12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының
азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:
Декларацияны табыс ету мерзімдері 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.
2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда тапсырады.
3. Егер жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынылған күнге қаржылық есептіліктің бекітілген аудиторлық есебі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылатын жеке табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.