Жеке тұлғаның ерік жүйесі Орындаған: Екі шет тілі 102 топ магистранты Рахимова Мөлдір Жоспары: Ерік туралы түсінік



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі191,62 Kb.
#43798
1   2   3
Еріктің физиологиялық негіздері
Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченовтен кейін зерттеген И. П. Павлов болды. И. П. Павлов және оның шәкірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен уақытша жүйке байланысына түсуге қабілетті екенін корсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бүрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мүндай қозғалыстар үшін соз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы создік сигналдар. Адамның коптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мүндай сөздер түрлі қимыл қозғалыстың "басталу белгісі". Адам соз арқылы нүсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған максатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдынғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бүлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бүлшық еттерімен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторын қүрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мүндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.
1
2
3
Ерік сапалары
Ерік сапалары
А) Тоқтамга келгіштік
Тоқтамга келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бүл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда адам
алдындағы ісін дүрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардьщ ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық — тоқтамға келгіш тән қасиеттер.
Ә) Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мүндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының түрғыны Түрсын Мынбаев үлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады.
Б) Үстамдылық
Үстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Үстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол агат істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің қүлы емес. Мүндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға гана арнап отырады. "...нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу емес,— дейді А. С. Макаренко,— сонымен бірге керек болған
жагдайда қажетсіз нәрседен өзін бас тарта білуге мәжбүр етуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет