Жеміс пен тұқым құрылысы Жемістер классификациясы


Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды. Қосжарнақты тұқымның құрылысы



бет2/2
Дата18.03.2023
өлшемі377,04 Kb.
#75394
1   2
Байланысты:
6. Жеміс

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
Қосжарнақты тұқымның құрылысы. Қосжарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.
  • Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
  •  

  • Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады. Қосжарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
  •  
  • Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады
  • Даражарнақты тұқымның құрылысы. Даражарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Даражарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

Қорытынды

  • Қорыта келсек тұқым өсімдіктердің көбеюіне қатысатын мүше ал жеміс болса өсімдік өнімі болып табылады.Өсімдіктің түріне байланысты жемістің түрі,пішіні әртүрлі болатынана тағы көзіміз жетті.Тұқым қосжарнақты және даражарнақты болып бөлінетіні белгілі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ә.Ә.Әметов Ботаника Алматы 2000
  • П.Рейвн.Р.Эверт Современная ботаника


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет