special-edu.kz бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде Интернет арқылы ақпарат беретіндерін өздерінің көрсететін қызметтерін мүгедектер үшін қолжетімді өткізуге шақыруды;
е) ымдау тілін пайдалануды мойындауды және көтермелеуді қоса алғанда барлық тиісті шараларды қабылдайды.
бап. Білім беру
Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде жүзеге асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді, бұл ретте:
special-edu.kz а) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын және адами алуан түрлілікті құрметтеуді күшейтуге;
b) мүгедектердің жеке тұлғасын, талантын және шығармашылығын, сондай -ақ олардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға;
с) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу мүмкіндігін беруге ұмтылады.
Бұл құқықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттер:
special-edu.kz а) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек балалар – тегін және міндетті бастауыш және орта білім беру жүйесінен мүгедектігі себепті шығып қалмауын;
мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім беруге басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін;
жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етілуін;
мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие болуын;
special-edu.kz білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай жасайтын ахуалда, соған сай толық қамту мақсатындағы жеке қолдауды ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралар қабылдануын қамтамасыз етеді.
Қатысушы мемлекеттер мүгедектерге олардың білім беру процесіне толық әрі теңдей және жергілікті қоғамдастық мүшелері ретінде қатысуын жеңілдету үшін өмірлік және әлеуметтендірілген дағдыларды игеру мүмкіндігін береді.
Қатысушы мемлекеттер бұл бағыттағы тиісті шараларды қабылдайды, оның ішінде:
а) Брайль әліпбиін, балама қаріптерді, қарым-қатынастың күшейтуші және балама әдістерді, тәсілдер мен форматтарды, сондай-ақ бағдарлық және ұтқырлық дағдыларын игеруге жәрдемдеседі, құрдастары тарапынан қолдау көрсетілуі мен тәлімгерлікке жағдай жасайды;