Желтоқсан



бет12/22
Дата10.03.2023
өлшемі442 Kb.
#73035
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
серуен 2ыс - копия

Халық болжамы:

  • Қар көп болса, нан мол болады.

  • Қатты аязда әтеш ерте шақырса, күн жылынады.

  • Ит қарға аунаса, қарлы боран болады.

  • Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.

Қаңтар
Серуен №4
Жеңіл көліктерді бақылау
Мақсаты: автомобильдер туралы білімдерін бекіту, оларды түрлері бойынша ажырата білу, жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
Бақылау барысы
Көркем сөз «Тәртіп керек баршаға» Е.Елубаев
Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Көшеден өтер кезіңде,
Абайлап қара жан-жаққа,
Келе жатқан көлікке,
Жол бер, өтсін, асықпа!
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

  • Балабақша жанындағы жолдан өтетін қандай көліктерді білесіңдер?

  • Барлық көліктерді қандай топтарға бөлуге болады? (жеңіл, жүк, қоғамдық, арнайы көліктер)

  • Көліктер қоршаған ортаға қандай әсер етеді? (ауаны түтіндерімен, асфальт бетін бензин тамшыларымен ластайды)

  • Көліктердің қандай пайдасы бар? (адамдарды, жүктерді қажет жеріне тез апарады)

  • Көліктердің адамға қандай кедергісі бар? (таңертең дыбыстап, ұйықтауға кедергі болады, ауаға ащы түтін шығарады)

  • Қандай машиналар көп шулайды, ауаны көп ластайды? (Жүк машиналары)

♦ Біздің қалада қандай машиналар көп? Неліктен?
♦ Жолдан өтерде не істеу керек, қандай ережелерді сақтау керек?
Еңбек
Ауланы бірлесе отырып тазалау.
Мақсаты :
бірлесе еңбек етуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
— жылдамдық пен күштерін есептей білуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет