special-edu.kz осы Конвенцияның 2-бабының ережесінде көзделген жағдайлардан басқа, қандай да бір адам немесе адамдар тобы үшін жеке білім беру жүйелерін немесе оқу орындарын құру немесе сақтау; немесе
қандай да бір адам немесе адамдар тобы тап болатын, адамның қадір-қасиетімен үйлеспейтін жағдай білім беру саласындағы қарым-қатынас теңдігін жою немесе бұзу болып табылады.
Осы Конвенциядағы «білім беру» сөзі білім берудің барлық түрлері мен сатыларына қатысты және білім алуға қолжетімділікті, оқыту деңгейі мен сапасын, сондай -ақ ол жүргізілетін жағдайларды қамтиды.
бап
special-edu.kz Мынадай ережелер, егер олар жекелеген мемлекеттерде:
а) әр түрлі жыныстағы оқушылар үшін жеке білім беру жүйелерін немесе оқу орындарын, бұл жүйелер немесе оқу орындары білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз еткен, олардың оқытушылар құрамының біліктілігі бірдей болған, оларда тең сапалы үй -жайлар мен жабдықтар болған және бірдей бағдарламалар бойынша оқудан өтуге мүмкіндік берген жағдайларда құруға немесе сақтауға;
special-edu.kz діни немесе тілдік сипаттағы себептер бойынша жеке білім беру жүйелерін немесе оқушылардың ата-аналарының немесе заңды қорғаншыларының таңдауына сай білім беретін оқу орындарын, бұл жүйелерге қосылу немесе осы оқу орындарына түсу ерікті болып табылған жағдайларда және егер олар беретін білім құзыретті білім беру органдары ұйғарған немесе бекіткен, атап айтқанда, нақ сол бір сатыдағы білім беруге қатысты нормаларға сәйкес келсе, құру немесе сақтауға;
жеке меншік оқу орындарын, олардың мақсаты қандай да бір топты шеттету емес, олардың қызметі шын мәнінде жоғарыда көрсетілген мақсатқа жауап берген және олар беретін білім құзыретті білім беру органдары ұйғарған немесе бекіткен, атап айтқанда, нақ сол бір сатыдағы білім беруге қатысты нормаларға сәйкес келген кезде, мемлекет ұсынатын