Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті БӨЖ 3
Тақырыбы: Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі маңызы
Орындаған: Мәуліт Ақерке
Қабылдаған: Сайдахметова Лаззият Турлыгазиевна
Тобы: 203
Жоспар
І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Тәрбие дегеніміз…………………………………........................................
2. Тәрбие тұжырымдамасының тұлға тәрбиесіндегі рөлі……………………
ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше мән берілген болатын. Көптеген жылдар тәрбие “Тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама беріліп кел, “Педагогика” деген сөздің мәні, мазмұндық ауқьш біртіндеп кеңейіп, “Баланы өмірге үйретудің шеберліі деген мағынаға ие болды, яғни ол баланы оқыты тәрбиелеу, оның рухани және физиологиялық жағын; өсіп-жетілуін басқарып, бағыттау деген сөз. Соныме бүгінгі педагогика ғылымына ең қысқа және дәл анықтаи беру керек болса, оны “адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым деп атаған болар едік. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағына; балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мағынасында қолданылып отыр.
Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдістәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын алаболжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкінді туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деге ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи дам сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттері айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүлделерін сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесі құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Сөйтіп, қолданбалы ғылымның ролін атқарады. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатт болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.