:  1) 

интернет-ресурс-ашық ақпараттық-

коммуникациялық  желіде  әрекет 

ететін  электрондық  ақпараттық 

ресурс,  оны  жүргізу  және  қолдану 

технологиясы 

сонымен 


қатар 

ақпараттық  –өзара  іс-қимылды 

қамтамасыз 

ететін 


ұйымдық 

құрылым:  2)  көтерме  сауда-жаңа 

және бұрын пайдаланылған тауар-

ларды бөлшек сауда сатушыларға, 

өнеркәсіптік, 

коммерциялық, 

институционалдық  немесе  кәсі-

би 


пайдаланушыларға 

неме-


се  көтерме  сауда  сатушыларға, 

сондай-ақ  агенттер,  маклерлер 

немесе  компаниялар  атынан  тау-

арлар сатып алу немесе оларға та-

уарлар сату кезінде агенттер неме-

се  маклерлер  міндетін  атқаратын 

тұлғаларға  қайта  сату  /өңдемей 

сату/;    3)  электрондық  цифрлық 

қолтаңба 

/ЭЦҚ/-электрондық 

цифрлық  қолтаңба  құралдарымен  

жасалған әрі электрондық құжаттың 

дұрыстығын,  оның  тиістілілігі  мен 

мазмұнының  өзгерместігін  рас-

тайтын  электрондық  цифрлық 

символдардың  жинағы  ретінде 

ұсынылған  жеке  тұлғаның  өз 

қолының аналогы.



О.КЕСИКБАЕВА,

Сарқан аудандық статистика 

басқармасының 

жетекші маманы.

Екінші ана аталатын, мектептің 

жүрегі саналатын ұлы тұлға-

ол ұстаз. «Ұстазы жақсының 

ұстанымы жақсы», - дейді осы 

орайда қазақ халқы. Сол сияқты 

менің де мейірімді де сүйкімді 

апайым бар. Ол Гүлзия апай. 

Мен апайыммен мақтана ала-

мын және мақтан тұтамын.

Бізді яғни, кемел келешегімізді 

толыққанды тәрбиелейтін де 

ұстаз екені барлығымызға 

мәлім. Менің ойымша өнегелі 

апайымыздан үлгі алған шәкірт 

әрине үлгілі болары хақ. Маған 

Гүлзия апайдан басқа ұстаздар 

да ұнайды. Мен екінші анам 

атана білген осы апайларыма 

алғыс айтамын.



Д.ИСКАКОВ,

Абай атындағы мектеп-

гимназияның 8 б сынып 

оқушысы.

«Жақсы 


кітап-жан 

азығы».


Кітапхана  –  ғасырдан  ғасырға 

адамзат  тарихының  керуенін  сүрін-

дірмей  әкеле  жатқан,  шырағы  биік 

парасаттылық  пен  білімділіктің, 

байтақ пен біліктіліктің киелі ордасы.

Жастарды кітап оқу мәдениетіне 

тәрбиелеуге,  олардың  поэзияға 

деген  қызығушылығын  арттыруға, 

талғамына, 

таңдауына 

сай 

әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, 



оқуға  деген  көзқарасын  өзгерту. 

Міне  осындай  жұмыстарды  атқару 

кітапханашының  тікелей  міндеті. 

Кітапханадағы көпшілік жұмыстардан 

қызметкер  ретінде  маған  ұнайтыны, 

жастардың 

қарым-қатынасын 

қалыптастыратын,  олардың  пікір 

алмасу арқылы ойларын өрістететін 

ортаның-әдеби клубтардың жұмысы. 

Жастардың  бетін-кітапқа  бұрып, 

ықыласын  кітапханаға  аударатын 

іс-шаралардың 

жұмыстарының 

жастарға берері мол. 

Кітапханадағы 

барлық 

іс-


шаралар 

мақсаты-қазақ 

ақын-

жазушыларының  шығармашылығын 



насихаттау,  қазақ  поэзиясына  деген 

сүйіспеншілікті  арттыру,  қарым-

қатынас жасайтын орта құру, жоғары 

өнегелі  байланысты  ұйымдастыру 

болып 

табылады. 



Аудандық 

кітапханада  мерейлі  мерекелерге, 

атаулы  даталарға  орай  түрлі  шара-

лар өткізіледі. Солардың бір парасы 

Кәкімжан  Қазыбаевтың  85-жылдық 

мерейтойына  орай  «Көзден  кетіп, 

көңілде  қалған»  танымдық  сағаты 

өтті.  Сонымен  бірге  «Өткен  күндер 

елесін  кітаптан  оқып  білерсің...» 

библиографиялық  шолу,  «Елім  деп 

соққан, жүрегі» кітап көрмесі өткізіліп, 

безендірілді. 

І.Жансүгіровтың 

120-жылдық мерейтойына орай «Да-

ладай  дархан,  Құлагердей  тұлпар, 

күйші  сыршыл-Ілияс  бабам»  әдеби-

сазды кеш ұйымдастырылды. Тілдер 

мерекесі қарсаңында  «Тілге құрмет-

елге құрмет» әдеби-сазды кеш өтті. 

«Жұрт 


дегенде 

жұмылып, 

ел 

дегенде 


еміреніп 

қызмет 


қыл»  деп  даңқты  қолбасшымыз 

Б.Момышұлы 

тағылымдағандай 

ортақ  болашағымыздың  баянды 

болуы  үшін  біздің  ұжымымызда 

да  ұйымшылдықпен  жұмыс  жа-

сап  жүргендер  жетерлік.  Олар: 

К.Бектемисова, 

А.Молдағалиева, 

Н.Омарбекова, 

Д.Оразбаева, 

Л.Кулумбетова, 

Т.Ахметова, 

А.Нурпейсова, 

М.Курманбаева, 

К.Аубакирова, 

А.Тусупбекова 

және  т.б.  Семинарға  қатардағы 

қызметкерлерден бөлек ұзақ жылда-

рын осынау салаға арнаған кітапхана 

ардагерлері  де  шақырылып,  оларға 

сый-құрмет көрсетілді.



А.СЕЙПОЛДИНА,

кітапхана әдіскері.  

«Кітапханашы»-мәртебелі мамандық

А

удандық  кітапхананың  ұйымдастырып    ауыл  кітапханашы 

қызметкерлерінің  қатысуымен  15-қазан-кітапханашылар  күніне 

орай «Кітапханашы-мәртебелі мамандық»  атты семинар трениг өтті.  

Біз  Қазақстан  атты  егемен  елдің  азаматы  болғандықтан  ешкімге 

жалтақтамай  ана  тіліміз-қазақ  тілін  биікке  көтеруіміз  керек.  Міне,  осы 

мақсатта  біздің  мектебімізде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдері 

М.Жумалиева  мен  Е.Оразбекова  «Самға  тілім,  шарықта»  атты  тілдер 

мерекесіне орай жалпы мектепішілік іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ атал-

мыш тақырып аясында оқушылар үгіт бригадасын құрды. Сынып жетекшілер 

«Тілім  менің-тірлігімнің  айғағы»  атты  сынып  сағаттарын,  «Ана  тілің-арың 

бұл»  тақырыбында  сурет  көрмесін  және  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

ұстаздарының мұрындық болуымен «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» ата-

умен шығарма байқауын өткізді. Қазақ жерін мекен етуші ұлттар татулығын 

тәлімдеген  өзге  мұғалімдер  де  тартынып  қалмады.  Атап  айтсақ  орыс  тілі 

пәнінің ұстаздары «Бір шаңырақ астында тату тұрамыз» атауында түрлі ша-

ралар өткізді. Өкшемізді басқан ізбасарларымыз-төменгі сынып шәкірттері 

де  «Ана  тілім-айбыным»  мәнерлеп  оқу  сайысына  қатысып,  өз  өнерлерін 

ортаға салды. 

Ал  халықаралық  қатынас  тілі-ағылшын  тіліне  келсек  бұл  пән 

мұғалімдері  ұйымдастырған    «Бақытты  ағылшын»  сайысы  оқушылардың 

тілді  қаншалықты  меңгергендігін  көрсетті.  «Қазақ  тілін  білу  әр  азаматтың 

парызы»  дөңгелек  үстелін  тарих  пәнінің  мұғалімдері  өткізді.  Үстел  басы-

на жиналғандар қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді қозғап, өз ойларын 

білдіріп, пікір алмасты. Мереке қорытындысында түрлі ұлттардың береке-

бірлігін айғақтайтын әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер насихатталды.

