Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау мен өзіңді және басқаларды түсіну арқылы басқару жүйесін бағалау



Дата08.04.2023
өлшемі21,19 Kb.
#80502
Байланысты:
Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау мен өзіңді және басқаларды түсіну арқылы басқару жүйесін бағалау


Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау мен өзіңді және басқаларды түсіну арқылы басқару жүйесін бағалау.
«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын. «Адам –динамикалық алға ұмтылған жарқыраған энергетикалық жүйе» — деп Э.Берн адамның анықтамасын жақсы келтірген. (Э.Берн. Адам дегеніміз не?/ Батысеуропа және америка психологиясында жеке тұлға теориясы. Самара,1996.С.46 )
Е. В. Шорохова адамды анық сойлей алатын, ойлауға қабілетті, жоғарғы психикалық функцияларды игере алатын (абстрактты-логикалық пайымдау, логикалық еске сақтау және т.б ), еңбек құралдарын жасап және оны еңбек процессінде қолдана алатын жаратылыс иесі ретінде анықтады. Адамның бұл ерекшеліктері және қасиеттері (тіл, ойлау қабілеті,еңбектену және басқалары) адамдарға биологиялық жолмен берілмейді, бұл қасиеттер алдыңғы ұрпақпен жасалған мәдениетті ұғыну барысында қалыптасады.
Ешбір адамның жеке тәжірибесі оның ойлау қабілетінің өздігінен қалыптасуына, түсінік жүйесінің құралуына әкелмеген. Ол үшін мыңдаған өмір қажет етіледі. Әрбір адам ұрпағы өмірін алдыңғы ұрпақ қалдырып кеткен құбылыстар мен заттардың қоршауында бастайды. Олар еңбекке және қоғамдық өмірге араласа келе қазіргі адамдарға тән адамдық ерекшеліктерді дамытты.
Адамның өмірі мен әрекеті биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірігуі мен біржақты әсер етуіне, әсіресе әлеуметтік фактордың басқарушы роль атқаруына негізделген. Ойлау қабілеті мен тіл адамдарға биологиялық жолмен беріліп өмір сүру барысында қалыптасатындықтан – қасиеттердің жалпы генотипті биологиялық жолмен берілетін биологиялық ағза ретінде «жеке адам» түсінігін ( жеке адам болып туыламыз), адамның қоғамда өзін ұстау мен ойлау қабілетін қоғамдық – тарихи тәжірибе нәтижесінде қалыптастыруының әлеуметтік – психологиялық жаратылысын тұлға түсінігін қалыптастырды (тұлға болып біз қоғамдық өмір әсерінен, тәрбиеден, оқудан, сөйлесуден, әрекеттен қалыптасамыз).
Әлеуметтану тұлғаны белгілі бір әлеуметтік топтың мүшесі ретінде, әлеуметтік тип ретінде, қоғамдық қатынастар нәтижесі ретінде қарастырады. Бірақ психология тұлғаны әлеуметтік әсерге ұшырайтын қоғамдық қатынастар нәтижесі ғана санамай, оны өзгертіп, уақыт өте келе тұлға қоғамның сыртқы әсерін көрсететін ішкі шарттардың жиынтығы ретінде зерттейді. Бұл ішкі шарттар алдыңғы әлеуметтік әрекеттердің ықпалынан қалыптасқан мұрагерлік – биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік қалыптасқан қасиеттердің құрылымы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы барысында ішкі шарттар тереңдей бередіде, нәтижесінде бірдей сыртқы жағдайлар әр түрлі адамдарға әр түрлі әсер етеді. Сондықтан тұлға қоғамдық қатынастардың нәтижесі және объект қана емес, сөйлесудің, ойлаудың, өзін – өзі түсінудің, әреккеттенудің белсенді субъектісі ретінде көрсетіледі.
Жеке адам мен тұлғаның арасында өзіндік ерекшеліктер бар. Ең алдымен, жеке адам мен тұлғаның айырмашылығына тоқталсақ. Менің ойымша, жеке адам, яғни индивид деп барлық адамдарды айтамыз. Яғни, адам осы өмірге келе салғаннан бастап жеке адам болады. Ал тұлға деп осы жеке адамды сипаттайтын ұғымды айтамыз. Яғни, тұлға ол қоғамда өзіндік атқаратын ролі бар, ой-пікірі бар саналы әрекет иесі. Қазақта бұрынғы кезден келе жатқан «он үште отау иесі» деген сөз бар. Бұл мақалдың негізгі мағынасы тұлға болып дамумен тікелей байланысты. Осы мақал негізінде қазақ ұғымындағы тұлға азды-көпті көргені бар, жауапкершілігі бар, таңдау жасай алатын, қоғам алдында жауап бере алатын адам болып табылады.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктерге психологиялық ерекшелік те жатады. Адамның тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.Ең бірінші ерекшелігі - адам бағыттылығы болып табылады. Әр жеке тұлғаның өмірге деген көзқарастары әртүрлі. Әртүрлі болуының себебі жеке тұлғаның айналысындағы адамдар, қоршаған орта, өмір сүру жағдайы және көрген-білгендері бір-біріне ұқсамайды. Жалпы бағыттылық - адамның алдына қойған мақсатты анықтайды. Сол мақсатты орындау барысында адам әртүрлі әрекеттер жасайды. Екінші ерекшелігі – қабілет болып табылады. Жоғарыда айтылған себептерге байланысты, сонымен қатар жеке тұлғаның өзіндік дамуына және қабылдауына сәйкес әркімнің қабілеті әр деңгейде. Қабілетті арттыруда талант пен еңбек басты рөл атқарады және бұл жерде еңбектің маңызы зор. Енді үшінші ерекшелікке келсек. Үшінші ерекшелігі – мінез. Жоғарыдаға екі ерекшеліктің себептеріне байланысты, сонымен қатар генетикалық және т.б себептерге байланысты әр жеке адам немесе тұлға бір-бірінен ерекшелінеді. Негізінде, мінездіңи қалыптасуына қоршаған орта мен айналасындағы жағдайлар өз әсерін тигізеді

Өзіңді және басқаларды түсіну тақырыбына тоқталайық. Өзіңді және басқаны түсінудің маңызы – қоғаммен байланыс орнату, қарым-қатынасты нығайту, белгілі бір мақсатқа жету болып табылады. Өзіңді түсіну дегеніміз өзіндік тәжірбиені меңгеру деген сөз. Адам өзін өзі түсіну арқылы бойындағы жақсы қасиеттерді анықтап, өз мүмкіншілігін, қабілетін арттыра алады және сол арқылы мақсаттарын анықтап оған жете алады. Егер адам өзін түсінбесе өзінің күшті және әлсіз жақтарын дұрыс пайдалана алмайды. Сәйкесінше бұл адамды жеңіліске ұшыратады. Өзіңді түсінумен қатар басқаны түсінудің де маңызы зор. Қоғаммен қарым-қатынас орната алу үшін және оны нығайту үшін айналаны түсіне білу қажет. Қаншалықты түсіне алуы адамның санасына, түсінігіне байланысты. Қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қарым-қатынасын көрсетеді. Сол себепті де басқаларды түсіне білудің маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет