Және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық Ғылыми-практикалық



бет9/65
Дата07.10.2024
өлшемі14,68 Mb.
#147026
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
6. АТА-АНАЛАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ

special-edu.kz
білім беру мүмкіндіктерін толықтыру ғана болып табылатын жағдайларда, құруға немесе сақтауға жол берсе, осы Конвенцияның 1-бабы тұрғысынан кемсітушілік ретінде қарастырылмайды.

4-бап


Осы Конвенцияның тараптары болып табылатын мемлекеттер, бұдан басқа, білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен қарым-қатынастар теңдігін жүзеге асыру үшін ұлттық жағдайлар мен салт-дәстүрлерге сәйкес келетін әдістерді пайдаланатын жалпы мемлекеттік саясатты әзірлеуге, дамытуға және жүргізуге және атап айтқанда:

special-edu.kz
а) бастауыш білім беруді міндетті және тегін етуге; орта білім беруді оның түрлі нысандарында жалпыға бірдей игілік етуге және оның жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге; жоғары білім беруді толық теңдік негізінде және әркімнің қабілеттеріне байланысты барлығына қолжетімді етуге; заңмен көзделген оқу міндеттілігінің сақталуын қамтамасыз етуге;

  1. тең сатыдағы барлық мемлекеттік оқу орындарында бірдей білім беру деңгейі мен оқыту сапасына қатысты тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

  2. бастауыш білім алмаған немесе оны аяқтамаған адамдарды және әркімнің қабілеттеріне сәйкес олардың білім алуды жалғастыруын білім берудің лайықты әдістерімен көтермелеуге және дамытуға;


  1. special-edu.kz
    оқытушы кәсібіне даярлықты кемсітушіліксіз қамтамасыз етуге міндеттенеді [2].

1971 жылғы желтоқсанның 20-ндағы «Ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясы [3].



    1. Ақыл-есі кем тұлғалар максималды деңгейде басқа да адамдар секілді сондай құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    2. Ақыл-есі кем тұлға тиісті түрде медициналық қызметке және ем алуға құқылы, сондай - ақ өз қабілеттері мен бар мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік беретіндей білім алуға, оқуға, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге және қамқорлыққа құқылы.




    3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет