special-edu.kz Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының 76 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды[25].
Заңның негізгі қосымшаларына төмендегілер енгізілген:
мүгедектігі бар адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсету құқығы беріледі;
special-edu.kz мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторий-курорттық ұйымда болу құнын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде өтеледі;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу жөніндегі нормативтерді 60 мың бала тұрғыннан 50 мың бала тұрығынға дейін төмендетілді;
«абилитация» ұғымы енгізілді (мүгедектігі бар адамдардың бойында дамымаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені);
special-edu.kz үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде жекеше нотариустардың қызметтеріне ақы төлеуден босатылған адамдар санатына енгізілді;
«электрондық үкімет» веб-порталының компоненттеріне интернет-ресурстарды құру және ақпаратты орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін сақтау талабы енгізілді;
мүгедектікті анықтау бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар кемсітушілік терминологиясын жою мақсатында «мүгедек» ұғымы
«мүгедектігі бар тұлғаға» және «мүгедек бала» ұғымы «мүгедектігі бар балаға» өзгертілді [25].