Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін


«Жас беренше жайнаң қағып жүр талмай»



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#8101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Жас беренше жайнаң қағып жүр талмай»

еткені даусыз. Жүзі алтын, сөзі жарқын

қимылы кесек ғасыр абыздары, замана 

заңғарлары, театр саңлақтары Сәбит 

Мұқановпен, Ғабит Мүсіреповпен, 

Ғ а б и д е н   М ұ с т а ф и н м е н ,   С е р к е 

Қожамқұловпен, Шәкен Аймановпен, 

Ілияс Омаровпен, Әбілхан Қастеевпен, 

Ілияс Есенберлинмен жүргізген та-

рихи сұхбаттары ұлт мәдениеті мен 

көркемөнерінің алтын парақтары деуге 

болады.


Кемеңгерлердің кеңесінде елшілдік, 

мемлекетшілдік істер, дәуір шындығы, 

халық өмірінің шежіресі, өнер құпиясы 

мен зертханасы талғам таразысына 

өлшенеді. 

Иә, осыншама қисапсыз сұхбаттар 

қыруар қайрат-жігерді тілейді. Мы-

салы, Сұлтекең Ғабит Мүсіреповтің 

шынайы табиғатын, сырын, мінезін, 

ойлау жүйесін тану мақсатында 24 сағат 

емен-жарқын сөйлескен, құштарлықпен 

сырласқан. Сөйткенде ғана сөз бен ой 

зергерінің болмысын ашқан. Себебі, 

осындайда алғыр-тапқыр жүргізушінің 

ұйымдастыру қабілетінің, ішкі мәде-

ниетінің, импровизациясының, білім-

діліктің рөлі айрықша. Сондай-ақ 

А.С.Пушкиннің «журналист – мемлекет 

адамы» деуінде сыр бар. Мемлекеттің 

мұрат-мүддесі, өнері, ғылымы, мә-

дениеті, тілі, дәстүрі, тележурналистің 

бағыт-бағдары, құбыланамасы. 

С о н ы м е н   қ а т а р   С . О р а з а л ы 

ұлт қайрат керлері ғана емес, әлем 

суреткерлері Файз Ахмад Файз, Алекс Ла 

Гума, расул Гамзатов, Қайсын Құлиев, 

Шыңғыс Айтматов, В.распутиндермен 

(мұның өзі 30 шақты) іңкәрлікпен 

жүргізген сұхбаттарын ескерсеңіз, оның 

өмір жорығындағы, өнер жолындағы, 

ар алдындағы істеріне қызығасыз. Иә, 

«жалынды адам – жақсылардың ара-

сында Алып» демей ме қазақ қағидаты.

Кемел парасат иесі С.Оразалының 

шығармашылық өнернамасының 

басты нысанасы – бірегей қазақ 

зиялыларының тұлғасын сомдау, 

ұлағат-тағлиматын ұлт санасына 

сіңіру. Осы ретте оның «Қазақ зия-

лылары туралы антологиясында» ұлт 

мәдениеті мен тарихындағы Ұлт, за-

мана, Дәуір атынан сөйлейтін көсем 

пікірлі тұлғалардың болмыс-бітімі 

білімпаздықпен, өнерпаздықпен, 

зерттемпаздықпен келісті мүсінделген. 

Мәселен, «Дала даналары», «Жүрек 

айнасы» (Ғабиден Мұстафин жай-

лы), «заңғар» (академик Салық зи-

манов туралы), «Тарлан» (академик 

Сұлтан Сартаев жайында), «Даңғыл» 

(академик Ғайрат Сапарғалиев ту-

р а с ы н д а ) ,   « Д а р х а н »   ( а к а д е м и к 

Мұрат Баймаханов) жөнінде, ал «Ақ 

шағылда тұрған арман» мен «Парасат 

биігінде» дейтін деректі фильмдердің 

сценарийлері ұлттың ұлы суреткері 

Әбіш Кекілбаевтың ғұмырбаяндық 

өмірбаяны сұңғылалықпен шебер 

сипат талады.

Тележурналист Сұлтан Оразалының 

көгілдір экрандағы қызметі, жара-

тылыс-болмысы, қадым заманның 

билеріне ұқсаған ұшқын атқан жанды, 

жалынды ой-толғаулары, білімдарлық, 

интеллектуалдық, тапқырлық келбет-

кескіні, тереңді, қияны барлап шо-

латын қырағы көзқарасы, көркемдік 

танымы көрермендердің өлшеусіз 

ықыласын тудырған еді. Бұл орайда 

2007 жылы «Абай – қазақтың ұлы биі» 

дейтін деректі фильміндегі мына бір 

дарқан лебізінде дәуірнамалық сипатқа 

ие ел өмірінің тарихы мен тағдыры бар. 

Айталық: «Қасиетті қарт  Шыңғыс! 

Тарихтың есте жоқ ескі замандарынан 

бері баурайын сан түрлі қауым мекен 

еткен, ұрпағына ұя болған, суықта пана, 

ыстықта сая құт қоныс!

Топырағы торқадай, 

Жапырағы қамқадай,

Шөбі шыны тортадай,

Қара суы сорпадай

Шыңғыс деген осы жер!

Ақын Қалихан Алтынбаев осылай 

жырлайды. 

« Қ ы л ы ш ы н   қ ы с т а   б а й л а н ғ а н 

(Ақтүтек боран астындағы Шыңғыс 

суреті), Жадырап жазда жайланған 

(Жазғы жайлау көрінісі), Томсарып, 

күзде ойланған (Шетсіз-шексіз күзгі 

сары дала), Әр шоқысы аңыз боп, 

Ертегіге айналған. Тау біткеннің ағасы 

(Құндыздыдағы Торғауыттан түсірілген 

Шыңғыстың жалпы көрінісі) Шыңғыс 

деген жер осы!»

« Б а у ы р ы н д а   м а л ы   с о ң ы р қ а п 

(Шеттің бойындағы шалғында жатқан 

мал), Басында боран, қыс тұрған 

(Түйеөркештегі қысқы көрініс), Асан 

Қайғы таңырқап (Желмая мінген, 

сақалы беліне түскен қарттың суреті), 

Үш қайырылып, үш тұрған Шыңғыс 

деген жер осы!»

« Т у ғ ы з д ы   Ш ы ң ғ ы с   М а м а й д ы 

(Мамай кесенесі), Туғызды Шыңғыс 

Абайды (Абай суреті). Шәкәрім, 

Шәкір, Көкбайлар (бұл суреттер 

Шыңғыстаудың баурайында екінші 

экспозицияда жылжып өтеді), Шалқар 

шабыт, отты ойлар. Ең соңында 

толғатты Мұхтардай Гималайды 

(Мұхтардың суреті)» Құдіретті күйдің 

фонында Шыңғыс көріністері тағы да 

5-6 секундқа созылады». 

Қазақ телеөнері тарланбозының 

зергерлікпен зерлегендей түйдекті ой 

шумақтары өнер атаулының айрықша 

түрі – телевизияның өзіне хас қызмет-

әрекеті, кереметі ұшан-теңіз көркемдік 

бейнелеу құралдарымен (сурет, музыка, 

табиғи суреттер) тұтасқанда ғажайып 

әлемнің құшағына еңгендей көл-көсір, 

мол әсерде боласыз. 

Өрі-қыры бірдей, білім-білікпен 

мұздай қаруланған, руханият кеңістігі 

байтақ, «қимылы қырық қызық сөздің» 

сиқырын сезінген, әрекеті берекетке 

ұласқан Сұлтекеңе қазақтың абыз 

ақыны Мұзафар Әлімбайдың: «Әз 

хал қыңның ортасында, бауырым, жас 

беренше жайнаң қағып жүр талмай!»  

дегенін қайталағым келеді.



Серік НеГИМОв,

л.Н.Гумилев атындағы еуразия 

ұлттық университетінің профессоры, 

филология ғылымының докторы,

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері

Б

ұл жерде қазақ өнерінің 



(театр деп біл) тарихы де-

генде, кеңестік кезеңді 

меңзейміз. Қазан төңкерісіне дейін 

опера, балет, концерт, оркестр, 

композитор, дирижер, маэстро, 

метр дейтін ұғымдар болмағанын 

мәнзалдаймыз (әлде, болып па 

еді?). Және солардың  арқасында 

тұтас халықтың орасан зор руха-

ни байлыққа ие боп, басқалардан 

асып кетпесе де, қалып та қоймай, 

терезесі теңелгендей болғанын да 

бағамдаймыз. Бағамдай отырып...

