Түсініктеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 наурызындағы №4-02-4/450 әдістемелік нұсқаулығына сүйене отырып, мектепалды даярлық тобының төмендегі көрсетілген ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған жеке түзету-дамыту бағдарламасы құрылды.
Қазіргі кезде ерекше білімді қажет ететін балаларды түзете қолдау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай білім алуда ереше қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке даму бағдарламасын жобалау негізгі міндеттердің біріне жатады.
Әрбір баланың жұмыс істеуде, бағдарламаны меңгеруде өзіндік қарқыны, мерзімі болады, сол себепті оларды алу мүмкіндігіне құқығы болады, яғни бала жалпы қабылданған және түзете дамыту үдерісіндегі оның барлық қажеттіліктерін бейнеленетін оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жеке бағдарламасының болуына құқылы болады.
Білім беру ұйымына келген балалардың талаптарына бағынуға тиісті болуымен қатар, білім беру жүйесі де оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың жеке мүмкіндіктеріне қарай әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызуға міндетті. Бұл тәсіл әсіресе арнайы білім берудің барлық санаттағы ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсетеді.
Жеке даму бағдарламасы (ЖДБ) нақты балаға қолданатын түзете дамыту үрдісінің барлық кезеңдерін және оны жүзеге асырудағы баланың даму динамикасын бейнелейді.
Баланың аты-жөні: Орынғали Наурызбек
Туған жылы: 22.03. 2014 ж
Аңғарымы: Нерезко выражение общее недоразвитие речи
Бағдарламаның құрылу уақыты: Бағдарламаның мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға денсаулығын сақтай отырып, қолайлы психологиялық жағдай жасау.