special-edu.kz b) ымдау тілін игеру мен саңыраулардың өзіндік тілін көтермелеуге жәрдемдеседі; с) соқыр, саңырау немесе соқыр-саңырау адамдарды, оның ішінде балаларды оқыту мүгедек үшін барынша қолайлы тілдің, қарым-қатынас әдістері мен тәсілдерінің көмегімен және білімнің игерілуі мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай жасайтын ахуалда өтуін
қамтамасыз етеді.
special-edu.kz Осы құқықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін қатысушы мемлекеттер жұмысқа ымдау тілін және/немесе Брайль әліпбиін білетін мұғалімдерді, оның ішінде мүгедек мұғалімдерді тарту үшін және білім беру жүйесінің барлық деңгейінде жұмыс істейтін мамандар мен қызметкерлерді оқыту үшін тиісті шараларды қабылдайды. Мұндай оқыту мүгедектік мәселесіндегі ағартуды және қарым-қатынастың күшейтуші және балама әдістерін, тәсілдерін және форматтарын, мүгедектерге қолдау көрсетуге арналған оқу әдістемелері мен материалдарды пайдалануды қамтиды.
Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің жалпы жоғарғы білім алуға, кәсіби білім алуына, ересектерге арналған білім алуына және өмір бойы оқуына кемсітусіз әрі басқалармен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен қатысушы мемлекеттер мүгедектердің ақылға қонымды құрылғылармен қамтылуын қамтамасыз етеді.
special-edu.kz бап. Денсаулық
Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің денсаулықтың мүгедектік белгісі бойынша кемсітілусіз неғұрлым жоғары қолжетімді деңгейіне құқығының бар екенін таниды. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің денсаулық сақтау саласындағы гендерлік ерекшеліктерді ескеретін қызмет көрсетулерге, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша оңалтуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. Атап айтқанда, қатысушы мемлекеттер:
special-edu.kz мүгедектерге денсаулық сақтау жөніндегі, оның ішінде сексуалдық және ұрпақты болу денсаулығы саласында және халыққа ұсынылатын мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламалары желісі бойынша тегін немесе қымбат емес қызмет көрсетулер мен бағдарламалардың басқа да адамдарға арналатындай жиынтығын, сапасы мен деңгейін қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтау саласында мүгедектерге олардың мүгедектік себебі бойынша тікелей қажет қызметтер көрсетуді, оның ішінде ерте диагностиканы, ал қолайлы жағдайларда - мүгедектікті, оның ішінде балалар мен егде адамдар арасында барынша төмендетуге және әрі қарай пайда болуына жол бермеуге арналған түзетулер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынады;