Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


АНА ТІЛІ 10 №6 (1316)  11 – 17 ақпан 2016 жыл АНА ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

АНА ТІЛІ

10

№6 (1316) 



11 – 17 ақпан

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Үндістан туралы әңгіме қозға л  са, 

көпшілігіміз  шексіз  мүм кін діктерге 

ие йогтарды еске аламыз. Йогтар 

айлап ұйықтамайды, апталап 

ас ішпей ді, жүрек соғысы мен 

тынысын өз қалауымен тоқ тата 

алады дейміз. 

Тарихшылар Үндістанда 

медицина ерте замандардан 

әжептәуір дами бастады деген 

пікірде. Ең ежелгі санскрит 

дереккөзі – Ригведада (шамамен б.д.д. 1500 ж.) ауруға 

қарсы оқылатын дуалар бар екендігін келтіреді. Аюр-

ведада да (шамамен б.д.д. 700 ж.) медицинаға қатысты 

мәліметтер кездеседі. 

Христиан дәуірінің бастапқы кезеңінде өмір 

сүрген Чарака және Сушрута (шамамен б.д.д. 500 

ж.) Үндістанның ұлы медиктері саналады. Мәселен, 

Сушрута жүзден астам хирургиялық саймандарды 

сипаттаған, 760 дәрілік өсімдік тізімін құрастырған. 

Ол безгек, оба, туберкулез (Үндістанда ол «король 

сырқаты» деп аталған) және шешек туралы жазған. Оба 

мен егеуқұйрықтар, безгек пен масалар арасындағы бай-

ланысты дәл осы Сушрута анықтаған деген пікір де бар.  



Жақыпжан НұРғоЖа

Жер бетінде сиқыр өнері қанша ғасыр өмір сүрсе, ол сонша ғасыр бойы адамдар-

ды таңғалдырумен, тамсандырумен келеді. Сиқырдың сырын білу, оның жұмбақ 

тұстарына бойлау қарапайым халық үшін әрі қызық, әрі құпиясы ашылмайтын 

тылсым дүниедей әсер береді. 

Менің кейіпкерім Ғабдукамал Конкараевты, өзінің айтуынша, бұл өнерге өмірдің 

өзі әкелген. Ол сиқыр өнерін меңгеруді 40 жасында бастапты. Бүгінде Камал деген 

есіммен танымал болған өнерпаз Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданын-

да мектепте сурет және еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарыпты. 1990 

жылдары Алматыға қоныс аударған соң 7 жылдай әртүрлі жұмыстарды істепті. 

Газет-журнал сатқан, күзетші, аула тазалаушы да болған. Бәрі де күнкөрістің қамы 

ғой. Бірде «Көк базарда» шемішке сатып жүрген жерінен милиция сержанты ұстап 

әкетіп, қамап қойыпты. «Мен қылмыскер емеспін, мұғаліммін» десе де тыңдамай, 

жауып тастапты. 



өнер өлкесінде

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

сіз Білесіз Бе?

Тыңдашы кел, жақындап, 

Шешен, ділмар «ақылды-ақ». 

Қабырғадан күн шықпай, 

Оятады қақылдап.

Ермектің өрмегін, 

Көргемін, көргемін!

Өрнектеп өрнегін, 

Өрмектеп бергемін. 

(Радио)

зәйтүн – қартаюдың алдын 

ала тын тамаша өнім. Оның 

құра мында олеин қышқылы, А, 

D, Е дәрумендері бар. 

Батыстағы белгілі дәрігер-

биолог Кармен Гомез бірнеше 

зерттеу жүргізіп, зәйтүннің 

денсаулыққа пайдалы екен-

дігін дәлелдеді. Оның пікірі 

бойынша, егер күніне 7 зәй-

түн жемісін жейтін болсақ, 

тәнімізді қартаюдан сақтайтын заттардың тәуліктік 

мөлшерімен қамтамасыз етеміз. Зәйтүн құрамындағы 

олеин қышқылы қандағы холестеринді төмендетеді. 

Жасұнық асқорытуды жақсартады, сонымен бірге 

кейбір обыр түрлерінің қаупін де төмендетеді. 

ХіХ ғасырда Франция тұрғындарының төрттен бірі 

француз тілін білмейтін. Бұл дегеніміз, 4 миллионға 

жуық оқу жасындағы баланың ана тілі емес еді. 

 «Француз ұлты» аталған саяси жобаны табыс-

ты жүзеге асыру нәтижесінде ұлттық бірлік орнап, 

бүгінгі біртұтас француз халқы қалыптасты. Бис-

марк тұсында милитаристік Пруссияның аясында 

«біріккен неміс ұлты» құрылмағанда, үш туыс ұлт 

– австриялықтар, пруссиялықтар мен баварлықтар 

үш бөлек саяси қауым, яғни, дербес үш ұлттық мем-

лекеттер болып кетуі мүмкін еді. Қазір сол герман 

халықтары біртұтас неміс ұлтын құрайды және Гер-

манияда тек неміс ұлтының мүддесі үстем. 

Франция ұлттық мемлекет құруда аумақтық, 

аза маттық бірлікке сүйенсе, Германия этномәдени 

біртек тілікті басшылыққа алды. Германияда неміс 

мәдениеті, неміс тілі мәдени біртектіліктің өзегін 

құраса, Францияда бұл француз аумағындағы 

француздық азаматтық бірлік, мәдениет санала-

ды. Барлық тұрғындар өздерін «француз азаты-

мыз» деп санайды және француздық мәдениет пен 

құндылықтарды ұстанады. 



Ғалымдар Байкал көлінің 

суынан у тапты. Сакситоксин 

деп аталатын бұл зиянды зат 

ақуыздарға жатпайды. 

Ғалымдар бұл уды көл түбін 

мекендейтін омыртқасыз жа-

нуарлардан тапқан. Ғылыми 

атауы губка аталатын бұл жа-

нуарлардан жаңа микроағзалар 

–   ц и а н о б а к т е р и я л а р   д а 

анықталған. Сакситоксин 

паралитикалық у болып табылады. Ол бұлшықет пен 

жүйке импульстерін сал ауруына ұшыратып, жан-

сыздандырады. Сакситоксин химиялық қару ретінде 

қолданылуы мүмкін.



Отэра – Будда ғибадат ха насы. Тэра таңбасының 

алдына хито (кісі) таңбасы тіркелгенде ғибадатхана 

ұғымы шығады.

Шығыс тілінде самурай мен отэра сөздерінде 

бірдей таңбаның болуы философиялық астарға ие. 

Ал, тэраның алдына гэн таңбасы келгенде жыр, 

өлеңді білдіретін ши иероглифі көрінеді. Жыр мен 

самурай ғибадатханаға тәуелді ұғымдар. Сан алуан 

зілзалада, ғибадатханалардың бүтін қалуын жапон-

дар осы қасиетті үйдің киесінен деп біледі. Көне жыр 

орамдары осы ғибадатханаларда сақтаулы. 

жасырдыМ жұМБақ

қайталап көріңіз

артық БолМас Білгенің

Білгенге – Маржан 

таБИғат сыры 

таныМ 

Медицина Үндістанда 

бастау алған ба? 

Зәйтүннің пайдасы қандай?

Тілін білмеген түбін білмейді

Байкал көлінің жұмбағы 

Отэра ғибадатханасы

Проза

(әңгіме-эссе)

бір жұтым күн

Сол жағдай өміріне үлкен соққы беріпті. 

Әрі-бері ойлана келе елімізде кенжелеу дамыған 

өнердің түрі – сиқырмен айналысуды жөн көріпті. 

Кітапханаға барып, сиқыр туралы кітаптарды 

алдырып, оқи бастаған. Әр ғасырда өмір сүрген 

сиқыршыларды зерттепті. Мысалы, ХХ ғасырда 

күллі әлемді таңғалдырған америкалық сиқыршы 

Дэвид Корперфильд, ХІХ ғасырда Гари Гудини, 

ХVIII ғасырда қытайлық сиқыршы Фу Син Е, XVI 

ғасырда норвегиялық Мэттью Бучингер тәрізді 

сиқыр шылардың өмірі мен шығармашылық жо-

лын, кітаптарын оқуға ден қойған. 

– Сиқыр өнері Вавилоннан басталған. Содан 

әрі Қытайда, Батыста дамыды. 3 айда осы өнер 

туралы 60-қа жуық кітапты тапжылмай оқып 

шықтым.  Сиқырдың даму тарихымен, оның 

ішінде түрлі мектептерімен таныстым. Суреттерін 

салдым, схемаларын сыздым. Түрлі нұсқаларды 

жасадым. Бұл істі бастағанымда менде сиқыр 

туралы ешқандай ақпарат болған жоқ. Біреуден 

сұрасаң ешкім айтпайды. Ұстаз да, үйрете қоятын 

адам да жоқ. Содан біраз әдебиеттермен таныс 

болған соң, сиқырды өз бетіңше үйреніп, меңгеріп 

алуға болады екен ғой деген ой келді. Жүрегімді 

тыңдасам, жасай алатын сияқтымын. Жолым бо-

латындай сезілді. Менің бағыма қарай – өмірімде 

жақсы адамдар кездесті. Солар менің өнерімнің 

өрлеуіне, дамуына ықпал етті, жолымды ашты деп 

айта аламын, – дейді. 

Камал Конкараев сиқыр өнерінің бес ғасырын 

қамтитын кітаптардың барлығын оқып шығып, 

теориялық білімін толықтырған соң, оны іс жүзінде 

қалай бастау керектігі жөнінде көп ойланыпты. 

Ойлана келе, бір мықты режиссерден ақыл-кеңес 

сұраған. Ол Камалдың жасын білгеннен кейін бәрі 

де кеш екенін (ол кезде сиқыршының жасы 40-та 

болған екен – Авт.), сиқырды ерте жастан бастау 

керектігін айтып: «В возрасте Калинина нельзя 

играть Онегина» деп шарт кесіпті. 

«Режиссердің бұл сөзі менің барлық үмітімді, 

жігерім мен талпынысымды құм еткендей бол-

ды. Екі-үш күн есімді жия алмай жүрдім» дейді 

сиқыршы. Сөйтіп, есін жиған соң көздеген 

мақсатына қалайда жетуді ойлапты. Кітаптарды 

оқуды, сиқырдың тарихымен егжей-тегжейлі та-

нысуды жалғастырып, алғашқы нөмірлерді жасай 

бастапты. Нәтижесі бірден сәтті болып шыққан. 

Басында өнерпаз «мен сиқыр өнерін үйрене 

алмаймын-ау, бұл қиын өнер ғой» деп өз-өзіне 

деген сенімін нықтай алмапты. Үмітімнен күдігі ба-

сымдау болып жүргенде бұл өнерді меңгеруге Мэт-

тью Бучингер деген сиқыршының өмір жолымен 

«Ана тілі» газетінің №2 (1312) 14­20 қаңтар 

аралығында журналист Нұрлан Құмардың 

«Қысқы спортта қазақ баласы неге аз?» деген 

тақырыпта мақаласы  жарық көрген болатын. 

Автор мақаласында қысқы спортта не себеп­

тен қазақ жастары аз екені жайлы бірнеше 

себеп пен талдауды келтірген.

Менің ойымша, барлық жетістіктер – жіті 

тәрбиеге, мақсатын айқындаған пенденің ынта-

жігеріне, оның білікті дәрежедегі үздік үлгілерге 

сай қалыптасуына тікелей байланысты болып 

келеді. Жер бетіндегі ұлттардың негізгі болмыс-

бітім табиғатында, тума қаблеттіліктерінде 

айтарлықтай айырмашылық жоқ, тек ол 

өзгешелік олардың сырт түсі мен пішінінде  

ғана байқалады. Әйткенмен, әрқилы себептерге 

байланысты, еліміздің туматүлектері қысқы 

спорттан кенже қалып келеді. Осы жағдайларды 

ой елегіне, сана таразасына салып сараптап 

көрелік.


Елімізде бұдан 5 жыл бұрын қысқы Азиада 

ойындары өткені белгілі. Бұл байрақты жа-

рыста ел намысын қорғаған және жүлде алған 

спортшылардың басым көпшілігі өзге ұлт 

өкілдері болды. Спорт әлемінде ел туматүлектері 

жетістігінің деңгейі неге төмен? Оның терең 

себептері қандай қатпарлардың  астында жатыр? 

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан 

халықтарының 65 пайызын төлұлттың өкілдері 

құрайды екен. Соған сай, олардың спорттағы 

үлесі де аталған пайыздық мөлшерден көрінуі 

керек емес пе?! Өкінішке орай,  олай болмай тұр. 

Бұл орайда ертеден қазақи психологиялық 

болмысымызды қалыптастырған түсініктердің 

қандай заңдылықтар мен себептерден арқау 

алғандығына тоқталайық. Осынау табиғи қатуыл 

жалпақ кең далада өмір кешу үшін атқа, түйеге 

мініп мал бағу бірінші кәсіп болып саналды. 

Қазақ мал шаруашылығына көп мән берді. Мал 

көзді қажет етті. Сондықтан малдан көз жазып, 

ойын қуып кететін балаларға мынадай мақал ай-

тылатын болған: «Асық ойнаған азар, доп қуған 

тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық-май жеген 

озар». Қазақи психологияны қалаптастыратын 

бағдарлы түсінік  айқын сияқты. Бірақ заман 

күрт өзгерді, ал санамыз сол өткен ғасырлардағы 

түсінікпен әлемдік дүниетанымның, оның 

ішінде қысқы спорт көшінің соңында келеді. 

Қазақтың  басым  көпшілігі осы мақалдағы ой-

мақсатты  психология шырмауынан әлі шыға 

алмай жүр. 

 Қазірде елімізде ән, музыка, әрқилы аспап-

тарды жетік меңгеру, ұлттық өнердің шырқау 

биікке көтерілгенін әлем мойындап отыр. Оған 

аса нәтижелі еңбек еткен білімдар жұлдызды 

музыканттарымыз Жания Аубакирова, Ай-

ман Мұсақожаева, Марат Бисенғалиев, Алан 

Бөрібаевтар және т.б. Спортқа да осындай 

жігерлі, білімді де білікті жетекшілер қажет. 

Дау жоқ, теледидардан  спорт сайыстары жиі 

көрсетіледі. Бірақ бізде спортты ұтымды сипатта 

насихаттау өте төмен дәрежеде. Әр деңгейдегі 

әншілеріміз теледидардың бетін бермейді, 

жүлделер алып, марапатталып жатады. Ол дұрыс 

та шығар. Бірақ ән шырқайтын әншілеріміз 

көп, ал коньки, шаңғымен жүйткитіндер жоқ. 

Сондықтан, ән мен музыканы, сықақ пен ойын-

сауық бағдарламалары көтерілген дәрежеде 

спортты, оның ішінде қысқы спорт түрлерін де 

жіті насихаттау – орынды болар еді. 