Мектепте өткізілген осынау мереке бізді мынадай ойға жетелейді. Тілді 

білмей  өзге  нәрсені  білем  деу  бос  әурешілік.  Ұлт  тілінің  болашағы  үшін 

бәрімізде  жауаптымыз.  Олай  болса  біз  де  бар  мүмкіндікті  пайдаланып, 

тіліміздің ұмытылмауына, әрі орынсыз шұбарлануына жол бермеуіміз керек.

А.АЛЬДЖУМАНОВА,

Ақын Сара атындағы орта мектептің 10 б сынып оқушысы.

Самға тілім, шарықта



«Жас Ұлан» кубогіне арналған 

футбол турнирі өтті

Халықтың  денсаулығы-ел  дамуының  аса  маңызды  тұтқасы, 

болашағымыздың  кепілі.  Балалар  мен  жасөспірімдер  денсаулығына 

айрықша 


көңіл 

бөлу  қажет,  се-

бебі  жастар-бола-

шақтың 


алтын 

тірегі.  Сондықтан 

салауатты 

өмір 


салтын  насихат-

тап, 


жастарды 

спортқа  бейімдеу 

«Сарқан 

ауда-


ны 

жастары» 

ф и л и а л ы н ы ң 

мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  Қазан  айының  17  күні  аудандық 

спорт  бөлімімен  бірлесе  балалар  мен  жасөспірімдерді  дене  шынықтыру 

тәрбесіне  және  спортқа  қызығушылықтарын  арттыру,  денсаулығына  де-

ген  жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру,  дарынды  футболшыларды 

анықтау  мақсатында  «Спорт  есірткіге  қарсы»  атты  үлкен  футбол  ойыны 

өтті.  Футболға  аудан  көлемінде  8  команда  қатысып,  өзара  мықтыларын 

анықтады.  Ойын қорытындысы бойынша Ақын Сара атындағы ОМ 1-орын, 

Лепсі  ауылы  2-орын,  Алтынсарин  атындағы  ОМ  3-орынды  иеленді.  Үздік 

ойыншылар:  Ыдырыс  Қайыржан  (Ушинский  ОМ),  Құрманғалиев  Сырым 

(Ақын  Сара  ОМ),  Тұрарбек  Темірлан  (Ы.Алтынсарин  ОМ)  және  жеңімпаз 

командалар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. 



Д.КАИПОВ, 

«Сарқан ауданының жастары» орталығының жетекшісі.

  16  қазан  күні  Сарқан  қаласы 

«Алатау»  бильярд  клубында    "Жас 

Отан"  ЖҚ – ның  Сарқан аудандық фи-

лиалы,  аудандық  жастар  ресурстық 

орталығының 

ұйымдастыруымен 

Елбасының  "Мәңгілік  ел"  идея-

сын  қолдау  аясында  аудан  жаста-

ры  арасында  алғаш  рет  "Еркін  Пирамида"  бильярд  ойынынан  турнир 

ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты: Мемлекеттік жастар саясатын 

жүзеге асыру, жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына ықпал ету, 

жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, жастардың бос уақыттарын 

тиімді  пайдалану  және  аудан  көлемінде  бильярд  спортында  үздіктерді 

анықтап,  облыстық  бильярд  турнирларына  қатыстыру  болып  табыла-

ды. Шараға қала және ауылдық округтерден келген ерікті он бес ойыншы 

қатысты.

Шара  қорытындысы  бойынша  жеңімпаздар:  1-орын  Сайлауұлы 

Нұрсұлтан  (Алмалы  ауылы),  2-орын  Кубентаев  Аслан  (Сарқан  қаласы), 

3-орын Жантасов Бауржан (Аманбөктер ауылы). Барлық жеңімпаздар мен  

ойыншылар  бағалы  сыйлықтармен,  алғыс  хат  және  дипломдармен  ма-

рапатталды. Аталған іс шара жыл бойы өз жалғасын тауып, жеңімпаздар 

бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.  Осыдан  бір  жыл  бұрын  ауданы-

мызда  бірде  –  бір  бильярд  ойын  клубы  болмаған.  Қуанышқа  орай  биыл 

қаламызда  бірден  үш  бильярд  ойын  клубы  ашылып,  жұмыс  істеуде.  Бұл 

дегеніміз жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға өз септігін тигізеді 

деген сенімдеміз.

А.КУБЕНТАЕВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі.

«Мәңгілік Ел» 

атты 

бильярд ойыны

Ұстаз-ұлы 

тұлға

Жастар - келешектің 

айнасы

Жастарға  арналған  сөзінің 

бірінде  Елбасы  Нұрсұлтан  Назар-

баев  «Біздің  жастарымыз  оқуға, 

жаңа  ғылым  мен  білімді  игеруге, 

жаңа  мамандықтар  алуға  білім 

мен  техниканы  күнделікті  өмірде 

шебер де тиімді пайдалануға тиіс.

Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді 

жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен 

қамтамасыз  етуіміз  керек»деген 

болатын.  Жастарға  деген  үлкен 

сенім  мен  зор  үміттің  орында-

латыны  белгілі.  Елдің  қуаты  мен 

қозғаушы  күші  де-осы  жастар.

Жастардың  сапалы  білім,саналы 

тәлім-тәрбие  алып  саламатты  бо-

лып  өсуі  тәрбиеге  байланысты. 

Болашағымыздың білімді де, сана-

лы ұрпағы осы жастар емес пе?!

Жастар  келешектің    негізі  

ретінде  жеке  білімділігімен,  жа-

сампаз  еңбегімен,  күш  жігерімен 

өз  болашағын  құрудың  жаңа 

мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар 

XXI  ғасырда  дамыған,  бәсекеге  

қабілетті    және  әлемдегі  абыройы 

биік  мемлекет-жаңа  Қазақстанның 

қалыптасуын 

белсенді 

түрде 

жалғастырушы  буын    болуы  тиіс. 



Елбасымыз ”Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ”  атты  Жолдауын-

да  еліміздің  ертеңі  жастарды  за-

манауи  ілім-білімді  меңгеруге, 

халқымыздың  игілігі    жолындағы  

ұлы  мақсаттарға қатысуға  шақы-

рады.  Жас  буынға    қарата  айтқан 

бұл  сөз  тек  жастар  біздерге  арна-

лады.  Оны  жүзеге    асыратын  да, 

жемісін  көретін  де  біз    екенімізді 

ұмытпайық жастар!

С.САНСЫЗБАЙ,

Амангелді ауылдық 

округінің жастар жөніндегі 

әдіскер  нұсқаушысы.                                      

Бақалы  ауылдық  округінде   

Халықаралық 

қарттар 


күніне 

арналған  ел  көлемінде  аталып 

өтіліп  жатқан  осынау  игі  шара-

дан шет қалмай «Қарттарым асыл 

қазынам»  атты  мерекелік  ша-

расын  өткізді.  Кешті  ауыл  әкімі 

Күрішбаев  Арын  Тұрсынханұлы 

ашып, 


қарттарға 

қамқорлық 

–  біздің  халқымыздың  сана-

сына  терең  сіңген  қасиет.  Ел 

президенті  Н.Назарбаевтың  са-

рабдал  саясатының  арқасында 

Қазақстанда 

ардагерлерге 

қамқорлық  жасауда  ауқымды  шара-

лар іске асырылуда. Үлкенді сыйлау, 

оларға құрмет көрсету – ата-бабадан 

келе  жатқан  салтымыз.  Қарттар  – 

біздің  асыл  қазынамыз.  Олай  болса 

осында  отырған  аталарымыз  бен 

апаларымыздың  мейрамы  құтты 

болсын- деп  ауыл ақсақалдары мен 

ақжаулықты  апаларға  өзінің  ыстық 

ықыласын    білдірді.  Ауылымыздың 

ақсақалдар  алқасының  төрағасы 

С.Садыбаев өз кезегінде  ақсақалдар 

мен  апаларға  батасын  беріп,  ұзақ 

ғұмыр тіледі.

Құттықтаймыз  мейрамыңмен  ата-

лар!


Әр күлгенің бізге бақыт саналар. 

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің,  жұртың,  ұл  мен  қызың 

бағалар,  -  деп  кешті  кітапханашы 

Сауле 

Құрманғалиева 



ба-

стап,  ақсақалдар  мен  әжелерді 

жайылған ақ дастарханға шақырды. 

Концерттік  бағдарлама    қариялар 

көңілдерін  көтеріп  қуаныш  сый-

лады. 


Жастар 

ісі 


жөніндегі 

әдіскер  нұсқаушы    А.Төленбаев 

және 

спорт 


нұсқаушысы  

М.Есімхановтың  мұрындық  бо-

луымен  ауыл  ақсақалдары  мен 

жастар  арасында    шахмат,  дой-

бы  сайысы  ұйымдастырылды. 

Ойын 


жеңімпаздары 

мақтау 


қағаздарымен  және сыйлықтармен 

марапатталды.  Ауыл  ақсақалдары 

өз 

кезегінде 



осы 

шараны 


ұйымдастырған  ауыл  әкімшілігіне, 

мектеп  ұжымына,  дәрігерлік  пункт 

ұжымына    ризашылығын  білдіріп, 

батасын берді.   



Э.СКАКОВА,

Бақалы ауылдық 

кітапханашысы.

Қарттарым асыл қазынам

Әкімшілік  жаза  ұғымы  және  мақсаттары.  Әкімшілік 

жаза,  осыған  заңмен  уәкілеттік  берілген  судья,  орган-

дар  (лауазымды  адамдар)  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

жасағаны  үшін  қолданатын  мемлекеттік  мәжбірлеу  ша-

расы  болып  табылады  және  осындай  құқық  бұзушылық 

жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен 

бостандықтарынан  айыруға  немесе  оларды  шектеуге 

соғады.


Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілік қалпына келтіру 

және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талап-

тарынан  сақтау  және  құқық  тәртібін  құрметтеу  рухында 

тәрбиелеу,  сондай-ақ  құқық  бұзушының  өзінің  де,  сол 

сияқты  басқа  адамдардың  да  жаңа  құқық  бұзушылық 

жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкімшілік  жаза  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

жасаған  адамға  тән  азабын  тарттыруды  немесе  оның 

адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды 

тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.

Әкімшілік  жаза  мүлікті  залалдың  орнын  тол-

тыру  құралы  болып  табылмайды.  Әкімшілік  құқық 

бұзушылықтан  келтірілген  зиянның  орны  Кодекстің  64 

бабында көзделген тәртіппен толтырылады.



Д.ДЮСЕМБЕКОВА,

Сарқан ауданы әділет басқармасының 

қызметкері.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 

Кодексінің 44 бабы

"

Хабарландыру  *  Объявления

1 қараша 2014 жыл

7

Igiman01@mail.ru

ТЕЛЕДИДАР БАЃДАРЛАМАСЫ

Дүйсенбі-Понедельник 3 қараша

Сейсенбі-Вторник  4 қараша

Бейсенбі-Четверг  6 қараша

Сенбі-Суббота 8 қараша

Жексенбі-Воскресенье 2 қараша

ЕСКЕ АЛУ

Сәрсенбі-Среда  5 қараша

Продается  фазенда.  Адрес:  с.  Екиаша, 

урочище  «Кипчак»  Жунуспекова  У.А.  Сад 

яблоневый  (горный  чернозем)-9  га,  богар-

ный пашня-25 га, сенокос-12 га, пастбище-49 

га.  Дом  3-х  комнатный,  трансформатор, 

баня,  поднавес,  сарай,  подвал.  Продадим 

з/н расчет или обмен на квартир в г. Талды-

коргане. 



Обращаться  по  адресу:  г.Саркан, 

ул.Кабанбай  батыра  №91,  тел:  2-19-08, 

87016510499.

Продам большой дом (120 м²) , летняя 

кухня  соединено  с  домом,  отапливаемый 

переходом.  Отопление  на  твердом  топливе, 

электричеством (за сезон 5 тн. угля), сан узел 

в доме, баня, сарай с погребом, гараж, навес 

большой. 



Обращаться по адресу: г.Саркан, 

ул. Достык №8, тел: 2-00-38 (после 18-00), 

87752292285.

Жұма-Пятница 7 қараша

Продается  дом  с  магазином.  Срочно, 

не  дорого,  частично  мебелированный.  Име-

ется все надворные постройки: баня, гараж, 

сарай, сад, огород, двор бетонированный. 5 

жилых комнат, кухня 16 м², веранда утеплен-

ная, отопление из кухни, вода в кухне, в доме, 

на улице.    

Обращаться: г. Саркан, ул. Ауэ-

зова  103/1,  тел.  2-55-87,  сот.  87771538713, 

87778167213.

Продам дом по ул. Нурбекова (Степная) 

18.  Дом 3-х комнатный,  имеется кухня, га-

раж, баня.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет