Баспасөз – 2016
«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!
Қазпошта
Индекс
Мерзімі
алматы
аймақ/қала
аудан/ауыл
Жеке жазылушылар үшін
65367
1 жылға
3083,04
3274,80
3427,68
Мекемелер мен ұйымдар үшін
15367
1 жылға
5991,84
6183,60
6336,48
www.anatili.kz
e-mail: anatili_gazetі@mail.ru
www.twitter.com/anatilikz
www.facebook.com/anatilikaz
10-бет
11-бет
4-бет
Бір жұтым күн
Сиқыршы
жыр жолдарынан
Биыл еліміздің бірқатар аймақтарында
қыс қаһарына мініп тұр. Күре жолдар
жабылып, шалғай жатқан елді мекендер
арасындағы көлік қатынасы қиындай
түсті. Осылайша қыстың қатал мінезі
жұртшылықты әбігер ге салып қойды.
Әйгілі Базар жырау бір өлеңінде: «Басталар
қысқы аяз ақпанменен, Сонарда түлкі
аулайды қақпанменен» деп жырлаған екен.
Иә, ақпанның аязы оңай болатын түрі
жоқ. «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды»
дегеннің нақ көрінісі жүріп жатыр. Қазақ
ақпан айында болатын үш-жеті күндік
қатты суықты «ақпан-тоқпан» деп те
атайды. Жалпы, тілімізде аяз бен боранды
«мінезіне» қарай сипаттайтын әртүрлі
сөз нұсқалары кездеседі. Мәселен, «Қазақ
әдеби тілінің сөздігінде» ондай сөз үлгілері
молынан жинақталған. Бұл атауларды
қыстың қаһарына мінген шағында есімізге
бір түсіріп алсақ артық болмас деген оймен
ұсынып отырмыз.
Сонымен, аяздың түрлері келесідей: ақ
аяз, көк аяз, қақаған аяз, құрғақ аяз, қызыл
шұнақ аяз, қытымыр аяз, сақылдаған
(сақырлаған, қақылдаған) сары аяз, түу
десе түкірік жерге түспейтін аяз, тымырсыз
аяз, үскірік аяз, шымшыма аяз, шыңылтыр
аяз, шытқыл аяз, шытымыр аяз, шытынаған
аяз. Қыстың тағы бір нышаны – боранға
байланысты сөздер туралы айтар болсақ,
олар былай болып келеді: ақ түтек боран,
ақ шұнақ боран, аққұйрық боран, алай-
түлей боран, алақаншық боран, дауыл
боран, долы боран, жаяу боран, жөпшеңді
боран, қара боран, құм боран, майлы боран,
сұрапыл боран, сырғыма боран, тас боран,
тентек боран, түтек боран, ұйытқыма боран,
үскірік боран, ызғырық боран.
Иә, табиғатпен етене ғұмыр кешкен
ата-бабамыз қыстың өзіне байланысты
қаншама теңеу сөздер мен сөз нұсқаларын
тудырған десеңізші!
таБИғат Бояулары
Бет қатталып жатқанда:
тарИх тұңғИығындағы таңБалы сыр
алматыда ҚР тұңғыш прези-
денті спорттық-жаттығу кешенінде
жаңа параолимпиялық спорт түрі
голболдан турнир өтті.
астанадағы Еуразия ұлттық
университетінде жазушы, ком-
позитор Әкім Ысқақтың «Көңіл
қымбат» атты шығармашылық
кеші болды.
Жамбыл облысындағы «Нұр
отан» партиясы филиалы жа-
нындағы «Жас отан» ЖҚ ұйым дас-
т ыруымен М.Х.Дулати атындағы
тараз мемлекеттік университетінің
алдында «Бейбітшілік пен жасам-
паз дықтың 25 жылы» атты шара
өткізілді.
алматы облысының Қарасай
ауданына қарасты Қаске лең
қаласында «Жар-жар» атты Сал-
танат сарайы ашылды.
Қазақ радиосы мен «Қазақ-
стан» ұлттық телеарнасы үз дік
наурыз-тілекке байқау жарияла-
ды.
Елордада «Көмек-
Help» әлеуметтік көмек
орталы ғында аналар
кеңесінің отырысы
өтті.
Біртүйер
6-7
руханИят
Әбілқайыр Шейбан:
танымал және
белгісіз билеуШі
отандық тарихшылар XV ғасырдың
ортасындағы Қазақ хандығының құрылуына
үлес қосқандар мен билік жүргізушілер ара-
сынан Керей мен Жәнібекті ерекше көрсетеді.
Сонымен қатар олар негізінен Керей мен
Жәнібек сұлтандардың қолдаушыларына XV
ғасырдың ортасындағы Моғолстан өңіріне
Әбілқайыр ханнан көшуіне мән беріледі. Және
негізінен осы арада зерттеушілер Мұхаммед
Қайдар Дулаттың «тарих-и-Рашиди» еңбегіне
сілтеме жасайды да сол үш билеушілер
арасындағы текетіреске тоқтай береді.Ба-
баларды ұлықтау мақсатында Жәнібек пен
Керей қазақтың тарихи романдарының
кейіпкері ретінде оқырмандар жадында
сақталды, ғылыми еңбектер мен туындылар
жазылды және жалғасуда...
№6 (1316)
11 – 17 ақпан
2016 жыл
1990 жылғы
наурыздың 22-сiнен
бастап шығады
Сөзi жоғалған
жұрттың
өзi де жоғалады
Қазақшаң қалай,
мемлекеттік
қызметші?
айтты. Осы мақсатта облыс әкімдігінде
арнайы жұмыс тобы құрылғанын, ол
өткен жылдың қараша айынан бастап
жұмыс жасап келе жатқанын атап өтті.
Нәтижелері де жоқ емес. Бұл жұмыстар
әрі қарай жалғасады. Мұндай шаралар
ары қарай да жалғасын таппақ.
— Біз сіздердің жұмыстарыңыздың
негізі нен тапсырыс беруші «СНПС-
Ақтөбе мұнайгаз» акционерлік қоғамы-
ның жағдайына тәуелді екенін білеміз.
Оларда да мұнай өндіру мөлшері аза-
юда. Дегенмен, өндіріс көлемі сіздерде
жасалып отырған қысқартулардың
мөлшеріндей азайып отырған жоқ, —
деді өңір басшысы.
Бердібек Сапарбаев кәсіпорын бас-
шысына бір адамды жұмыстан қысқарт-
пас тан бұрын оның ертең қайда бара-
тынын алдын ала ойластыру керектігін
ескертті.
«Ұлы Қабырға» ЖШС бас директоры
Чжан Цзюнның мәлімдеуінше, кәсіп-
орын 2015 жылы барлығы 75 мың метр
ұзын дығында бұрғылау жұмыс тарын
жүргіз ген. Тапсырыс беруші компания-
лар дың 30 ұңғымасын бұрғылап, оларға
тап сырған.
Өңір басшысы сөзінің соңында:
— Басшыларыңыз түсініп отыр
ма? Ау дар машы бар ма? — деп сұрады
ұжымнан.
Сол кезде компанияның ұлты қытай
аудармашысы:
— Біз қазақшадан аудара алмаймыз.
Егер сіз орысша сөйлесеңіз мен бірден
аударар едім, — деді.
— Қазақ тілін білмеуіңіз дұрыс емес.
Қазақстан Республикасында мемлекет-
тік тіл қай тіл? — деп қайта сұрақ қойды
облыс әкімі.
— Қазақ және орыс тілдері.
— Жоқ, олай емес. Мемлекеттік
тіл — қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық
қа ты нас тілі. Сондықтан қазақ тілін
үйре ну ге де тырысу керек. Мен кеше
«ҚазаҚ тіліН БілМЕуіңіз ДұРЫС ЕМЕС»
Мем лекет тік хатшымен бірге Назарбаев
зият керлік мектебінде болдым. Онда
АҚШ-тың азаматы ұстаздық етеді екен.
Бұл мектепте 5 жыл жұмыс жасаған.
Қазақ ша өте керемет сөйлейді. Мен одан
қазақ шаны қалай үйренгенін сұрадым.
Ол «Мен Қазақстан да өмір сүремін ғой.
Сондық тан мемлекеттік тілді білуім
керек» деп жауап берді маған. Біздің
азамат тары мыз да Қытайда қытайша,
АҚШ-та ағылшын ша сөйлейді емес
пе?! Өйткені өмір сүретін, жұмыс жасай -
тын елді сый лау керек. Және сол ел дің
заңдарын орын дауың қажет, — деді
Бердібек Сапар баев қытайлық ком-
пания ның қазақ ша білмейтін аударма-
шысына.
Жиынды қорытындылаған облыс
әкімі компания басшылығына бірқатар
нақты тапсырма берді. Алдағы уақытта
компания басшылары мемлекеттік тілді
үйренеді деген сенімдеміз.
Қуат МҰХТАРОВ
АҚТӨБЕ
Жуырда ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан-Қытай
бұрғылау компаниясында болып, «ұлы Қабырға» ЖшС-дағы жұмысшылардың
қысқартылуына байланысты кәсіпорын басшылығымен жиын өткізді.
«Ұлы Қабырға» ЖШС бас директоры
Чжан Цзюнның кәсіпорынның өткен
жылы атқарған өндірістік қызметі мен
ұжым дық келісімшарт талаптарының
орын далуы жөніндегі есебі тыңдалған
жиын ға, сондай-ақ облыс әкімінің
орын басары Асқар Шериязданов, об-
лыс тық кәсіподақтар орталығының
бас шы сы Түрікпенбай Айжарықов және
тиіс ті басқармалардың басшылары
қатысты.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде
эконо мика лық дағдарысқа қарамастан
мем ле кет тің халық алдындағы әлеумет-
тік міндеттерін толығымен орындап
отырға нына тоқталды. Президент бар-
лық қосымша резерв көздерін пайда-
ланып, экономиканың даму қарқынын
қамтамасыз етуді тапсырғанын, соның
нәтижесінде ел экономикасындағы
өсу 2015 жылы да жалғасын тапқанын
Семейде көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін
салушы, Абай мұражайын құрушы, Қазақстан ның тұңғыш
Әнұранының авторы, ақын, аудармашы, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері Қайым Мұхамед хановтың туғанына 100
жыл толуына орай «Қазақ тың ұлы Қайымы» атты тарихи-
танымдық кеш өтті.
Кешке қатысушылар ғалым өмірінің әр қырына тоқталып,
өнегелі өмірінен сыр шертті. Семейдің Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті жанындағы «Шәкәрімтану»
ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология
ғылымының кандидаты Ақмарал Смағұлова, ғалымның
шәкірті Құсмілия Нұрқасым, Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас
редакторы, ақын Мұратбек Оспанов және т.б. сөз сөйледі
Әдебиеттанушы ғалымға арналды
Көктемге
бір ай қалды
Мырзан КЕНЖЕБаЙ
Кәрі «құрдас» қыс енді тұра алмайды.
Өрекпіген жүрекпен қарсы ап тұрмын
Қыр жағалап жүгірген құмай таңды.
Қарсы ап тұрмын алқынып әлденеге,
Көз алдымда дүние шыр айналды
Мына таңда тірі ұйықтап жата ма адам,
Көктемді аңсап көңілің қаталаған.
Алтын нұрға аптатып сәукелесін,
Таулар жатыр ақ мамық опалаған,
Мына таңда тірі ұйықтап жата ма адам?!
Келе жатқан көктемнің құтын ұғып,
Ақ тиіндер ырғыса ытырынып,
Жап-жалаңаш қалады күміс терек,
Қапелімде ақ көйлек сыпырылып.
Бір жыбыр бар... ұғынба, ұғын мейлің,
Ақын емес адамға білінбейді,
Бүлкілдетіп бауырын жел иіскесе,
Ақша қар да жылтыңдап күлімдейді.
Сырлы әуенге әлдебір сиқырланып,
Аңсап әлі-ақ билейтін биді ырғалып,
Ұйқыдағы ақ бұлақ алқынады,
Құс келер деп бір ұлы қиқуды алып.
Ол да суын өзенге төгер енді,
Жамыратар теңіз де кемелерді.
Көктем қыздың көп сырын білсем-дағы,
Білмей тұрмын не алып, не береді.
Келуіне көктемнің бір ай қалды,
Арылады көңілден тұман-қайғы.
Енді қанша көктемім қалды дейсің,
Күнде ертемен күтейін құмай таңды.
***
Иман қалмай, иба қалмай адамда,
От боп тұрған, өрт боп тұрған заманда,
Оу, Раббым, Өзің сақта, сақтай гөр,
Таба қылма қайырсызға, жаманға!
Жүрсек-тағы талай отқа жанып біз,
Емеспіз ғой пәтуасыз, парықсыз
«Елім-айды» екі зарлата көрме,
Енді есті жинап жат қан халықпыз.
Өзің оңда, әйтпесе, біз оңбаймыз,
Қаңтар айын жаңа жыл деп ойлаймыз.
Е, Наурызым!
Кешір бізді, кеше гөр,
Біз басқаның жаңа жылын тойлаймыз.
ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді
суретті түсірген рафхат ХалелОВ
«Басталар қысқы аяз
ақпанменен...»
АНА ТІЛІ
3
№6 (1316)
11 – 17 ақпан
2016 жыл
2
№6 (1316)
11 – 17 ақпан
2016 жыл
АНА ТІЛІ
Қазақстан Жазушылар одағында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали
Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі
поэзия кеші өтті.
Кешке танымал өнер адамдары мен ақындар қатысты. Жиын-
ды ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының
бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай ашып, поэзия алыбының
шығармашылығына тоқталды. Ақындар Рафаэль Ниязбеков,
Оразақын Асқар, Иран-Ғайып, Аманхан Әлім арнау өлеңдерін оқыды.
Кештің бас ты қонағы – ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен
келіні Бақытгүл Қыдырбайқызы естеліктер айтты. Ал өнерпаздар сөз
зергерінің өлеңіне жазылған әсерлі әндерін нақышына келтіріп орын-
дап, көрерменді әсерлі әнмен сусындатты. Кеш соңында халыққа ақын
мұраларын дәріптеп жүрген азаматтарға төсбелгілер табысталды.
Ақынға арналған кеш Алматы қаласындағы №4 кітапханада да
өтті. Кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері естеліктерімен бөлісті.
Қазақстан Жазушылар одағы балалар әдебиеті кеңесінің жетекшісі
Сұлтан Қалиев сөз сөйледі. «Мұқағали» журналының бас редакторы
Бағдат Мәжитов ақын атындағы басылымның бүгінгі тынысына шолу
жасады.
Астана қаласындағы Қазақстан Республика
сының ұлттық музейінде Қазақ хандығының
550 жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтің
авторлық жобасы «Мәңгілік Аспан астында» атты
10 сериялы ғылымитанымдық деректі фильмінің
тұсаукесері өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
ғ ы л ы м д а ж а л п ы к ө ш п е н д і л е р ж а й л ы ,
сақтардың, ғұндардың, түрік қағанатының
қайдан шыққандығы және олардың кім
болғандығы жөнінде алуан түрлі пікірлер бар екендігін, ал деректі
фильмде көшпенділер әлемдік өркениетке орталықтандырылған
мемлекеттің жаңа түрін алып келгендігі туралы ой ашық
айтылғандығын атап өтті.
Таяуда Қазақстан Республикасының Зағип
жандар кітапханасында Қазақстан Жазушылар
одағының және Әлем халықтары Жазушылар
одағының мүшесі, ақын әрі жазушы Зейнолла
Тілеужанұлымен оқырмандар кездесуі өтті.
Кеште ақынның «Дәстүр» баспасынан
шыққан «От адам» атты кітабы тілге тиек болды.
Зейнолла ақынның аталмыш жыр жинағын жылы қабылдаған ұжым
мүшелері бірауыздан 2016 жылғы таңдаулы шығармаларға Әдебиет пен
өнер саласындағы сыйлығын тағайындайтын ҚР мемлекеттік комис-
сия сына ұсыныс-хат жазуға ұжым атынан шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан
Жазушылар одағының және Әлем халықтары одағының мүшесі, ақын
әрі жазушы Зейнолла Тілеужанұлының оқырмандармен кездесуі өтті.
Кеште ақынның «Дәстүр» баспасынан шыққан «От адам» жыр
жинағы әңгіме өзегі болды. З.Тілеужанұлының аталмыш жыр
жинағына жоғары баға берген ұжым мүшелері бірауыздан 2016 жылғы
таңдаулы шығармаларға Әдебиет пен өнер саласындағы сыйлығын
тағайындайтын ҚР мемлекеттік комиссиясы атына ұсыныс-хат жазуға
ұжым атынан шешім қабылдады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам
молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих
тағылымы» деп жариялады.
Бұл туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен
жиналыста мәлімдеді. «Осынау игі бастама аясында ата-бабамыздан
қалған асыл жауһарларды қайта жарыққа шығарудың орайлы сәті,
мол мүмкіндігі туды. Әлем кітапханаларының сирек қорларында шаң
басып жатқан ескі кітаптарды жарыққа шығарып, халықтың игілігіне
ұсыну – бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті деп санаймын. Осындай
ізгі ниеттің нәтижесінде Діни басқарманың ғалымдары «Дәстүрлі Ис-
лам жауһарлары» атты кітап дайындады. Алла қаласа, жуырда тұсауы
кесіледі. Сонымен қатар тарихи діни оқу орындары туралы деректі
фильмдер де түсіріледі» деп атап өтті Бас мүфти.
сайлау – 2016
серпін
Өткен сейсенбіде Қазақстан Республикасы
орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Қуан дық тұрғанқұлов журналистерге
брифинг өткізіп, Мәжіліс және мәслихат
сайлау ларының барысы хақында ой өрбітті.
Қазақстан Республикасы
Конституциясындағы сөз бостандығы
және ақпарат таратуда заң шеңберінде
жұмыс істеу ережелерін басшылыққа ала
отырып, Қазақстан журналистері мен БаҚ
саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері
сайлауға қатысты хартия жариялады.
А
пта айшықтары
А
пта айшықтары
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
8 (727) 3944130
елБасы
тағайындау
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түрік Республи ка сы ның Премьерминистрі
Ахмет Давутоғлумен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтас тықтың негізгі
бағыттары, соның ішінде саяси диалогты нығайту мен мәдени ал-
масу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым
қалыптастыру салаларындағы байланысты дамыту жайы талқыланды.
Мемлекет басшысы А.Давутоғлудың сапары біздің еліміздің
сыртқы саясатында Түркияға қатысты бағыттың маңыздылығын
айғақтайтынын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Түркия
төңірегіндегі геосаяси жағдайдың біздің елге де әсерін тигізетінін атап
өтті.
А.Давутоғлу Қазақстанға сапарын
әрдайым өз Отанына келгендей
бағалайтынын айтты. Сондай-ақ Түркия Премьер-министрі Қазақстан
халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығының басталуымен құттықтап,
Нұрсұлтан Назарбаевқа екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан
зор үлесі үшін алғыс білдірді.
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады.
Кездесу барысында Президент қаржылық тұрақтылықты
қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі
жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Елба-
сы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана
құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де
назар аударды. Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына
ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының
тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты
тапсырма берді.
Елбасы «СамұрықҚазына» АҚ басқарма сы ның төрағасы Өмірзақ
Шөкеевті қабылдады.
Кездесу барысында жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру
бағдарламасының маңыздылығы сөз болып, осы үдерістің ашықтығы
мен жариялылығын қамтамасыз ету міндеті қойылды. Президент
Әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, холдинг
әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа
жұмыс орындарын ашу мәселесіне назар аударды.
Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау
бағдарламасын және оның активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру
барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру және
т.б. шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар Елбасы Энергетика
министрі Владимир Школьникті қабылдады. Кездесу барысында
энергетика саласындағы нәтижелі жобаларға, соның ішінде Қашаған
кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін
кеңейтудің екінші кезеңін жүзеге асыруға мән берілді.
Елбасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит
Байжанов ты қабылдады.
Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
талқыланды. Президент қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз
дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Әлемдегі геосаяси
ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған
қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шетелдердегі өз мүддесін
қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне баса мән берді.
Өз кезегінде Ғ.Байжанов ведомствоның алдына қойылған міндет-
тердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде кадрларды іріктеу
мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады.
Елбасының Жарлығымен Ерлан Кенжеғали
ұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрі болып тағайындалды.
Е . С а ғ а д и е в ә л - Ф а р а б и а т ы н д а ғ ы
Қазақ ұлттық университетінің экономика
маман дығын бітірген. Миннесота штаты
университетінің ғылым магистрі. Еңбек жолын ҚР Сыртқы істер
министрлігі Қолданбалы экономика департаментінде халықаралық
экономикалық қатынастарды дамыту хатшысы болып бастаған ол
бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылдың тамыз айын-
да ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің орынбасары болып
тағайындалған.
Ынтымақтастық нығая береді
Нақты тапсырма берді
Әлеуметтік жобалар жалғасын табады
Сыртқы қауіпсіздік басты назарда
Ерлан Сағадиев – Қазақстан
Республикасының Білім және
ғылым министрі
Басқосу
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов
сыртқы саясат ведомствосы басшылығының аппараттық кеңесін өткізді.
Басқосуда Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінің
кеңейтілген алқа мәжілісінде алға қойған тапсырмаларын жүзеге
асыру бойынша нақты шаралар қарастырылды. Е.Ыдырысов соңғы
жылдардың үрдістері мен бүгінгі күн шындығы біздің көпвекторлы
сыртқы саясатымыздың стратегиялық маңыздылығы мен абсолютті
дұрыстығын қуаттап бергенін қаперге салды. Сыртқы саясат
ведомствосының басшысы 5 институттық реформаны жүзеге асы-
ру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары Қазақстанның
эволюциялық дамуы мен жаһандық қатынастар жүйесіне дәйекті
интеграциялануы тұрғысынан әлемдік қоғамдастықтың тарапынан оң
қабылданып отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар ол «Қазақстан
– 2050» Стратегиясын, «Мәңгілік Ел» идеясын еліміздің әлемдегі аса
дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы туралы тұжырымдаманы
жүзеге асыру ыңғайында ел ішінде саяси, экономикалық және
әлеуметтік жаңғыртулар аса қажет екенін көлденең тартты.