Жеке тұлғаны қалыптастырудың, тәрбиелеудің, дамытудың жалпы заңдылықтары



Дата25.01.2023
өлшемі18,63 Kb.
#62833

Жеке тұлғаны қалыптастырудың, тәрбиелеудің, дамытудың жалпы заңдылықтары.
Елімізде болып жатқан саяси – әлеуметтік, эконмикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру , демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мзмұны ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухы биік, саеналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Тұлғаның қалыптасуында негізінен әлеуметтік және табиғи ортаның, тәрбиенің маңызы зор екені теориялық және практикалық түрде дәлелдеп берді. Жеке тұлғаның өсуі және дмуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүру қажет екенін дәлелдеді.
Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше мән берілген болатын. Көптеген жылдар тәрбие “Тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама беріліп кел, “Педагогика” деген сөздің мәні, мазмұндық ауқьш біртіндеп кеңейіп, “Баланы өмірге үйретудің шеберліі деген мағынаға ие болды, яғни ол баланы оқыты тәрбиелеу, оның рухани және физиологиялық жағын; өсіп-жетілуін басқарып, бағыттау деген сөз. Соныме бүгінгі педагогика ғылымына ең қысқа және дәл анықтаи беру керек болса, оны “адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым деп атаған болар едік. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағына; балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мағынасында қолданылып отыр.
Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдістәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын ала болжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкінді туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деге ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи дам сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттері айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүлделерін сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесі құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатт болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық өркениеті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеул белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.
Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың солғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі — оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен оның мінез-құлық, іс-әрекетіндегі көрінісінен байқалады.
Тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет