Жеміс — жабық тұқымды өсімдіктерөнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді.
Тұқым - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.
Тұқым гүлдіөсімдіктердежемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардыңмегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбүршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделіі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады).
Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе тұқымжарнағы), бүршігі болады.
Жеміс-жабық тұқымды өсімдіктер өнімі.Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды,бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де дамиды.
Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады.Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады,партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады.
Тұқым-өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан,ұрықтан және эндоспермадан және периспермадан тұрады.Қалыптасқан ұрықта қапшығы,тамыр мойыны,тамыржарнақты бүршігі болады.
Шырынды жемістер -шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. жатады.
1. Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).
2. Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.
3. Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.
4. Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған және т. б.).
5. Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
6. Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре).
7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша және т. б.).
8. Жинақталған жемістер. Жинақталған жемістер (сборные плоды) бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құлпынай (клубника), итмұрын жемістері шырынды болып көрінгенімен құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміске жатады. Жаңғақшалары шырынды гүлтабанының (гүлтұғыры) ішінде жеке-жеке орналасады.