Қысқы спорт түрлерін жүйелі дамыту үшін 

ауылдарда өз ісін жанындай жақсы көретін  

білікті бапкерлер қатарын көбейтуді қолға 

алу керек. Шебер дайындалған, келешегі мол  

жасөспірімдерді қаладағы спорт мектептеріне 

ұсынып, олардың талпыныстарын қауым болып 

қолдап, қадағалап отыру дұрыс іс болар еді. Бүкіл 

республика бойынша дарынды түлектерді іріктеу 

жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырса жақсы 

нәтиже берері сөзсіз. Оған немқұрайдылықтан 

арылып, бәріміз де атсалысуымыз қажет. Сонда 

дарынды туматүлектеріміздің  қысқы спортта да 

келешегі мол болары ақиқат. 

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ, 

заңгер

АСТАНА


М

ұқағали баспалдақтан көтеріле 

бергенде, қарсы алдынан Май-

шекин кезіге кетті. Ақын оған 

қос қолын ұсынып, ойнақы түрде, даусын 

соза амандасты.

– Ассалаумағалейкүм, аға!

– Әліксалам! Қалайсың, диктор бала? 

«Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» деп жүрсің бе?

– Шүкір, аға! Қазақ радиосы мына 

жаман ініңіздің даусымен сөйлеп жүр ғой. 

Өзіңіз қалайсыз? Жас таланттардың тұсауын 

кесіп жүрсіз бе?

– Е, өзің де жассың, білесің ғой, өнер 

қуған жас таланттарды дер кезінде танып, 

демеп жүрмесе, жасып қалады... Айтқандай, 

бері жүрші, – Майшекин мұны қолтығынан 

демеп, баспалдақтың табанынан шеттеу 

жерге алып жүрді. – Мен сені бір жас компо-

зитормен таныстырғым келеді. Өзі керемет 

талантты бала. Шәмші Қалдаяқов деген. 

Мүмкін, екеуің шығармашылық одақ құрып 

кетерсіңдер...

– Жарайды, аға, алдымен ол баламен 

танысалық, біліселік. Шығармашылық одақ 

дейсіз бе?.. Оны көрейік, ойластырып... 

Мен әнге сөз жазып көрмеген едім бұрын-

соңды...


– Көретін дәнеңесі жоқ. Сенің өлеңдерің 

мықты... Бір күні таныстырайын, Шәмші 

келіп жатса...

Екеуі сырт жағынан естілген зор дауыс-

тың иесіне бұрылды. Байжанбаев екен аман-

дасып жатқан.

– Ә, Әнуарбек! Жақсымысың, «Қазақ-

тың Левитаны»?!

Әнуарбек Майшекиннің сөзіне масат-

тана күлді:

– Әй, Мақсұтбек аға-ай, мақтауды айта 

білесіз ғой! Сіздің сөзіңізден кейін басы 

ауырып, балтыры сыздап жүрген адам 

да жақсарып сала береді!.. Оңаша тұрып 

қапсыздар? Мына Мұқаңды қарамағыңызға 

алғалы жүрсіз бе? Дұрыс, бұның қолынан 

келеді...

– Е, ағалық ақылымды айтып жатқаным 

ғой. Сендер, жастар, шығармашылық өсуден 

қашпай, тынбай еңбек етулерің керек!

– Дұрыс, аға, дұрыс, – Әнуарбек 

Мұқағалиға иек қағып, Майшекинді 

қолтықтап алып, екеуі сыртқы есікке қарай 

беттеді. – Естідіңіз бе, Қазақ телевизиясы 

ашылғалы жатыр екен...

Мұқағали екеуін көзбен ұзатып салып, 

бір қолын қалтасына салып, баспалдақпен 

жоғары көтерілді. Жұмыс бөлмесіне келіп, 

шұғыл шаруаға кіріссе де, Майшекиннің 

бейнесі көз алдында көлбеңдеп тұрып алды. 

Оның жас композитормен шығармашылық 

одақ құру туралы әлгіндегі ұсынысы ойына 

келе берді.

«Өзі қызық кісі. Артық сөзі жоқ. Үнемі 

ой үстінде. Өте еңбекқор. Отырған ор-

нына біреу шегелеп қойғандай, алдында 

қобырап жатқан қағаздарға шұқшиып 

отырғаны. Осынысы ұнайды. Ғылым 

адамы осындай болса керек-ті. Соған 

қарамастан ұйымдастырушылық қабілеті 

де күшті. Музыка редакциясын басқарып 

келе жатқанына жиырма жылға жуықтап 

қапты. Музыканың жілігін шағып, майын 

ішеді. Өзі де нақышына келтіріп ән салады. 

Мәдениеттiлігінде мін жоқ. Сымбатына 

сыры сай... 

Мақсұтбек аға, әрине, маған жаман-

шылық ойламайды. Жұртқа кеңінен та-

нылсын дейді. Шығармашылық өсу тілейді. 

Бірақ, поэзия туралы менің түсінігімді ол 

қайдан білсін!..».

«Сен ақынсың» демесе де мені ешкім,

Қоямын ба, ақындармен теңестім.

Жетпегенмен Мұзафар мен Сырбайға,

Нұрсұлтаннан қалысатын емеспін...

Осы бір жыр жолдарын оның бұдан 

үш жыл ма екен, төрт жыл ма екен, 

бұрынырақ жазғаны есіне түсті. «Иә-ә, 

содан бері Нұрсұлтаннан озыңқырасам 

да, поэзия төрінен ойып тұрып орын ала 

қойған жоқпын... Жоқ, Мұқа, поэзия – жыр 

кешіндегі президиум емес қой, төрінде 

отыратын! Поэзия – ғылым! Іздену керек! 

Зерттеу керек! Тіл ұстартып қана емес, 

айтар ойды дамыту, тереңіне түсу керек!.. 

Аудармамен айналысқан жөн. Кесек дүниеге 

ауыз салу керек. Мәңгі жасап келе жатқан 

поэзия маржандарын мөлдіретіп аударып 

бер қазаққа! Мәселен, Дантенің «Құдіретті 

комедиясын»...

Жоқ, Мұқа, ән шығармашылығы сенің 

қолың емес...».

Кешке Мұқағали орыс драмтеатрына 

барып, Островскийдің «Без вины винова-

тые» атты қойылымын қызықтады. Актердің 

шеберлігінен бе, Шмаганың бейнесі жадын-

да қалды. Дзержинский мен Виноградов 

көшелерінің қиылысынан жатақханаға 

дейін жаяу жеткенше спектакльдің қызықты 

сәттері көз алдынан кетпеді. 

«Вот рекомендую! Артист Шмага! Ко-

мик в жизни и злодей на сцене... Мына бір 

тұсы ше?.. Незнамов. Позвольте, позвольте! 

Шмагу не трогайте. Во-первых, он весел и 

остроумен, а вы все скучны; во-вторых, он 

хоть дрянь, но искренен: он себя за дрянь 

и выдаёт; а вы все, извините меня, фаль-

шивы...».

«Иә-ә... Уақыт өз рөлімді маған да бөліп 

берген. Соны дұрыстап ойнап шығу жолын-

да мен де тырбанып бағам, әрине. Демек, 

мінездегі жасандылық (артистік) маған да 

бөтен емес-ау...». 

Мұқағали өзіне-өзі мырс етіп күлді.

Ертеңіне жұмыста көңілді жүрді. 

Бибігүлді көріп, құшақтай алды.

– Бибіжан, білесің бе, біз екеуміз Шма-

гамыз, – деп, күлімсіреп, иығынан қысып, 

маңдайынан иіскеді.

– Ағажан, көңіліңіз көтеріңкі ғой, – 

Бибігүл сыңғырлай күлді. – Лашын жеңгем 

ауылдан келіп жатыр ма?

– Жоға, ол ауылда жүрсе де, әрдайым 

жүрегімнің түкпірінде айтылатын аққу-ән 

емес пе?.. Шабыт шалқарында жүзіп жүрмін, 

Бибіжан! Түні бойы өндірте өлең жаздым. 

Соның қуанышы ғой!

– Ой, аға, құтты болсын! Шабы-

тыңыз таси берсін!.. Айтқандай, ағажан, 

білместігімді кешіріңіз, Шмага деген кім?

– Ә, оқасы жоқ, білмегеніңді сұрағаның 

жақсы қайта. Шмага – Островскийдің «Без 

вины виноватые» атты пьесасының кейіпкері 

ғой... Тәңірім сені осы сыңғырлаған үніңнен 

айырмасын деп тілеймін!..

– Рақмет, ағажан! – Бибігүл баданадай 

көздерін жалт еткізе бір қарап, жүгіре ба-

сып, жөнімен кете барды. Мұқағали оның 

жанарында жас мөлтілдеп бара жатқанын 

жүрегімен сезді. Осы сәтте әлдеқайдан жыр 

жолдары құйыла кетті:  

Айналса болар тіліңнен. 

Тіліңнен әрі үніңнен. 

Айырма, тәңір, осы үннен, 

Айырма, Бибігүлімнен!..

«Соңғы шумағын дәп осылай кел-

тірермін, ойда жүрсін» деді іштей...

* * *


«Әй, бала!» – Майшекин ашық тұрған 

есіктен бұған соқпай өтіп бара жатқан 

Мұқағалиды көріп, дауыстап шақырып 

алды. Бөлмеге кірсе, құлағы қалқиған, 

жұқалтаң жүзді бір жігіт орындықтың 

шетінде қырын қарап отыр. Мұны көріп, 

лып етіп орнынан тұрды. Қалбаң-құлбаң ет-

кен бәкене бойлы жас жігіт екен. «Мұқағали 

ағасыз ба?» деп, екі қолын бірдей ұсынып, 

амандасты. Бұл да Майшекин таныстыр-

май жатып, алдында тұрған кісінің Шәмші 

екенін түсіне қойды.

– Шәмші Қалдаяқов деген талантты 

композитор осы інің болады, – деп, ымдады 

Майшекин де. – Өзі әлі консерваторияда 

оқиды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін, 

бағы жанғалы тұрған бала!

– Ә, бұған батылдық үшін «бензин» 

керек екен, – деп, Ізтай дереу бәйек боп, 

қырлы стақанды толтыра арақ құйып, маған 

ұсынды. – Мә, тартып жібер! 

Амал қанша, оның дегеніне көніп, 

қырлы стақанды аузыма дәлдеп тұрып 

төңкеріп тастадым. Өңештен бастап бүкіл 

ішегімді қырық тарам тамырды қуалаған 

ыстық қандай аралап кетті бұл жарықтық...

Енді бір сәтте қарасам, бар даусыммен 

сызылтып ән салып тұр екем. Темекі түтіні 

мен арақтың буы аралас залдың ортасында 

қорғансыз, пәк «Қара көзімнің» нәзік те 

мөлдір сазы қалықтайды... Алайда, неге 

екенін қайдам, ақындардың басы салбырап 

кетіпті.  

– Мынауың ғажап дүние ғой! – Аз ғана 

тыныштықты Қуандықтың оқыс шыққан 

даусы бұзды. – Былай істейік, бала. Мына 

Ізтай менен кішілеу ғой. Бұның алдағы 

өмірінде мұндай қара көздер көбірек кезде-

сер. Сөзін осы жазсын. Ал, мен сендер үшін 

қуанайын.

Осы шешімге тоқтадық. Содан Ізтай 

екеуміз шығармашылық одақ құрдық. Міне, 

ақындар мені осылай «ауыздандырған» еді...

Мұқағали Шәмшінің әңгімесін сүйсіне 

тыңдаған. Кенет ол алдында отырған осы 

бір бәкене бойлы адамның бүкіл бола-

шағын тап бір көзіне елестеткендей болды. 

Неге екенін қайдам, екеуінің тағдыры 

ұқсас сияқты боп көрінді. «Рас-ей, мына 

отырған Шәмші музыка әлеміндегі ақын 

ғой... Қызық, бірақ, түйірдей түйсігім ай-

тады, екеуміз ешқашан шығармашылық 

одақта болмайтын тәріздіміз. Қанша дос 

болсақ та... Өмірде ақындардың бәрі 

жалғыз...».

том?! Действительно, большая новость!..

«Тадарида-дирарай, тадарида-дира-

рай!..». Мұқаң ыңылдап әндеткен күйі 

бөлмесіне аяңдады...

Бір қызығы, Майшекиннің үйіне бара 

қалса, оның бір жартылығы дайын тұрады. 

Мұқаң кейде өзі де қонағының көзіне түскісі 

келмейтін жеңгейден ыңғайсызданып, тар-

тынатын. Бүгін енді ішпей гөр!..

Келші, досым, кел ішелік, кел бүгін,

Ұмытылсын ойымыздан шерлі күн. 

Көтерелік татулыққа, саулыққа,

Бой жадырап, бір тарқасын шер бүгін.

Кел ішелік, ішсек, көңіл басылар, 

Тұманды ойдан тұлғаны аулақ жасырар.

Жеткізбейтін жат дүние, ізгі арман

Біраз минут өзі-ақ келіп бас ұрар.

Кел ішелік, тым болмаса жүз грамм,

Кедейленіп кетпеспіз-ау біз бұдан.

Па, шіркіннің қасиетін көрдің бе?

Жұта салып, тамыр соғып, қызды қан.

Кел ішелік, кетсін бізден уайым,

Көтере алсаң, тағы құрмет қылайын.

Кел ішеміз, ұмытамыз бәрін де,

Кешірмесе, өзі білсін «Құдайың».

Мұқаң осы жолдарды қағаз бетіне он 

жыл бұрын түсірген-ді. Соны еске алып 

отырып, бүгінгі ішудің жөні бір басқа екенін 

ойға түйді. 

«Мақаң ылғи да таңғалдыруын қой-

майды. Мынадай поэзияны қойнында 

қалай жасырып жүр? Бұйығы жүрген жан 

ба? Бу лығып піскен талант иесі ме? Кімсіз 

сіз, Мақа?..». 

Мұқаң қалтасынан шүберекке ораулы 

шыны құтыны шығарды да, алақанына бес-

алты түйір насыбай салып, тілінің астына 

тастап жіберді. Сөйтіп, жұмбағы мол кешкі 

кездесуге іштей дайындалды.

Майшекиннің үйіне дәл айтылған 

уақытында жетіп барды. Мұқағалиды 

табалдырықтан қарсы алған Мақаң «үндеме» 

дегендей сұқ саусағын ерніне апарды да, 

«залға кір» дегенді ыммен білдірді. О, тоба, 

бұл не жұмбақ тағы?.. 

Жеңгей бөлменің қақ ортасында тұрған 

үстелдің бар мәзірін жасап қойыпты. 

Әдетінше, өзі жоқ... 

Мақаң есік-терезені жауып, қымтап 

тастады. Мұқағали күңгірт тартқан бөлмеде 

май шам жанып тұрғанын енді ғана байқады. 

Мақаңның мына қылығы тіпті қызық боп 

көрінсе де, артын бақты...

Майшекин арақтан тартып жіберіп, 

әдет тегі «әй, баласынан» жаңылып, 

«Мұқаш» деп бастады сөзін.

– Мұқаш, сенің Мағжан Жұмабаев тура-

лы естуің бар ма?

– Иә, естуім бар, аға.

– Ендеше, мен де рас-өтірігін білмеймін, 

бірақ, тар ортада айтылған «Сәбит Мұқанов 

«Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – 

ақынның ақыны депті» деген сөз бар. Мынау 

мен автор болған «Бәрінен де сен сұлу» – сол 

Мағжан Жұмабаевтың өлеңі. Осыдан кейін-

ақ оның қандай ақын екендігін шамалай бер. 

– Қалай шамалағанымды өзіңіз де 

білдіңіз ғой, Мақа... Менің білуімше, ол кісі 

ертеректе ұсталып кетті ме емес пе?..

– Ұсталмақ түгілі, «халық жауы» деген 

атақпен атылып кетті!

– Ойпырмай, олай болса, сіз... мына 

сіздің арманда кеткен ақынның өлеңін 

ұрлағаныңыз қиянат емес пе?!

– Әй, бала! Сен мұны не десең, о де... 

Қаласаң, «ұрлық» дей бер. Ал, мен өз 

әрекетімді «ерлік» деймін! Неге десең, 

өкімет Мағжанның өзін өлтіргенмен 

қоймай, қалайда оның атын өшіруге, ал, 

өлеңдерін ұмыттыруға тырысады! Мына 

өкімет тұрғанда Мағжанның есімі енді 

қайтып аталмайды да! Сондықтан, мен 

арманда кеткен асыл ағаның ең болмаса 

бір өлеңін тірілтіп кеткенімді өзіме бақыт 

деп санаймын! «Алмас қылыш қын түбінде 

жатпас» деген. Күндердің күнінде Мағжан 

ақталғанда, жұрт менің де есімімді арашалап 

алады. Түсіндің бе? 

– Сонда да болса, мұныңыз ауыр айыпқа 

жатады-ау...

– Сен енді пәлен-пәштуан дей бер, мен 

істерімді істедім... Анау Шәмші Қалдаяқовта 

өлең Мағжандікі екенін білгенде, шошып 

кетті. Енді сен бала келіп, жүйкемде ой-

нап отырсың!.. Біліп қой, біз Мағжанды 

оқып өскен ұрпақпыз. Ол кісінің менде 

тығулы жатқан бір жинағы бар. Соны саған 

берейін. Сен одан да соны оқып, тәлім 

ал. Болашағыңа пайдасы болмаса, зияны 

жоқ. Бірақ, ескертемін: кітапты ешкімге 

көрсетпе. Және де бұл туралы жұмған 

аузыңды ашпа. Құлып сап қой қақпағыңа!.. 

Осыны айтып, Мақаң үстел басынан 

тұрды. Қабырғаға тақап қойылған диванды 

ысырды да, арқалығына қолын салып, жұқа 

кітапты алып шығарды. Мұқағалиға ұсына 

бергені сол, бұл орнынан ұшып түрегеліп, 

екі қолымен кеудесін басты. Сөйтіп, көзі 

жасаурап, кітапты қос алақанына салып, 

аялай ұстады. Дұға оқығандай ернін жыбыр-

латып, әлдене деп күбірледі. Бұл оның «Қош 

көрдім, аруағыңнан айналайын ардақты 

ақын!» дегені-тұғын...

* * *

Білмеймін, күн өтті ме, жыл өтті ме?



Баяғы байыз таппас жүрек, міне.

Күн, айлар, жылдар өтті, дүр етті де,

Баяғы жүрек қалды.

Жүрек, міне... 

Иә, содан бері он жылдан аса уақыт 

өтіпті. Өзімен, өз ортасымен, айналасын да-

ғы лармен арпалысып өткізген есіл уақыт-ай 

десейші! Ақыр соңында, тепсе темір үзердей 

қылшылдаған қырық жасында жұмыссыз 

қалды. Денсаулығы да сыр бере бастады. 

Тағдырдың ауыр тауқыметіне шыдас бере 

алмай қалды-ау оның да...

Мағжан сынды асыл ағамен таныстырған 

Майшекин жоқ бұл күнде. Ойлап отырса, 

әулие кісі екен ғой ол да. Мағжанның кітабын 

сыйламағанда, бұл оның поэзиясынан су-

сындай алар ма еді? Әй, қайдам. Мағжан 

байтақ даладай кең, телегей теңіздей терең, 

асқар таудай биік қой, шіркін! Егер бұл осы 

өмірде қандай да бір шыңдарға көтерілген 

болса, соның бәріне демеу болған Мағжан 

сөзі, соның рухы!.. «Жәкем «Менің пірім 

– Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» десе, 

Мағжаннан қалған ұлы мұраның сарқыты 

– мен ғой! Мұны неге жасырам? Кімнен 

қорқам айтуға? Адам адамнан емес, Алладан 

қорқуы тиіс! Алладан жасырмағанды адам-

нан жасырам ба?..».

Осы сәтте Мұқағали кеудесіне жаңа жыр 

жолдары құйыла бастағанын сезіп, қағаз, 

қаламға қолын созды. Моншақтай тізілген 

әріптер әдіптеліп, маржан-жыр боп төгіліп 

түсті. 

Көрер едің, 



Шаламын ба, отпын ба, 

Білер едің, 

Ақынмын ба, жоқпын ба?... 

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. 

Түсінер ең, 

Езбін бе, әлде ермін бе, 

Байқар едің, 

Артықпын ба, кеммін бе?.. 

Мен Спартак бола алмадым, не шара, 

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?! 

Сырым да – осы, 

Жырым да – осы, 

Алдыңда? 

Байқашы бір, 

Бықсыдым ба, жандым ба? – 

Мақаңдар жоқ, Мақаңдардың 

сарқыты – 

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

«Мақаң» дегені Мағжан екенін оқырман 

түсіне қояр ма екен, ә? Мейлі, қазір 

түсінбесе, кейін түсінер. Жеткізе алмаған 

ойын әр кезде қасында жүрген, бұның өз 

аузымен айтқан әңгімелерін өз құлағымен 

естіген шәкірттері жеткізер. «Бұл менің 

поэзиядағы қолтаңбам болсын. Атын да со-

лай – «Автограф» деп қояйын».

Арада біраз күн өткесін «Автограф» «Ле-

нин шіл жас» газетінің бетінде жарқ етіп, 

шыға келді. Сейдахмет жарады! Бұның өлеңі -

нің бір әрпін де қисайтпай басып жіберді. 

«Автографты» оқыған жұрт «Апырай, 

Мақа деген кім екен?» деген ойға қалды. 

Мағжанды білетіндері де бар болып шықты. 

Сол-ақ екен, «Мұқағали Мағжанға арнап 

өлең жазыпты!»  деп шу ете түсті. Іштен 

шалғандар да аз болмады, әрине. 

Ақынды ақсатқысы кеп армандап 

жүргендердің «әй, бір Құдайы берді» дейсің! 

Отыра қалып жазды. Домалақ арыздар кетті 

домалап. Обкомға. Орталық Комитетке. 

«Мақа таевтың арақ ішіп азғындағаны аздай, 

енді ол Мағжан Жұмабаев секілді халық 

 жауын мадақтап, Совет жастарының сана-

сына те ріс ұғым сіңіріп жүр» деп, әй, бір 

көсілді дейсің!.. 

«Не ақынның, не адамның санатында 

жоқ» Мұқаңа партия не істесін? Туралап оқ 

атпаса да, туғанындай көрмеді. Мұқаңды 

талай жерде мүдіртті. 

Парықсыз партократия «арақ» атты 

пәлені желеу етті. Тоғышарлардың тоқпағы 

Мұқаңның басынан арылмады. Талантқа 

«маскүнем» атағын тағу арамзаларға түкке 

тұр мады. Опасыздар оқтаулы мылтықты 

талай жерде кезеді. Партиядан шығарды. 

Одақ тан қуды. Жұмыссыз қалдырды, 

қаңғыртты... 

* * *

Мұқаң көзін әрең ашты. Тас қараңғы. 



Басы солқ-солқ етеді. Түсінер емес. Қайда 

өзі?.. 


Көзге түрткісіз қараңғы бөлмеде жатыр 

екен... 


Тілі таңдайына жабыса тұтқырланып 

қапты. Ерні кеберсіп кеткен...

«Су... бір жұтым су беріңдерші...».

Тым-тырыс...

«Тілім желімденіп қалған ба, немене? 

О, тоба! Осы менің тілім бе екен? Мына бас 

өзімдікі ме? Мына дене өз тәнім бе екен?.. 

Мен осы ішкенмін бе? Жоқ, ішуді қойып 

едім ғой... Осы мен қайда жатырмын? Табыт 

ішінде емес пе?..».

Қолымен қарманып еді, терезені жапқан 

перденің ұшы саусағына ілінді. Тартқылап 

көріп еді, перденің ашылған бір тұсынан 

сыздықтап күн сәулесі түсті. 

«Е, шіркін-ай! Бар екенсің ғой сен, 

Жарық Күн!..

Meн сенi сүйгем

Жаныммен сүйгем, Жарық Күн!

Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.

Ақ сәулең сенiң аймалап менi,

Жарық Күн,

Тұрған да болар үстiнде мынау табыттың.

Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағын,

Сезгемiн, бiлгем,

Мен үшiн бiр күн тынарын.

Тастама менi,

Тастама менi, Шырағым!

Шуағың түссiн,

Шөп болып, мейлi шығамын.

Қомағай көңiл құмартып өткен әрнеге,

Тiрлiкте сонау түскемiн талай әуреге.

Кешкен өмiр де,

Көрген бақыт та – барлығы,

Жетпейдi екен ғой,

Бiр күндiк сенiң сәулеңе.

Бiр күндiк сәуле,

Бiр күндiк жарық мекенiм!

Мәңгiлiк түнек – қапасқа қалай кетемiн?

Келмейдi-ау тiлiм...

Өлгеннен сұра дер едiм,

Тiрi жандарға,

Өмiр дегеннiң не екенiн.

Өмiр дегенге,

Тiрлiкте, сiрә, жетер ме ой?

Жарық сәуледен басқаның 

бәрi бекер ғой.

Бекер ғой бәрi,

Бекер ғой бәрi – бөтен ғой.

Өмiр дегенiң – бiр күндiк 

Сәуле екен ғой!..

«Су... бір жұтым су беріңдерші...».

Үні шығар емес... Басы солқылдап, 

іштегі жалын тәнін күйдіруде... Ақыл-есі 

түзу, әйтеуір...

«Иә, Мұқа, сенің де мына дүниедегі дәм-

тұзың таусылайын деген-ау... 

Е, жазған-ай, өзің соның сарқыты санай-

тын Мақаңды – Мағжанды, асыл ағаңды, 

галифе киген жендеттер қалай жалмап 

еді? «Жапон тыңшысы» деп жала  жауып, 

түрмеге тоғытып еді ғой! Сондағысы не? 

Ақынның зор үнінен қорықты! «Ұйқыдағы 

қазақ халқын оятар, халық оянса, бұғауын 

үзер, «халықтар достығының түрмесін» тас-

талқан етер» деп қорықты... 

Мақаң қазақ халқының Жарық Күні еді! 

Соны сөндірді империяның ит жендеттері. 

Жарық Күннің бір жұтымын да қалдырмады. 

Қараңғы қапаста қалған халықтан бір жұтым 

күннің өзін де аяды. Империя жандайшапта-

ры «бір жұтым күннің өзі де Азаттық рухын 

оятады» деп қорықты...

Мен сол Жарық Күннің бір жұтымына 

айналуды аңсап едім, армандап едім. 

Менің де жолымды кесті сұм жандайшап-

тар. Кешегі галифе киген жендеттердің 

ұрпақтары бүгінде галифені галстукке 

айырбастаған. Сыртын өзгерткенмен ішкі 

ластығын қалай өзгертсін? Қуыс кеуде бұл 

бейбақтарың «Түбіне жеттік!» деп, санда-

рын шапаттап, алақандарын ысқылап, мені 

тірідей көміп тастауға даяр отырған шығар. 

Бұл безілдектерің (шарманщики) мені көміп 

тастаса, «құтылдық» деп ойлайтын шығар. 

Атасының басы!.. 

«Ей, шарманщики! Не вам судить меня, 

настоящие судьи впереди еще. Пройдут 

года, придет новое поколение, и они поста-

вят каждого из нас на свое место. Испокон 

веков так было, так и есть, так будет! О себе 

я вот что скажу: я ровесник поколения 21 

века, а может быть, родственник еще даль-

них поколений...». 

– Жөн, жөн, Мақсұтбек аға, сіз талант-

тарды тани білесіз, сөз жоқ. Біз ғой мына, 

өзгелер түгілі, өзімізді ұғына алмай жүрміз, 

– деп, Мұқағали риясыз күліп алды. Май-

шекин екеуіне кезек-кезек қарап: 

– Екеуіңді таныстырдым, енді табысу 

үшін бір-бір саптыаяқ сырадан ішуге рұқсат, 

– деп, баппен шақшасын шығарып, насы-

байын атты. Көңілі көншігені.

Мұқағали Шәмшіге қарап еді, ол «бұл 

ұсынысты қабылдаймын» дегенді көзімен 

ұқтырды...

Сыртқа шыққасын екеуі келісіп алғандай 

«Алматы» ресторанына қарай тартты. 

Шәмші мұның өзі сияқты әзілқой 

екен. Алғаш рет ащы судан қалай татқанын 

қызықты әңгімелеп берді.

– Консерваторияда оқимын. Алматыда 

ешкімді танымаймын. Мен бейбақты да 

ешкім танымайды. Ән шығарсам, сөзін 

жазатын адам жоқ. Әйтеуір, бір сұраусыз, 

әлсіз текстерге ән шығарам. Аты жер жа-

ратын ақындардан «сөз жазып бер» деп 

сұрамақ түгіл, алдына баруға именемін. 

Оларың кім, мен кіммін? Маған шекесінен 

қарамай ма?!. 

Содан бір күні Мәдеш Ниязбеков деген 

жолдасыма жаңа әнімді тыңдатып көрдім. 

Ол вокал бөлімінде оқиды. Ән таниды. 

Маған салған жерден:

– Өй, мына сөздерің түкке жарамайды! 

– деп, кесіп айтты. – Одан да басқа ақынға 

жаздыртайық.

– Кімге, досым-ау? Маған бола біреу 

тырысар дейсің бе? Оның үстіне, ақындарға 

бірден ақысын беру керек көрінеді...

Сөйтсем, маған қарағанда Мәдешім 

пысық екен. Менің бет моншағым төгіліп 

жүргенде, ол сабазың нақты іске келгенде 

ұяттың бәрін жинап қояды.

– Мен табамын ондай ақыныңды, еріп 

жүр артымнан, – деп, дедектетіп сүйрей 

жөнелді. Шашы желпілдеп, алдыға түсіп 

алған. «Жазушылар одағына баратын 

болдық па?» деп қуыстанып, мен келемін 

қалбалақтап соңынан. Шай қайнатым 

уақыттың ішінде тура осы ресторанға алып 

келгені. «Әй, мынау қызық па?» деп, аң-

таңмын. Қалтам болса, тесік. Ішінде жел 

гулейді.

– Әй, бауырым, тоқта, – деп, ресторан 

табалдырығынан аспай, табандап тұрып 

алдым. – Ақшам жоқ менің! 

– Е, бізге ақша керек деп кім айтты? – 

Мәдешім де бой берер емес. – Бізге ақын 

керек!

Рас екен ғой сонысы, е, жазған-ай! 



Басқасын қайдам, ақын-жазушылардың 

бәрі осында екен ғой. Әрбір екінші үстелде 

дерлік қызу әңгіме үстіндегі дарындар. Ша-

быт құсына мініп алғандар жетіп артылады 

екен. Шетінен – «сен тұр, мен атайындар!»

Мәдешім суда жүзген балықтай боп 

жүр үстелдердің арасында. Көбін танитын 

сияқты. Жалпылдап амандасып қояды. 

Ол бәрімен амандасып болғанша, мен кең 

залдың қақ ортасында состиып тұрдым да 

қалдым. Екі қолымды қоярға жер таппай-

мын...


Бір кезде мен бейбақты шақырып алды-

ау жолдасым. Қарасам, дастарқан басында 

екеу отыр. Бірі – Сәкен Сейфуллин сияқты 

қияқ мұртты, сымбатты келген кісі екен, 

екіншісі – көзілдірік таққан, таңқы мұрын. 

Қияқ мұрттысы – Қуандық Шаңғытбаев, 

көзілдіріктісі – Ізтай Мәмбетов. Қуандық 

нағыз шығарма адамы болса керек, әй-

шәйға қарамастан, маған:

– Қане, әніңді шырқап жіберші, – 

дегені.

– Тап осы жерде ме?! – деп, шошып-ақ 



кеттім.

– Енді қайда деп едің? Бұл жерде ән 

түгіл, гимн шырқалады! 

* * *


Түс кезінде Мұқағали жатақханадағы 

бөлмесінде жатыр еді. Кенет радиодан 

Шәмшінің жаңа әнін берді. «Бәрінен де сен 

сұлу»!.. Бұл орнынан ұшып тұрды.

«Әй, тоқта, тоқта! Мынау ғажап ән 

ғой!..». 

Шәмшіні іштей мақтан тұтып жүретін. 

Оның қай әнін болмасын қалт жібермейтін. 

Әрбір әнін құдды өзі жазғандай мәз-мейрам! 

Ал, мынаусы тіпті керемет шығыпты!..

Әннің мөлдіреген әдемі әуезіне әбден 

риза болған Мұқағали еріксіз теңселіп кетті. 

Ыңылдай жөнелді: тадарида-дирарай, тада-

рида-дирарай!..

Жаз күнiндей жайнаған,

Масатыдай жер сұлу.

Аққу, қаздар тойлаған,

Айдын шалқар көл сұлу.

 

Өзгеден де ең сұлу,



Өмiрлiк дос тең сұлу.

Өзiм сүйiп ұнатқан

Бәрiнен де сен сұлу! 

Сен сұлу-у-у!..  

Сөзі тұнып тұрған сыр ғой!.. Не деген 

сезім десеңші! Әлдекімге ғашық болған 

жігіт ынтыға ән салады. Айтқан сайын үздіге 

түседі. «Жапандағы ай да сұлу! Жарқырап 

атқан таң да сұлу! Бұрқырап аққан бұлақ 

та сұлу! Мүлгіп тұрған орман да сұлу!..» 

Бар сырын, бар шынын айтады жас жігіт. 

Ақтарыла айтады. Ант бергендей, қобалжи 

тұрып айтады. 

Әлі ешкімді құлай сүйіп үлгермегендей 

сезімде қалды бұл. Неткен ғашықтық! Шын 

махаббат осылай болса керек-ті, сірә!.. 

Мұны жазған қай автор болды сонда?! «Апы-

рай, қазақ поэзиясына тағы бір мықты ақын 

келген екен-ау, ә?! Тіпә-тіпә! Ақсарбас!..» 

деп, біресе таңғалып, біресе шүкіршілік 

айтып, біресе шексіз қуанып, әрі-сәрі күйге 

түсті Мұқаң.

Төмендегі вахтаға қалай түскенін өзі 

де байқамады. Әй-шәй жоқ телефонның 

тұтқасына жармасты. Шұлық тоқып отырған 

тёт Шура «ә» деп үлгерген жоқ, Қазақ радио-

сына телефон шалды. «Пожар что ли?» – 

деу ге ғана шамасы келді Шура кемпірдің.

– Қалай дейсің, сөзін жазған Мақсұтбек 

Майшекин бе?! 

Телефонның арғы жағынан естіген жаңа-

лыққа сене алмай, Мұқағали бұрын ғыдан бе-

тер аң-таң. Бұның қатты таңырқа ған жүзіне 

қарап тёт Шура да аң-таң. Көзілдірігінің 

үстінен үлкейе түскен көк көздері одан әрі 

көкшіл тартып кеткен. Қасын кере түскен 

сайын маңдайы қатпарлана түсті.

– Что с тобой, Мукаш? – деп, таңдана 

сұрап еді, Мұқағали үндеместен телефонға 

қайыра қол созды.

– Мақа, мен білмейді екенмін ғой. Шын 

ақын мына біз емес, сіз екенсіз ғой! – деді 

ол, балаша мәз болып. 

– Өзің тәп-тәуір ақын болсаң да, 

ақынның көкесін білмейді екенсің, – деді 

оған Майшекин.

– Оу, аға, түсінбедім, бұ не сөзіңіз?

– Әй, бала, бұл телефонмен лақ еткізіп 

айта салатын сөз емес. Кешке үйге кел. 

Әңгімелесеміз... 

Мұқаң бір жымиып, телефон тұтқасын 

ұясына салды. Манадан бері тоқып отырған 

шұлығын да ұмытып, бақырая қарап отырған 

Шура кемпірдің бетінен сүйіп алды.

– Тёт Шур, я только что узнал. Родился 

новый поэт! Ура! Ура! Ура! Я так рад, так 

рад!..

– Ну, я поздравляю! А кто?



– Да, на свет появился талантливый 

поэт! Но он старше вас на пять лет! Максут-

бек Майшекин! Коллега мой! Работает на 

радио музыкальным редактором...

– Надо же! И в 65 лет можно стать поэ-

танысқаннан кейін түбегейлі шешім қабылдаған 

екен. 

– Бучингердің ерік-жігері маған үлкен күш 



берді. Үлгі алу үшін ол кісінің суретін үлкен етіп са-

лып, үйімнің қабырғасына іліп қойдым. Бучингерді 

сахнаға екі адам көтеріп алып шығатын болыпты. 

Сиқырын кептерлермен, картамен, түрлі ша-

риктермен жасайды екен. Міне, көрдіңіз бе, 

мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, ол өзін 

жеңе білген. Адамның қолынан келмейтін нәрсе 

жоқ екенін өз ісімен дәлелдеген. Өз заманының 

атақты әрі бай сиқыршысы болған, – дейді Камал. 

Бучингер өмірге келгенде мүгедек болып туылған 

екен. Бойы – 70 сантиметр. Қолының ұзын дығы 

иығынан өлшегенде 17 сантиметр. Саусақтары – 

қысқа-қысқа болғанына қара мастан, сиқыр өнерін 

жан-жақты меңгеріп алған. 

Оның пікірі бойынша, сиқыр өнерін үйренуге 

туабітті таланттың қажеті жоқ. Он саусағың, 

зеректігің, ықыласың мен ниетің болса болғаны, 

оның қыр-сырын, тәсілдерін үйреніп алуға болады. 

«Қазір ғаламторда сиқырдың көптеген құпияларын 

үйрететін видеожазбалар бар. Оны да үйреніп алуға 

болады. Бірақ бәрібір білім керек, яғни сиқыр 

туралы көп оқу керек». Бұл сиқыршының өнер 

тәжірибесінен тағылым алып, көңілге түйген пікірі. 

Ең алғашқы сахналық нөмірлерін «Бауыржан 

шоу» театрында көрсетіп жүріпті. Уақыт өте келе 

Алматы циркіне жұмысқа шақырған. Бірінші 

қомақты табысын Италияға жасаған сапарында 

тапқанын айтады. 

– Өнер көрсеткенім үшін төленетін ақшаны 

еуромен берген еді. Көлемі де әжептәуір. Ол кезде 

еуро валютасы жаңадан шыққан. Алматыға келген 

соң менің осы сиқыр өнерін бастауыма себепкер 

болған милиция сержантына рақметімді айтқым 

келіп, базарға іздеп бардым. Бірақ таба алмадым. 

Сөйтсем, ол милициядан кетіп қалыпты. Егер де 

сол сержант мені базарда шемішке сатып жүрген 

жерімнен ұстап алып, қамап қоймаса, мен бұл 

өнерге келмес едім, – дейді Камал өткен өмірінен 

сыр шертіп. 

Алғашқы гастролдік сапарларынан кейін 

сиқыршының өнері өрге жүзеді. Шығармашылық 

еңбекке, үлкен ізденістерге қызу кірісіп кетеді. 

Мейрамханаларда, түрлі кештерде, тойларда өнер 

көрсете бастайды. Бүгінде танымал сиқыршыға 

айналған Камал әлі күнге дейін мейрамханадан 

өткен үйрену мектебін жадынан шығармай келеді. 

«Өнерімді шыңдауыма, қалыптастыруыма мейрам-

ханада жасаған еңбегім үлкен әсер етті» дейді. 

– Сиқыр өнерімен айналысу үшін адамға ең 

алдымен білім керек. Білімің болмаса, бұл өнерді 

алып жүре алмайсың. Мысалы, сахнаға шыққанда 

көрермендер сенің кәсіби дәрежең қандай, білімің 

бар ма, жоқ па, әлде біреуден көшіріп үйреніп 

алдың ба, соның бәрін тез біліп қояды. Халықты 

алдай алмайсың. Сиқырға қызықпайтын адам 

жоқ. Бұған еңбектеген баладан еңкейген кәріге 

дейін қызығады. Сондықтан қызықтыра 

білуің керек. Қазіргі тілмен айтқанда 

«шоу» жасай білуің керек. Сол 

кезде ғана сұранысқа ие болып, шақыртулар 

аласың. Ізденбеген адам шығармашылық тоқырауға 

ұшырайды. Қазір сиқыр өнеріне көптеген жастар 

келіп жатыр. Олардың көбісі сиқырды ғаламтор 

арқылы үйреніп алғандар. Арасында сиқырдың 

тарихын білетіндер өте аз. Сондықтан мен жастарға 

ылғи да айтам: алдымен тарихын оқыңдар, бұл өнер 

қалай пайда болды, бастауы неде, көрнекті өкілдері 

кімдер? Мұның барлығын білмей, сиқырды терең 

меңгере алмайсың, – деді өнер иесі. 

Айтуынша, сиқырдың ең басты мақсаты 

көрермендерді, жалпы халықты таңғалдыра білу. 

Сахналық нөмірлеріңді әсерлі етіп көрсету. Камал 

өз-өзіне ешуақытта жарнама жасамайды екен. 

Болмысы – қарапайым. Кішіпейіл. Өз өнерінің 

шынайы өкілі, хас таланты деуімізге болады. 

Мұны мен Камалдың сиқырын тамашалаған соң 

және алдағы уақытқа дайындап жатқан жаңа 

нөмірлерін көрген соң айтып отырмын. Өйткені, 

жаңа туындыларының арасында кез келген 

сиқыршы меңгере бермейтін қиын әрі күрделі 

дүниелер жетерлік. Олардың бәрін Камал екі 

жетідей уақыттың ішінде дайындайды екен. Әрбір 

нөмірін видеоға түсіріп, кемшіліктер орын алса, 

оларды жөндеп, жетілдіреді. 

Қазіргі таңда ол қазақтың сиқыр өнерін да-

мытып, әлемдік деңгейге шығаруды армандап 

жүр. Мұндағы мақсаты ұлттық фольклорды, 

этнографиялық туындыларды кеңінен пайдалану. 

Осы орайда бір айта кетерлігі, әрине, сиқыр өнері 

ұлтқа бөлінбейді. Дегенмен, әлемде мыңдаған, 

миллиондаған көрермен жинайтын салада өз 

ұлтыңның ұлттық нақыштарын қолданып, бет-

көрдім. Өзі айтып отырған «қытай шеңберлерін» 

қолына ұстамай шырқ үйіріп айналдырғанда қатты 

таңғалдым. 

Өнер иесінің сөзіне қарағанда бүгінде елімізде 

27 сиқыршы бар екен. Оның ішінде 10-15-і қазақ 

сиқыршылары. Дарынды сиқыршы азамат Жеңіс 

Айтжановтың бастамасымен «Сиқыршылар клубы» 

құрылыпты. Аталған клуб осы өнерді серік еткен 

жандардың басын қосып, жұмыстарын үйлестіріп 

отырады екен. Камал бүгінде сиқырдың күрделі 

түрі – иллюзионшылыққа көбірек ден қойып 

келеді. Мұндағы басты ойы – ауқымды дүниелерді 

сахналау. 

Ол сиқырды үнемі шыңдап, жетілдіріп, ізденіп 

отырмаса, сиқыршы шығармашылық тоқырауға 

ұшырайтынын айтады. «Сиқыршылардың 

бір ғана жолы бар: сені халық қабылдайды не  

қабылдамайды. Сондықтан үлкен дайындықты 

қажет ететін сала. Мысалы, сиқырдың декора-

циясы, біздің тілмен айтқанда «реквизиттерінің» 

өзі арзан тұрмайды. 10-15 мың доллар тұратын 

ревкизиттер бар. Ондай құрал-жабдықтарды са-

тып алу үшін сиқыршыларға демеуші де керек. 

Кейбір әріптестерім маған таңғалады. «Сенде қалай 

үнемі тапсырыстар болады» деп. Ол үшін, әрине, 

халыққа ұнайтын, көрерменнің көңілінен шығатын 

қойылымдар көрсете білуің керек» деді. 

Сиқыршы биыл жеке шығармашылық концертін 

беруді жоспарлап қойыпты. «Өнеріме риза болған 

көрермендер алғысын білді ріп жатады. Маған 

ұнайтыны – қариялардың, ақса қалдарымыздың 

сахнаға шығып бата беретіндері. Мен үшін бұдан 

зор алғыс жоқ» дейді Камал.  

Ол ақшаға қатты қызығып, соңына түсуді 

қаламайды екен. Өмірдегі ұстанымы – «сен ақшаны 

емес, ақша сені іздеп табуы керек». Үлкенді-

кішілі тойларға, әртүрлі кештерге, республикалық 

деңгейдегі концерттерге жиі шақырту алады екен. 

Еліміздің Астана, Алматы және өзге облыстарына, 

сондай-ақ шетелдерге көп сапарға шығып тұрады. 

Айтуынша, әлемді классикалық сиқыр түр ле-

рімен таңғалдыру қиын. «Сол үшін этноси қырды 

дамытуға көңіл бөлген жөн деп шештім. Осы 

бағытта бірқатар жобаларды дайындаудамын. 

Сиқырды өзіміздің ұлттық бағыттағы этностильмен 

таныта білсек, сол бізге ұтымды болады». Жоспар-

лары көп екенін тілге тиек етті. Жуырда Астанаға 

шақырту алыпты. Амандық болса, биыл мамыр 

айында Қытайға гастрөлдік сапармен аттанбақ. Біз 

оған сәттілік тіледік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет