Және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық Ғылыми-практикалық



бет56/65
Дата07.10.2024
өлшемі14,68 Mb.
#147026
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
6. АТА-АНАЛАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ

special-edu.kz
2023 жылғы ақпан айының 23-нде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде «Жоғары инклюзивті білім беру: кедергілер, үдерістер, мүмкіндіктер» атты республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысып, «Инклюзивті білім берудің заңнамалық негіздері және еліміздегі қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама жасадым. Дөңгелек үстел шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдау және жоғары мектепте инклюзивті білім берудің қолжетімділігі мәселелері бой ынша Жол картасын талқылау барысында өз пікірімді білдірдім.
Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Жайлы мектеп құру бойынша жоба аясында жұмыс жасап, «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар ұсындым.

special-edu.kz
Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі мониторингтік топ басшысының орынбасары ретінде өңірлерге іссапармен шығып, мүмкіндігі шектеулі балалардың медициналық, оңалту, әлеуметтік және білім беру қызметтерін алу құқықтарының сақталу мониторингін жүргізуге ат салыстым.

special-edu.kz
Жыл бойы «Азамат әлеуеті» Жеке Қайырымдылық Қорының Президенті ретінде түрлі санаттағы балалардың ата-аналары, заңды өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғаларға Әдістемелік нұсқауда талқыланған халықаралық құжаттар мен отандық заңнама аясында заңгерлік кеңес беріп, ақпараттық қолдау көрсеттім.


special-edu.kz
Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. 1948 жылғы желтоқсанның 10-нда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы.

  2. 1960 жылғы желтоқсанның 14-нде бекітілген Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы Конвенция.

  3. 1971 жылғы желтоқсанның 20-нда қабылданған Ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларация.

  4. 1975 жылғы желтоқсанның 9-нда бекітілген Мүгедектер құқықтары туралы Декларация.




  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет