Және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық Ғылыми-практикалық



бет47/65
Дата07.10.2024
өлшемі14,68 Mb.
#147026
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
6. АТА-АНАЛАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ

special-edu.kz
балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедектігі бар балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеудің негізгі қағидаттары енгізілген.

special-edu.kz

special-edu.kz
Конвенция ратификацияланған сәттен бастап Қазақстанда бірқатар жұмыстар жүргізілді деп сенімді түрде айта аламыз. Тіршіліктің негізгі салаларында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық негізді нығайту мақ- сатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға талдау жасалды. 2015 жылғы 3 желтоқсанда 24 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды [22]. Атап айтқанда «кедергісіз» орта құру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды қоса алғанда, жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі көлік туралы заңға өзгерістер енгізілді. Басқа өзгерістер барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам құруға бағытталған. Мәселен, білім беру саласында мемлекет мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар тұлғалар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алуы кезеңінде шығындарды толық немесе ішінара өтейді. Мүгедектігі бар балаға оқу орнының қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша немесе оның отбасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы болған кезде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу түрінде материалдық көмек көрсетіледі, ол жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемнің кемінде 2% мөлшерінде бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квоталары қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет