special-edu.kz Мақсатты топ балаларының құқықтарына қатысты халықаралық құжаттар, ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері мен ведомствалық құжаттардағы басты тұжырымдар анықталып, ақпарат жүйеленіп әрі қолданысқа ұсынылды;
еліміздің аумағындағы қызметтердің тізімі ұсынылып, олардың әр ведомство тарапынан атқарылатын түрлері берілді.
special-edu.kz теориялық зерттеу: алуан қызмет түрлері туралы аппаратты табу және мәліметтерді жүйелеу мақсатында халықаралық құжаттар, ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері мен ведомствалық құжаттарды зерттеу; Қазақстандық заңнамада балаларға қатысты қарастырылған алуан қызмет түрлері туралы ақпаратты жинақтау;
эмпирикалық зерттеу: еліміздің арнайы білім беру ұйымдары, нақты айтатын болсақ ПМПК, ППТК және арнайы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен мамандары арасында мақсатты топ балаларының құқықтарына қатысты сауалнама өткізу;
зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылар және ұсынымдарды дайындау.
special-edu.kz Қолдану саласы: ата-аналар жұмыс нәтижелерін балаларының кез келген құқықтарын жүзеге асыру барысында қолдана алады; қол жеткен нәтижелерді Арнайы білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары өз қызметтерін жүзеге асыру және жоғарыда аталған санаттағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу кезінде негізге алуы мүмкін; Арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында ата-аналармен ақпараттық-анықтамалық жұмыс жүргізу барысында қолдануға болады.
Негізгі бөлім І.Балаларға ұсынылатынқызметтердіңнормативтік-құқықтықтұрғыдан қамтамасызетілуі Халықаралыққұжаттарнегізіндегібалақұқықтарыменоларғаатқарылатын қызметтер