special-edu.kz Бұдан басқа мүгедектігі бар адамдар үшін еңбек қатынастары саласында ең төменгі кепілдіктер белгіленді, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа тарту мүмкіндігіне шектеулерді көздеу, отбасының науқас мүшелеріне күтім жасауды жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар немесе ауру отбасы мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруды қажет етсе, іссапарға барудан бас тарту құқығы белгіленген.
special-edu.kz 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар жүзеге асуда [23]. Бұл құжаттың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсарту жолында барлық қатысушы тараптардың үйлестірілген іс-қимылының стратегиясы, құрамы және реттілігін анықтау болып табылады.
special-edu.kz Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнаманы түгендеу бойынша жұмыс жалғастырылуда. Нәтижесінде екі үлкен заң қабылданды: 2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»атты Заңда [24] мүгедектігі бар балалары мен ата-аналары бар отбасыларға қатысты түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда мүгедектіктің себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдар үшін жәрдемақы енгізу; 7-16 жас аралығындағы балаларды жәрдемақы мөлшерін қайта қараумен мүгедектік топтары бойынша бөлу; кәмелетке толған кезде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 1-2 топ мүгедектік белгіленген жағдайда тұрғын үйге кезекті сақтау; еңбек жарақатынан не кәсіптік аурудан мүгедектік алған адамдарға қолдау көрсету және басқалар.