Жеміс-жидектердің айтысы Адия



Дата27.11.2023
өлшемі16,27 Kb.
#130400

Жеміс-жидектердің айтысы
Адия: Міне, дархан күз де кеп,
Жеміс берді бізге көп.
Бір күні олар айтысып,
Қалды азырақ сөзге кеп.

Аделя:Апорт дейтін алмамын,
Тіл үйірген бал-дәмім.
Қандай жеміс болса да,
Артық менің салмағым.

Илияс: – Мен дегенің жүзіммін,
Әбден пісіп үзілдім.
Береке боп үйілген,
Сыйы менмін күзімнің.

Ақжан:Тамсандырған бар жұртты,
Мені ерекше бал қыпты.
Туысқаны алманың,
Кім мақтамас алмұртты.

Аяла:Мен алқызыл шиемін,
Күн сәулесін сүйемін.
Тақпақ та бар мен жайлы,
Мәртебеге иемін.

Адия: Айтыспақшы әлі де,
Жібермедім әріге.
Жеміс-жидектің балалар,
Пайдалы ғой бәрі де.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет