special-edu.kz Ақыл-есі кем тұлға материалдық қамтамасыздандырылуға және қанағаттанарлықтай өмір сүру деңгейіне құқылы. Мүмкіндігі толықтай жеткенше өнімді еңбек етуге немесе қандай да бір басқа да пайдалы іспен шұғылдануға құқылы.
Мүмкін болған жағдайларда, ақыл-есі кем тұлға өз отбасының ортасында немесе асыраушы отбасымен бірге тұрып, қоғам өмірінің түрлі нысандарына қатысуы тиіс. Мұндай тұлғалардың отбасыларына көмек көрсетілуі тиіс. Қажет болған жағдайда мұндай адамдар арнайы мекемелерге орналастырылатын болса жаңа ортасының және өмір сүру жағдайлары әдеттегі қалыпты өмір сүру жағдайларынан ерекшелігі кем де кем болуы тиіс.
special-edu.kz Ақыл-есі кем тұлғаның оның жеке басының әл-ауқатын және мүдделерін қорғау үшін қажет болған жағдайларда білікті қамқоршының қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
Мүгедектілік сипаты ауыр болу салдарынан ақыл-есі кем тұлға өзінің барлық құқықтарын тиісті түрде жүзеге асыра алмаса немесе осындай құқықтардың кейбірін немесе барлығын шектеу немесе жоққа шығару қажеттілігі туындаған жағдайда, онда мұндай шектеулер немесе жоққа шығару рәсімдері мақсатында қолданылатын іс-шаралар кез-келген асыра пайдаланулардан қорғау үшін тиісті түрдегі құқықтық кепілдіктерді де қарастыруы қажет. Мұндай іс-шаралар білікті мамандардың ақыл-есі кем тұлғаның қоғамға пайдалы барлық мүмкіндіктерін бағалауына негізделіп, жоғарғы инстанцияларға белгілі бір мерзім аралығында қайта қарауға өтініш беру және апелляция беру құқығы да қарастырылуы тиіс.
special-edu.kz Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының он үшінші сессиясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447(XXX) қарары негізіндегі «Мүгедектер құқықтары туралы Декларация» [4].
1. «Мүгедек» ұғымы туа біткеннен немесе басқалай пайда болған тұлғаның физикалық немесе ақыл-ой кемтарлығының себебінен өздігінен толықтай немесе жартылай қалыпты жеке және/немесе әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға мағынасын білдіреді.