Тыңға т ү рен са лып, оларды 

жасаған кімдер еді дегенде амал-

сыз тосыламыз. Басқадай мүмкін 

емес. Осы біз қ а зақ қ а әлем ді к 

өркениетпен өзектес өнер үлгілерін 

әкеліп, ақ тер, көк тер болған бас-

таушы қайраткерлердің жанпи-

да еңбегін ұ мытқаннан сау мыз 

ба, жазатайым ұмытып, ардақтау, 

еске алуға енжар емеспіз бе? «Ер 

Тарғынның» сол жолғы кезекті 

қойы лымын тамаша лау үстінде 

Ертай ақынның балаларға арнап жазыл-

ған өлеңдері баланың риясыз іс-қимылын, 

ойын боямасыз жеткізе білуімен тәнті етеді. 

Баланың жан дүниесін түсінген ақын ғана 

ба лалар оқитын шығарма бере алады. Сон-

дай сәтті жазылған өлендердің бірі «Гүл» 

атты өлең.

«Ауланың ішіне

Көктемде гүл еккем.

Бір ара келді де

Қонуға бекінді.

Сабағы бүгілді,

Құлатса қайтемін?

Шағып ап гүлімді,

Жылатса қайтемін?» 

Гүлден нәр жинап жүрген арадан 

қауіптенген баланың беймаза көңілі өте шы-

найы берілген. «Е, сөйтпесең бала боласың 

ба?» деп жымиярың анық. Өлеңді оқып 

шыққанда гүлді айналып ұшып жүрген ара, 

абдыраған бала көз алдына келеді. 

Сөз Ертай ақынның балаларға арналған 

өлеңдері турасында болғандықтан жақсы 

жазылған өлеңдердің құпиясына да тоқтала 

ке туді жөн көріп отырмыз. Шеберлік сабағы 

ретінде көрінетін бір мәселеге жол-жөнекей 

тоқтап өтейік. Ол – сөз түйдектету, сол ар-

қылы белгілі бір лексиконды өлеңде ай тыл-

мақ негізгі ой қылып түйіндеу. Мұны ақын-

ның «Жұмыс» атты өлеңінен оқи аламыз:

«Кітап оқу да,

Кесте тоқу да,

Жеміс теру де,

Көмек беру де – 

Барлығы да жұмыс,

Есте ұстаған дұрыс». 

Осындағы «кітапты оқу, кестені тоқу, 

жемісті теру, көмекті беру» сөз тіркестері 

ғана бала әлемін ашып бере алатындығын 

« Сауал» өлеңін оқығанда көзіміз жетті.

«Мұз астында қалып,

Өріп жүр ме балық?

Айналасын анық,

Көріп жүр ме балық?

Әлде мұзды жарып,

Түсірсем бе жарық?..». 

Өзін толғантқан дүниені танып білгенше 

үлкендерді сұрақтың астына алатын бала 

көңіл күйі шумақта анық көрініп тұр. Өлең 

жолдарындағы алып ұшқан бала бейнесі 

мен қойған сауалдары қисынды. Ақын 

алты тармақтан тұратын шумақта бала 

өзгерісті, не уақтылы ойнап, тоңғасын 

үйіне қайтып оралған баланың іс-әрекетін 

үлгі етіп мадақ жыр жазып отырған жоқ. 

Өлеңдегі даланы жапқан ақ қар да, шана да 

авторлық негізгі ойды айтуға қажет қосым-

ша штрихтар ғана. Мұны сілтеме жасалып 

отырған үзіндіден назар аудара оқитын 

болсақ көре аламыз.

  «Жапты ақ қар даламды,

Көрген соң-ақ мұны мен,

Алып шығып шанамды

Сырғанадым күнімен.

Тоңдым,


Үйге кірдім мен,

Шанам қалды қорада.

Қора суық,

Кім білген,

Шанам енді тоңа ма?». 

Сөз қылып отырған өлеңнің жетістігі 

ақынның бала психологиясын жетік білуі 

дер едік. Бұл, әрине, айтуға оңай, дәйектеуі 

күрделілеу дүние. Дегенмен, «шешінген 

судан тайынбас» дегендей, түйінді ойды тар-

қатар болсақ, ақын балаларға жазған өлең-

дерін тақырып қуалап жазбайды, балалар 

әлеміне үңіліп, тілдесіп содан тапқан олжа-

сын ғана жазады. Сондықтан оның өлеңдері 

бала тілінде сөйлейді, қылықтарымен тәнті 

етеді. Мұны біз «Қора суық, кім білген, Ша-

нам енді тоңа ма?» жолдарынан оқи аламыз. 

Бір мақала көлемінде «Жалын» баспа-

сы ұйымдастырған балалар мен жасөс-

пірімдердің үздік шығармаларына арналған 

республикалық жабық бәйгеде төрт рет 

(1982, 1986, 1991, 1994) жүлдегер атанған  

Ертай ақынның балаларға базарлығын 

сарқа айту мүмкін емес. «Мешін жылы 

Бабатайда туғалы» деп кіндік қаны тамған 

киелі өлкесін шабытының шарқайрағына 

айналдырған бала жүрек Ерекең, міне, 

осындай ақын. 

 азамат МаМЫРОв, 

Батыс Қазақстан инновациялық-

технологиялық университетінің доценті

бірінен соң бірі түйдектеліп, оқырманды 

айтылмақ негізгі ойға ынтық қылып тұрған 

жетек сөздер. Бұл да болса ой айтудағы 

бір әдемі тәсіл. Сондай-ақ ұйқас құрап 

тұрған тұйық етістікті сөздер мен «да, де» 

жалғаулықты шылаулары өлеңде бірігіп 

сөзге ойнақылық реңк беріп, («оқу да, тоқу 

да, теру де, беру де») әрі бір ойды, бір ой іліп 

ала жөнеліп дамып барады.  

Балалар өлеңі нақтылы, детальді 

сөйлеуді тілейді. Ойнақы бір деталь, өрнекті 

бір тіркес сәби көңілінде суретін қалдырады. 

Балаларға арналған өлең басы артық бөстекі 

сөз, міндетсіз жолдардан таза болуы керек. 

Бұл – шарт. Міне, осындай бір өлең қа-

тарына ақынның «Мысықтың көзі» өлеңін 

жатқызған болар едік.

«Мысықтың жүрер жолы көп,

Түскенде ымырт далаға.

Шам ұстап жүрер қолы жоқ,

Сондықтан көзі жана ма?». 

Ертай ақынның балаларға арнап 

жазылған өлеңдері шын мәнінде бала әлемін 

жетік білетіндігін көрсетіп тұр. Бала болып 

ойлап, бала болып толғана білген ақын 

кейіпкерінің мінезін, танымын белгілі бір 

дәрежеде ашып бере алған деуге боларлық. 

Өлеңді оқып шыққан оқырман кейіпкердің 

назарына іліккен жағдаяттарға бейжай қарай 

алмайтындығын алғашқы екі сұрақ арқылы 

«Мұз астында қалып, Өріп жүр ме балық?, 

Айналасын анық, Көріп жүр ме балық?» 

тармақтары арқылы таныта алса, кімге де 

болса көмек қолын созуға дайын екендігін 

«Әлде мұзды жарып, Түсірсем бе жарық?» 

сұрағы арқылы сезіндіріп отыр. Бір сөзбен 

айтқанда, Ертай ақын «Сауал» өлеңінің 

бойына қан жүгірте білген. Шағын үзінді 

де бала бейнесі, балаға тән тіл, эмоциялық 

көңіл күйді көрсететін ішкі ұйқас («өріп жүр 

ме, көріп жүр ме») бар. Бұл, сөз жоқ, ақын 

ізденісінің жемісі. Сондай-ақ қазіргі балалар 

әдебиетінің жемісі. 

Ақынның оқырман ойынан шыққан 

өлеңдерінің бірі – «Ойыннан соң».  Өлең 

несімен тартымды деген заңды сұрақ туын-

дайтыны анық. Өлең мазмұнындағы бала-

ның жаңа жауған ақ қар үстінде шана-

мен кешке дейін сырғанауы несі тансық 

деуіңіз әбден мүмкін. Ақын жыл мезгіліндегі 

осындай бір бейжай ой-сезімдер 

иектеп, көкіректі тырнаудай тырна-

ды. Әсіресе, Брусиловский... Өткен 

ғ а сы рд а ғ ы 30 -ш ы ж ы л д ард ы ң 

б а с ы н д а     А х м е т   Ж ұ б а н о в 

Ленинградқа барып, сондағы кон-

серваторияны енді бітірген жерінен 

А лматыға әкелген Евгений Гри-

горьевич... Онан соң өзіне ұстаз 

тұтып, оны да Мәскеуден «әкелген» 

Латиф Хамиди екеуін ардақтаған 

Ахаң, Ахмет Жұбанов. Бұл орасан 

ерлік, жанашырлық еді. Брусилов-

ский де, Хамиди де қазақ өнеріне 

терең бойлап, ықпыл-жықпылын 

шебер меңгерді. Опера, балет, сим-

фония жанрларын жандантумен 

бірге, ұлттық кадрлар дайындады, 

қазақша шығарған әндері өз алды-

на. Ол екеуінің алдында сахараға 

сапар шегіп, ой мен қырды шарлау 

нәтижесінде қазақтың мың және бес 

жүз әнін жинап, екі бірдей кітап етіп 

шығарған – Мәскеуде тұратын – 

халық артисі А.В.затаевич бар-тын.

Олар аз десеңіз, қазақ музыкасын 

Ж

алпы, редакциямызға 



атбасын бұратын, 

келіп-кетіп  жү ретін 

азаматтар көп қой. Олар дың 

қайсыбірін есте сақтай бересің. 

Бірақ осы бір аза маттың сол 

кездегі келісі әлі күнге дейін көз 

алдымда. Сол жолы кейбіреулер 

сияқты әңгімені ұзағынан толғап, 

жұмысбасты болып отыратын 

біздерді мезі етіп отырып та алған 

жоқ. Сәлем ишаратын жаса-

ды, амандық-саулық сұрасқан 

соң шықты да жүре берді. Ал 

көңілде қалдырған әсері бөлек-

тін. Неге екенін қайдам, санам-

да: «Бұл «Қазақ газеттерінің» 

Қостанай облысындағы өкілі, 

газетіміздің белсенді авторы Ора-

залы Жақсанов емес пе екен?» де-

ген ой тұрды. Түйсігім алдамапты, 

кейін білгенімдей, соның дәл өзі 

болып шықты. Оған дейін теле-

фон арқылы сөйлесіп жүргеніміз 

ғана болмаса, жүзбе-жүз көргенім 

алғашқы рет еді. 

Оразалы Жақсановтың есіміне 

университет қабырғасында оқып 

жүрген кезімде қанық болдым. 

Сүбелі мақалаларын жиі оқып, 

ондағы көтерілген мәселелерді 

көңілге түйіп қалушы едік. 

Әрдайым Қостанайдан жаза-

тын болған соң мен оны осы 

өңірдің тумасы шығар деп ойлап 

жүретінмін. Сөйтсем, Орекең 

шырайлы Шымкент өңірінің төл 

перзенті екен. Шырайлы Шым-

Кеш Е.зікібаевтың «Танымайды мені еш-

кім» атты өлеңімен басталып, оқырмандарға 

қаламгердің өмірі мен шығармашылығы 

туралы баяндалды.

Ақынның шығармашылығын насихат-

тау мақсатында ұйымдастырылған шараға 

абайтанушы, Қр Білім беру ісінің үздігі, Қр 

Журналистер одағының мүшесі Қуанышбай 

Пірмаханұлы қатысып, сөз сөйледі.

Еске алу кеші барысында №37 орта 

мектебінің тәрбие бөлімінің меңгерушісі 

Айгүл Аманқызы Е.зікібаевтың қазақ 

әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегі тура-

лы айта келе, оқушыларға ақын жырла-

рын оқып, әрқашанда парасатты болуға 

тілектестік білдірді. Ақынның «Танымайды 

мені ешкім», «Бақыт» өлеңдерін «Болашақ» 

көпсалалы колледжінің студенті Нұрсерік 

Құдабай, №37 орта мектебінің оқушылары 

Маягүл Қайырбекова «Ұстазға», Меруерт 

Бекболат «Армысыңдар, аналар», Ақжол 

Тұрғанбаев «Сен – менің қорғаушымсың», 

Бек Қамза «Бақытым. Барым. Байлығым», 

Аяулым Есмағанбетова «Мен еркінмін», Ару 

Ахметова «Иығымда тұрғандай Абай қарап» 

атты өлеңдерін нақышына келтіре оқып 

берді.


Шара барысында «Шындықтан туған 

шырайлы ой» атты кітап көрмесі танысты-

рылып, библиографиялық шолу өткізілді. 

Абонемент бөлімінің меңгерушісі рысжан 

Болашқызы қаламгердің аудармаларына 

тоқталды.

Алғашқы өлеңдері 1957 жылы «Лениншіл 

жас» («Жас Алаш»), «Ленин туы» («Солтүстік 

Қазақстан») газеттерінде жарық көрген. «Ақ 

қайыңдар», «Аққу-арман», «Мен космонавт 

боламын», «Ақ айдын», «Ақ қайнар», «Ақ 

сағым», «Алтын сағым», «Құс ғұмыр» және 

т.б. жинақтары оқырман қауымға жақын 

таныс.


Шығармашылық еңбегі еленіп, жыр иесі 

көзі тірісінде Қазақ КСр Жоғарғы Кеңесінің 

Құрмет Грамотасымен (1986) марапатталған. 

2000 жылы Сәбит Мұқанов пен Ғабит 

Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына 

орай өткізілген мүшәйраның бірінші және 

арнайы сыйлығының иегері. 

Ақын есімі халық жадында сақталып, 

туған елімен бірге жасай бермек. 

ақмарал МҰҚаШева,

кітапхана қызметкері

Ақтөбе облысы 

зерттеп, түрлі жанрда шығармалар 

жазған Шабельский,  Шаргородский, 

Орлов, Мацуцин, Ерзакович, т.б. 

болмады ма? Қазақтың кәсіби музы-

ка өнері солардың арқасында шешек 

атып гүлденбеп пе еді. Солай, бірақ...

Соларға мән беріп, тиісінше, 

бағалай алдық па? Жоқ! Оған бір 

ғана дәлел – 1958-59 жылдары «Қыз 

Жібек» операсының афишаларын-

да Брусиловскийдің атын атамай, 

музыкасын қасақана халықтікі 

деп көрсетіп, КСрО халық артисі 

атағына ұсынбай, ақыры ол өкпелеп 

Мәскеуге кетіп, сонда дүниеден 

өткені, қазақтың қаншама халық әнін 

өңдеп-қырнап, қаншама әншілерге 

қамқорлық жасап, зерттеу кітаптар 

шығарған Борис Ерзаковичті өсек-

аяңға таңып, жерге қарату десек те 

жетіп жатқандай (бұлар бір шөкім 

өнерсүйгіш зиялы қауым өкілдері 

театрда төбе көрсетпейді демесе. Бұл 

біреу-міреуді кінәлау емес, пікір. Бар 

болғаны. Өмірбақи көрме, тыңдама. 

Театрда қазақ операсы қашан 

қойылар екен деп қарап, байқап, 

мән беріп жүретін жұрт сенсіз де жоқ 

емес (дедік). Енді...

Сол жолғы «Ер Тарғын» қалай 

өтті, декорация, басты партиялар-

ды кімдер орындады, солар жай-

лы бір-екі сөз. Сонау 1958 жылдан 

бері сан рет көріп, «Ер Тарғын» 

рөлін Ермек Серкебаев, Әнуарбек 

Үмбетбаев, Кәукен Кенжетаев, 

Ғафиз Есімовтердің сомдағанына 

талай куә болған өз басым бұл 

жолы тыңдаушы ретінде Болат 

Жомартовтың Ер Тарғыны мен 

рымкеш Жұмаділованың Ақжүнісіне 

бек риза боп, екеуінің де өнердің 

қыр-сырына жетік, самдағай әнші-

ліктеріне тән бердім десем болады. 

Дана, Қожақ, Балпан, Қапан, Жы-

рау, Ақша хан рөлдерін орындаушы-

лар да кәсіби шеберлігі жетік, қай 

жағынан да мығым, білікті өнер-

паздар екендері көрінді. Алайда...

Ең бастысы, операның өн бойын-

да шебер өріліп, ілмектесіп, жымда-

сып, үйлесіп отыратын қазақтың 

халық әндері мен күйлері, әрине. Осы 

жолы аңғардық, сахна ашылғанда 

хормен орындалатын «Қорлан» 

әні одан кейін де ария ретінде 

төрт-бес рет келістіре шырқалды. 

«Ләйлім шырақ», «Гауһартас», 

«Сұржекей»... Барлығы... барлығы 

Брусиловскийдің арқасы, Бруси-

ловский дің құдіреті. Брусиловскийге 

тағзым. Ермек Серкебаевқа тағзым!

Қоюшы-режиссер, дирижер, 

балетмейстр, хормейстр, кон-

цертмейстрлердің еңбегі, сахналық 

декорация көңілдегідей болған еді 

сол жолы. Дирижер Қабылбаевтың 

оркестр басқару қабілеті назар 

аударды. Баяу, сырлы, нәзік үн 

жағымды естіледі, жан жадыра-

тады. Бұл орайда, оның (дирижер 

Қабылбаевтың) ұзақ жыл Мәдениет 

министрлігінде жауапты қызмет 

атқарған, ән-күйлері кең таралған 

композитор  Болат Қабылбаевтың 

ұлы екенін айта кетуді жөн көреміз. 

Оның алда биік асулардан көрінуіне 

тілек қосамыз.

Брусиловскийге тағзым. Оны 

ұмытпа, ағайын. Ой жібер, зерделе. 

Есімін ардақта. Ұмытпа. Басқа не 

дейік.


Зәкір аСаБаев

Брусиловский

құдіреті

жөренесі). Ал  Брусиловскийге қайта 

оралсақ...

Ермек Серкебаевпен жасалған 

эссе-диалог («Маэстро») кітапта 

Ерекең Брусиловскийдің қазақ 

тақырыбына 31 опера жазып, со-

лардан сахналанғаны «Қыз Жібек», 

«Жалбыр», «Ер Тарғын» екенін айта-

ды. Үшеуі де халық әндерінің інжу-

маржандары негізінде. 1967 жылы 

«Қыз Жібек» операсы мыңыншы 

рет қойылып, ол мәдени өмірдегі 

елеулі оқиға ретінде атап өтілгені, 

«Ер Тарғын» операсы да одан аз 

қойылмай, өзбек опера театрында 

сахналанғанына қарағанда, олар 

бертінге дейін көрсетіліп келген 

болса керек. Соңғы он бес, жи-

ырма жыл көлемінде сахнада жы-

лына бір-екі рет қана шаң береді. 

Соның өзінде тек қана қазақтың 

халық әндерінен тұратын осы екі 

операға ағылып-төгіліп келетін 

қазақтарды байқау қиын. Ау, бұл 

енді (шығармашылық оқиғасын 

айтпағанда) түсіңде тыңдай алмай-

музыкалы-драма театры Алматыға 

гастрольге келіп, Әуезов атындағы 

театрда көрсеткенде тыңдағанымыз 

бар. Ғажап болатын. «Қыз Жібек» 

пен «Ер Тарғыннан» асып түспесе, 

кем емес-тін (халық ән-күйлерін ай-

тып отырмыз). Ара-тұра «Жалбыр-

ды» неге қоймайды деген өкінішті ой 

қылаң береді. Ал... 

«Ер Тарғынның» (жоғарыда 

аталған) қойылымында көрермен 

болмады емес, болды, әрине, зал 

толды. Олардың үштен біріне жуығы 

өзге ұлт өкілдері – қазақты, оның 

ұлттық ән-күйі, операсына мән 

беріп, ардақтап сыйлайтын, өнерін 

бағалап түсінетін мәдениетті қауым. 

Үнемі солай. «Қыз Жібекте» де со-

лай болады. Тек... тек... Анау жоқ, 

мынау жоқ, олай емес, былай емес 

деп Алатаудай арманын айтатын, ай-

тып жүретін, айтудан алдарына жан 

салмайтын, айту арқылы мәртебелі 

атақ алуды көксейтін, кейде алып 

та жіберетін, сөзге бар, іске жоқ, 

шетінен мәдениетті, шетінен зипа, 

кететіні де бар. Мұндай кез-

де шығармашылық ізденісте 

жүріп, жаңа тақырыптар мен 

кейіпкерлер іздейтіні байқалып 

тұрады. Одан кейін қаламынан 

туған туындылары сиясы кеппе-

ген күйінде үстелімізге түседі. 

Тақырыптары – ауқымды. 

Еліне елеулі тұлғалар, өнегелі от-

басылар, әлеуметтік мәселелер, 

ұлт пен тіл тағдыры, өзекті 

тақырыптарға арналған сұхбаттар, 

қазақ тілін меңгерген өзге ұлт 

өкілдері туралы мақалалар бо-

лып жалғаса береді. Жалпы, 

әккі журналистер қай кезде де 

қоғамның тамыршысы сияқты 

ғой. Менің бір таңғалатыным, 

Тегі Жақсанов болғаннан кейін 

жақсы деген атқа сай. Қашанда 

жақсылықтың биігінен көріне 

білетін тұғырлы тұлға. 

«Қостанай өңірінде қызмет 

істегенім үшін өзімді бақытты са-

наймын. Өйткені мұнда 1920 жыл-

дары қазақтың тұңғыш журналисі 

Мұхамеджан Сералин «Ауыл» 

газетін шығарған. Осындай та-

рихы тереңде жатқан тағылымды 

газетте жұмыс атқарғанымды 

мақтаныш тұтамын» деп өзі 

айтқандай, бүгінде Қостанай 

өңірінің қазақшалануына сүбелі 

үлес қосып жүрген азаматтың 

бірі де осы Оразалы Жақсанов 

десек, артық болмас. Оның қа-

жырлы еңбегімен жеткен шы-

ғармашылық жетістіктері аз 

емес. Халықаралық ақпарат-

тандыру академиясының мүшесі. 

Қазақстан және Әлем Халық-

тары Жазушылары одағы ның 

м ү ш е с і .   Қ а з а қ с т а н   р е с п у б -

ликасының Мәдениет қайраткері. 

Қазақстанның Құрметті жур-

налисі.  Қостанай облыс тық 

әкімі мен меценаттар клубының 

«Қазына» және Бейімбет Май-

лин сыйлықтарының лауреа-

ты. Қазақстан республикасы 

Мәдениет және ақпарат ми-

нистр лігінің Құрмет грамотасы-

ның иегері. 26 кітаптың авторы. 

«Жұлдыздар отбасы» журна-

лының ол кісімен сұхбат алдын-

дағы анықтамасында сүйікті актері 

ретінде Нұрмұхан Жантөрин 

және Митхун Чакрабортидің есімі 

көрсетіліпті. Бұған қарағанда 

Ораз аға екеуіміздің талғамымыз 

да ұқсас болып шықты. Мен 

де бала жасымнан Нұрмұхан 

ағамыз бен Митхунның ки-

ноларын ерекше жақсы көріп 

өсіп едім. Бәлкім, екеуміздің 

а р а м ы з д а ғ ы   ә р і п т е с т і к т е н 

бөлек, көңіл-жақындық қарым-

қатынастың орнауына осын-

дай да ортақ талғамның тигізген 

әсері аз емес болар. Иә, ол аттары 

аңызға айналған тұлғалар сияқты 

отандық журналистиканың өз 

сахнасында, газет беттерінде 

жарқырап жүргеніне оқырман 

куә. Өзіне тиесілі салмақты рөлі 

бар, тек қана өзіне ғана жара-

сымды шырайлы күлкісі бар. 

Мақалалары да кино әлеміндей 

тартымды. Алпыстың асқар 

беліне көтеріліп отырған жақсы 

аға туралы бір үзік сырымыз 

осындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет